Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы


Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
      Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады.Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тәуелдігінде блады. 
       Бала үшін отбасы ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі.
Ұлы педагог Макаренко Отбасындағы тәрбие сапалы түрде ұйымдастырылып, дұрыс әдіспен және жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасайды. Бала дамуының қандай қырын алмайық, қай кезең болмасын, оның тиімді болуында отбасының ролі ерекше.Отбасының әлеуметтік-мәдени жағдайы ата-аналарының білімділік деңгейімен сипатталады.Ата-ана осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешеді: баланың гигиеналық жағдайына, денсаулығына ықпал жасау, дұрыс өсіп жетілуін қалыптастыру;жасы үлкендерді сыйлау, кішіге қамқор болу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру; тұрмыста, үй шаруасында еңбекке араластыру; өзіне-өзі қызмет етуге тәрбиелеу.Халқымыздың «Балаңды 5жасқа дейін патшадай сыйла,бес жастан 15жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзің ақылшы дос сана»деген даналық қағидасының философиялық мәні тереңде жатыр.Яғни, «Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатаң ұста бос жүрмесін сандалып»,-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, тілі шыға бастасымен баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал,тілалғыш етіп баулыған дұрыс деп санаймын. Баланың өзі бастаған істі міндетті түрде оның өзіне аяқтату керек. Бұдан ол қиыншылыққа, төзімді, шыдамды болып өседі. 
       Жалпы, тәрбие бұл терең мағыналы ұғым. Оның басты мақсаты адамның санасын және ойлау жүйесін тәртіпке келтір деген сөз. 
        Енді осы тәрбиеге уақыт бөліне ме? Тәрбие өзіне белгілі бір уақыт бөліп, сол мезетте ғана онымен айналысуды қажетсінбейді. Ол ата-анасының күні бойғы жүріс-тұрысының, мейірім-шапағатының қалай көрсетіліп жатқанының бәрі тәрбие.Ата-ана арасындағы сыйластық, ақ ниеттілік балаға жақсы әсер ететіні сияқты, отбасындағы  дау-жанжал, жалған көріністер, дөрекі, ұят сөздер бала сезіміне дақ салмай кетпейді. Осындай көрініс бала психикасына кері әсер етеді. Ондай балалар өсе келе тез ашуланшақ, ұмытшақ, ызақор болып өседі.Мысалы, телефон шырылдаса, баласын жұмсап, «Мені үйде жоқ дей сал»,-деп балаға өтірік айтқызады. Осылай өтіріктің татқан бала бірте-бірте өзі де өзгелерді алдауға үйренеді.
       Әйгілі педагог Макаренко отбасының спортқа деген ынта ықыласын барынша қолдап, қуаттап отыруға шақырады. Осыған орай,ата-аналардың өздері, әсіресе, жас ата-аналар спортпен шұғылданғаны дұрыс. Осы айтылғандардың бәрі бала тәрбиесі үшін үлкен маңызы бар. Демек, бала нәзік, ал бала тәрбиесі оданда да нәзік. Ол жан-жақты ойлануды, жанашырлықты, ізденімпаздықты қажет етеді. Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді, қала исең солай қарай иіледі.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Құқықтық тәрбие
Рухани-өнегелі тәрбие
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Бала жанұя айнасы
Тәрбие басы отбасы
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2761 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык