Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау


Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есімдерге жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сын есімнің дара және күрделі болып
                  бөлінетінін, күрделі сын есімдер екі-үш сөзден тұрып,   
                  құрамындағы сөздерден бөлек жазылатынын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану    
                               арқылы  теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін 
                               дамыту.
Тәрбиелік: Әрбір оқушыға «жеке тұлға» деп қарап, оларды  
                   адамгершілікке, елін, жерін, табиғатын қорғай білуге  
                   тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ізденушілік, топтау, 
                                             талдау, ой қорытындысын жасау.
Сабақтың көрнекілігі: «Ғажайып қоржын», суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру;
ә) психологиялық дайындық.
- Армысыз, нұрлы күн!
- Армысыздар, апайлар!
- Армысыздар, достарым!
Ал енді жылы лебіздерімізді білдіреміз.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Аналарымыз аман болсын!
- Ауылымыз көркейсін!
- Әкелеріміз аман болсын!
- Достығымыз күшейсін!
- Сабағымыз сәтті болсын!
 
Мұғалім: балалар, бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Біз ойнай отырып, оқимыз, үйренеміз. Сабақ «бақытты сәт» деп аталады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
А) 450-жаттығу.
Ой қозғау.
- Сын есім қай сөз табымен тікелей байланыста болды?
- Зат есіммен.
1 – сәт. Олай болса, «Тақия тастамақ» ойыны арқылы «сен маған, мен саған» ойынын ойнаймыз.
  Бірінші оқушы зат есім айтады, екінші оқушы соның сынын айтады.
2 – сәт. Оқулықпен жұмыс.
451-жаттығу. Ауызша орындалады.
Мәтінді оқу. Сын есімдерді тауып, олардың мағынасын түсіндіру. Олардың дара, күрделі сын есім екенін ажыратып айту.
3 – сәт. «Сиқырлы фигуралар».
Әріптерді дұрыс орналастырып, сын есім құра.
 
4 – сәт. 452-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сын есімдердің астын сыз.
1. Бөлмеге ақ шашты әже кірді. 2. Бізді ұзын бойлы адам қарсы алды. 3. Оның әкесі жылы жүзді кісі екен. 4. Әселге алтын баулы сағат сыйладық.
6 – сәт. 454-жаттығу.
Өлеңді жатқа жаз. Күрделі сын есімнің астын сыз.
Ала таңнан тұрып ап,
Құба жолға барамын.
Ақ боз атқа мініп ап,
Жұлдыздайын ағамын.
7 – сәт.   «Ғажайып қоржын».
Мұғалім: - Біз қайда өмір сүріп жатырмыз?
Оқушылар: - жер бетінде.
Мұғалім: - жер қандай?
Оқушылар: - ол шексіз, үлкен, дөңгелек, дөңес болуы мүмкін.
Мұғалім: - жер бетінде кімдер, нелер өмір сүреді?
Оқушылар: - адамдар, жануарлар, өсімдіктер т.б.
  Олай болса, «Ғажайып қоржыннан» өздеріңе ұнаған қалтасынан суреттер алып мына жазбалар бойынша топталып тұрасыңдар және суреттеріңе қарап қандай ? сұрағына жауап бересіңдер.
 
 
 
Сүтті                   қайырымды          жыртқыш            әсем
Қара                    мейірімді              сақ                        көркем
Семіз                  кішіпейіл              айлакер                жасыл
Шабан                қайсар                   қорқақ                 керемет
Жүйрік              өжет                       жүгіргіш             тамаша
Мұғалім: Сонымен бұдан біздер қандай қорытынды шығарамыз?
Оқушылар: Заттың түрін түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
 
8 – сәт.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 453-жаттығу. Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса.
Ақ сары, қоңыр ала, ақ боз, торы ала.
455-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сын есімдерді тап, олардың дара күрделі екенін айт.
Қосымша тапсырма.
Мына берілген әріптерден басталатын сын есімдерді жаз.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Дара және күрделі сын есім.
Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер
Сын есім
Сын есім
Сан есім
Сын есім
Сан есім (қайталау)
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сан есім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6359 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык