Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұтынушылық несие, сақтандыру


Тұтынушылық несие, сақтандыру

Сабақтың тақырыбы: Тұтынушылық несие, сақтандыру

Мақсаты: 
Білімділік: тұтынушылық несие, процент, сақтандыру сияқты тұтынушының іс - әрекеттеріне сипаттама беру;
Дамытушылық: «процент дегеніміз не?», «кредитті алу жолдары қандай?», «сақтандыру не үшін қажет?» деген сұрақтарды қоя отырып, оқушының логикалық дамытушылық қабілетін дамыту. Әрбір оқушының ой - өрісінің терең дамуына ықпал ету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа, іскерлікке, ізденушілікке үйрету.Тұтынушының экономикадағы орны, құқын білуге бағыттау.
Типі: Жаңа білімді игеру
Түрі: Аралас.
Әдісі: Сұрақ – жауап, топтық, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Сызбалар, қанатты сөздер, карточкілер
Техникалық құралдар: компьютер, проектор, белсенді тақта.
Сабақтың құрылымы;
1) Ұйымдастыру бөлімі.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа тақырыппен жұмыс (Алтын қақпа» ойыны)
4) Жаңа тақырыпты бекіту.
5) Үйге тапсырма.
6) Бағалау.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру, оқушыларды түгендеу. 
Миға шабуыл 
1) Шашыңызды қыйдырып, дүкеннен тамақ алып көрдіңіз бе?
2) Мектепке автобуспен бардыңыз ба?
3) Аяқ киіміңізді жөндеуге бердіңіз бе?(Егер іс - әрекеттерді істесеңіздер тұтынушы ролін атқарасыз)
4) Тұтынушы деген кім?
ІІ. Білім тексеру:
І «Алтын қақпа» ойыны (белсенді тақтаның көмегімен ашылып, жабылу арқылы)
1) Бартер дегеніміз не?
2) Тауар дегеніміз не?
3) Ақша дегеніміз не?
4) Эквивалент дегеніміз не?
5) Сауда дегеніміз не?
6) Тұтыну дегеніміз не?
7) Тұтыну түрлері қандай?
8) Өмірлік қажеттілік дегеніміз не?
9) Күнкөріс шамасы дегеніміз не?
10) Тұтынушы дегеніміз кім?
ІІ. «Шыңға шығу»
«Сөзді біл»
Есепті шеш, кестеден әріптің орнын тап. Сөзді оқып, түсіндір.
АЙЫРБАС
СҰРАНЫМ 
Біздің бүгінгі жаңа бағамыз. /Тақтаға: кредит, процент, сақтандыру/
 
Тұтынушылық несие, сақтандыру
 Жоспар:
 І топ тапсырмасы.                                         1. Кредит дегеніміз не? Оны алу жолдары
ІІ топ тапсырмасы.                                       2. Процент дегеніміз не?
ІІІ топ тапсырмасы                                       3. Сақтандыру, қауіпсіздендіру жолдары,түрлері
І-ІІ қорытынды.
 
Тұтынушы мүмкіндігінің шектеулілігі оны қолында бар қаражатын ойланып, үнемдеп ұстауға мәжбүр етеді. Үнемделген қаражаттан жинақ жасайды. Тіпті бала да ақша жинау үшін жинақ сандықшасын ұстайды. Үлкендер өз ақшасын банктегі өз шот есептерінде сақтайды. Адамдар процент түрінде табыс табу үшін банкте шот есептерін ашады. (Теледидардағы жарнамаларды еске түсіріңдер). Банктер оларға салымдары бойынша процент төлейді.
Жинақталған қаражат келешекте тұтынуға бөлінген қаражат деп аталады.Қаржының осы түрде жинақталғаны үлкен сауда жасауға (жихаз, машина және т.б.) немесе табысты іске (бизнеске, акциялар сатып алуға) жұмсау үшін қажет.
Егер адам қажетті тауарды (жихаз, машина, үй) сатып алу үшін ақша жинақтай алмаса немесе оның жинақталғанын күткісі келмесе, онда ол банктен кредит ала алады немесе тауарды фирмада, дүкенде қарызға ала алады.
Кредит – қайтару және пайдаланғаны үшін төлем шартымен нақты мерзімге банк қарызға берілетін белгілі бір ақша сомасы.
Кредитті алып, тұтынушы қажетті тауарын сатып алады, ал кредит сомасын, яғни несие сомасын және бұл кредитті пайдаланғаны үшін төлейтін процентті қарызды қайтару үшін белгіленген уақыт ішінде (белгілінгін мерзімде) бөліп – бөліп қайтарады. Яғни алғанынан көп қайтару керек.
Процент – басқалардың ақшасын пайдаланғаны үшін ақы.
ІІІ корытынды.
 
Адамдардың қаржы мәселесін тек кредит қана шешпейді, күтпеген жағдайларда (ұрлық, өрт, бақытсыз жағдай, ауру) бұл проблеманы шешудің тағы бір ыңғайлы жолы бар, бұл – сақтандыру немесе қауіпсіздендіру.
Сақтандырудың басты мақсаты –күтпеген жағдайлардың нәтижесінде туындайтын шығындардан қорғау.
Сақтандырудың әр түрлі түрі бар: өміріді сақтандыру, мүлікті сақтандыру, медициналық сақтандыру, төлей алу мүмкіндігін сақтандыру және басқалар.
ІІІ Сабақты бекіту.
 І. Көрініс көрсету:             
 І топ Кредитке байланысты көрініс
 1 оқушы: «Қандай әдемі естіледі! Рок концертте бірінші қатарда отырғандай сезінесің! Бірақ бұл өте көп ақша тұратын болар. Ақшаны қайдан алдың?»
 2 оқушы: « Мен мектептен кейін жұмыс істеп ақша таптым және банкте маған кредиттік есеп ашты. Тек, енді мен ай сайын келісілген соманы төлеп тұруым керек».
1 оқушы: «Ал қазіргі уақытта плеер сенікі ме?»
2 оқушы: «Әрине»
 
 
 
 
 
 
 
ІІ топ: Процент негізінде несие алу.
1.Амандасу.
1. Мен сіздің банкте шотесеп ашқым келіп отыр. Мен 100 доллар салғым келеді, 5 пайыздық несие процентімен, 1 жыл уақытқа.
- 1 жылдан кейін мен қанша ақша аламын?
Банк қызметкері: - Сіз 1 жылдан кейін 105 доллор аласыз, яғни процент ретінде 1 жылдан 5 доллор аласыз.
Оқушы: - қызметінізге рахмет.
ІІІ топ: Сақтандыру
1 оқушы: « Менің құрбымның кеше жаңа велосипедің ұрлап кеттті. Оны ол 200 доллорға сатып алып еді» 
2 оқушы: Әттеген – ай! 200 доллор – көп ақша ғой».
1 оқушы «Иә, бірақ оның жолы болды, ол сақтандырылған болатын. Сондықтан да, құрбым жаңа модельді велосипед іздеп жүр.
Тұтынушының құқы туралы айтылады.
ІІ. «Рөлдік ойын»
Әр түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешу.( топтар бір – бірінен қателерді тауып, айтуға болады)
1 топ.
- Дүкеннен тамақ сатып алу.Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңдер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дүкеннен сүт сатып алыңыз)
2 топ.
- Дәріханадан дәрі сатып алу. Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңіздер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дәріханадан дәрі сатып алыңыз, қате жіберіңіз)
3 топ.
- Теледидар сатып алу. Сатушы да сатып алушы да жіберетін қателерді көрсетіңіздер, «Сатушы – сатып алушы» көрінісін көрсетіп (дүкеннен теледидар сатып алыңыз, қате діберіңіз)
ІІІ. «Қарлы кесек»
Шарты: әрбір топ өздері дайындаған сұрақтарды бір – біріне кояды.
2, «Тауарлар қалай сатылады?»
Келесі сауда орындарында тауарларды сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктерін айт.
1 топ. Өз - өзіне қызмет көрсететін дүкендердің (супермаркет) артықшылықтары мен кемшіліктері
2 топ. Дәстүрлі қызмет көрсететін дүкендердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? (жай дүкен)
3 топ. Базарда тауар сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
ІІІ. «Қарызға өмір»
1. Қарыз беріп, бірақ екінші жақтың қарызды қайтаратынына күмәндаңған адам не істеуі керек деп ойлайсың?
2. Қалай ойлайсың бір – біріне аз көлемде қарызға ақша алып тұратын достардың арасында кепілдік деген түсінік болама?
3. Тұтынушылық несиенің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Н.Ә. Назарбаевтіың сөзімен сабақты қорытындылау.
IV. Үй тапсырмасы.
1) 5.2 стұтынушылар және олардың мінез – құлықтары.
2) 57 – беттегі 7 – сұраққа жазбаша жауап.
3) осы тақырып қа сөзжұмбақ құру.
V. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Міндеттеменің жекелеген түрлері"
Ақылмен таңдау
Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу
Экономикадағы тұтынушы
Банк жүйесі
Сен-тұтынушысың
Несие және оның түрлері
НАРЫҚ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Нотариус – бізде қонақта
Не сатылады және не сатып алынады?
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3464 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык