Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анықтауыш


Анықтауыш

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш

Сабақтың мақсаты: а) білімдік —  анықтауыш  туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; 
                                        ә) дамытушылық — түрлі : әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу; 
                                       б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:                                    аралас сабақ 
Сабақтың әдісі:                                сұрақ-жауап,тіл дамыту,  шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс:                 әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
                                а)    Ұйымдастыру кезеңі:  
               Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
                      Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б)     Жаңа сабақты түсіндіру.
  Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.Оның әні – «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.
Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.
  Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)
Анықтауыштар құрылысына қарай Мысалдар
Дара Құстар шыршалы орманды жақсы көреді
Күрделі Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.
Үйірлі Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.
Талабы бар жігіт жерде қалмайды.
 
Анықтауыш болатын сөз таптары Мысалдар
Сын есімдер Қысқа жіп – күрмеуге келмес.
Зат есімдер Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.
Сан есімдер Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.
Есімдіктер
Есімше Осы жылқы – жүйрік.
Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.
Ілік септікте тұрған есім сөздер Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал майқарағайдың діңі жып-жылтыр.
 
Жаттығумен жұмыс:     49-жаттығу.    Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қойыңдар.
 Шығармашылық  жұмыс: «Адамның жақсы,жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.
Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.  
Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. 
Үйге тапсырма:50-жаттығу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Анықтауыш
Анықтауыш
Сөздердің байланысу тәсілдері
Анықтауыш
Сұраулы сөйлем
Сөйлем мүшелері
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Толықтауыш
Бастауыш
Пысықтауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7345 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык