Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек


Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек

Сабақ тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек

Ресурстар: "Ана тілі" оқулығы 1 сынып Алматы "Атамұра" баспасы 2012ж
Жалпы мақсаты: Адамдар мен заттарға сұрақ қоя білу, көктемнің алғашқы өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Адамдар мен заттарға қойылатын сұрақтардың ара жігін ажырата біледі, ой-өрісі кеңейеді.
Тапсырмалар: Эдвард де Бононың"Алты қалпақ" негізіндегі тапсырмалар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, әңгімелесу
Жүру барысы:
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
1. Психологиялық дайындық Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
2.Балаларға кім? не? сұрақтарына жауап беретін суреттер таратылады. Суретті атайды, сол сөздерге сұрақ қояды.Досына суретті сыйлайды.Суреттерді сәйкестендіреді, жұбын тауып, бірге отырады.(Мыс: машина мен жүргізушінің суреттерін сәйкестендіреді) 
3. Үй жұмысын сұрау
І оқушы бастап, келесі оқушы жалғастыру арқылы ертегі мазмұнын баяндау.
4. "Ақ қалпақ" тапсырмасы
-Қолдарыңдағы суреттерді неге сәйкес келеді деп болжадыңдар? Қолдарындағы суреттер атын пайдалана отырып өз ойларын дәлелдейді. (Мыс: Машинаны жүргізуші жүргізеді деп сөйлем құрайды.Заттың атын білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.)
5."Ой толғау" Сары қалпақ тапсымасы:
 - Бұл жерде қандай ереже шығаруға болады? Кім? кімдер? деген сұрақ адамға қойылады, ал заттарға не? нелер? деген сұрақ қойылады деп қорытады.
6. "Қара қалпақ" тапсырмасы 91-жаттығуды өз беттерінше орындайды,зат атын білдіретін сөздерді табады, сұрағын қояды.
7.Сергіту сәті "Қызыл қалпақ" тапсырмасы -Бүгінгі отырысың ұнады ма? Не үйрендің? Досыңа көмек бере білдің бе? деген сұрақтарға жауап бере отырып бір-біріне жауқазын мен бәйшешек гүлін сыйлайды.
8. "Жасыл қалпақ" тапсырмасы Оқулықтағы "Жауқазын", "Бәйшешек" өлеңдерін оқу.Ортақ қасиеті мен айырмашылығын постерге жазу.
9. "Көк қалпақ" тапсырмасымен сабақты қорыту. Шығармашылық жұмыс: Тірек сөздер арқылы шағын шығарма жазу. Тірек сөздер:Көктем, бәйшешек, жауқазын, мәз боламыз, қараторғай, қырға шығар, кепкен жоқ, көбейе бер.
 
10. Бағалау критериі: "5"алу үшін шығарма жазасың кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, астын сызасың,сұрағын қоясың, ережесін жатқа айтасың.2 тапсырма орындасаң "4",1 тапсырма орындасаң "3" аласың.  
11. Үйге тапсырма Өлең мен ережені жаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қос сөздер
Қастек Баянбаев. "Араша"
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3555 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык