Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзін-өзі жетілдіру жолдарым


Өзін-өзі жетілдіру жолдарым

Өзін-өзі жетілдіру жолдарым

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты
Білімдік бар биік шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын жаты
Бар ғалым барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін
С.Мұқанов
«Мұғалім өзінің білімділігімен жүріс тұрысымен жайдары мінезімен тіпті сырт пішінімен киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» деп М.Ғабдулин айтқандай, осы мамандықты таңдауыма өзімнің мұғалімімнің ықпалы әсер етсе керек. Мен 1999 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы оқуды бітірдім. Ұстаз болып жұмыс істегеніме 9 жыл. 
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» дейді К.Д.Ушинский. Білімімді жетілдіру үстіндемін. 
2008-2009 оқу жылында ІІ санатқа ие болдым. 2010 жылдың 22 ақпан - 5 наурыз аралығында Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқытуда педагогикалық технологиялардың тиімділігі» атты курстан өттім. Қалалық, облыстық семинарларға қатысып жүремін. 
«Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек» дейді Короленко.  
Менің алдыма қойған мақсатым – оқушылардың тіл байлығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту. Осы мақсатқа жету үшін ізденудемін. Әр түрлі газет-журналдарға жазылып отырамын. 1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2. «Қазақ әдебиеті» газеті. 3. «Ана тілі» газеті. 4. «Сыныптан тыс шаралар» журналы 5. «Ұстаз» газеті. 
Бұл аты аталған басылымдардан басқа әдістемелік кітаптар, көркем әдебиеттер оқимын. 
«Кітап оқу – үйренудің ең жақсы түрі» деген А.С.Пушкин. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Құзіреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік интегралдық сипаттама ретінде төмендегі функцияларын жүзеге асыра білуімен анықталады. Олар: болжау, ұйымдастыру, дағдылау, реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін арттыру, зерттеу. 
Өз білімімді жетілдіру мақсатында сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын оқимын қолданамын. Бұл стартегияның тиімділігі – оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізуге мол әсері бар. 
Сабақ құрылымы 3 кезең бойынша жүзеге асырылады. 1. Қызығушылығын ояту. 2. Мағынаны ашу. 3. Толғаныс. Осы 3 кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсендікке ынталандыруға болады. 
Осы бойынша 1 сабағымнан үзінді келтіріп кетсем

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Мамандығым – мақтанышым
Оқушылардың мәнерлеп оқуын жетілдіру
Өз білімін жетілдіру жоспары
Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2244 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык