Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ


МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ

МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ

Жүргізуші:       Армысыздар!құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
 ( Музыка ойналады)
Жүргізуші:  Бүгін қандай шаттық толы көшеде,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құттыболсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын 
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде,
Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.
 (ҚР Мемлекеттік Гимні  ойналады.)
Жүргізуші:       Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя  мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
Мектебімнің ыстығына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысына беріледі.
Жүргізуші:       Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық, қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:       Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсыс сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
Құрметті қонағымыз -----(аудандық әкімшілік өкіліне)-беріледі
Жүргізуші:       Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаз--------------------  беріледі.
 Ән:  Мектеп бітірушілер әні
Жүргізуші:        Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
 11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
 Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
 Аттестат деген – азаматтық куәсі,
 Аттестат деген – өмірге берген жолдама.
Дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойыалған біліміңнің белгісі ,Аттестат алу кезеңі келгендей.
 Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директорына  тапсырылады.
 (Салтанатты түрде аттестат  тапсыру)
Жүргізуші:       Құттықтау үшін сөз ата-аналарға беріледі.
      Ән:                  «Ұстазым»                                                                                                                                             
Жүргізуші:       Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,Оқуларға түсіңіз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері! «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.
СОҢЫ
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік мекеме мерекесіне арналған сазды бағдарламасы
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012.
«Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау»
«Сыңғырла, күміс қоңырау!»
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
«Озаттар слеті – 2010 жыл»
«Армысың, алтын ұя мектебім!»
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9444 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык