Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 9423 |
|
|
|
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті. Жалпы білім беретін орта мектептің 11-сыныбына арналған.
Бағдарламада сонау сақтар мен ғұндар заманынан бастау алатын бай әдебиетімізді жас ұрпаққа таныту,әр баланың туған әдебиетіміздің тереңіне жүзіп, тұнығын сіміріп өсу,балғын жастың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімін ұялату мақсаты көзделген.Елі үшін мақтанатын баланың рухы жоғары болмақ.Ұсынылып отырған бағдарлама осыған қызмет етуді мақсат тұтқан.
Бағдарлама халқымыздың бай мұрасын жас жеткінге жеткізем дейтін әр ұстазға көмек ретінде ұсынылады..
Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Светаның «Ежелгі дәуір әдебиеті» қолданбалы курсының бағдарламасына
Пікір
Өткенді білмей,келешек жоқ
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін оқытуда біршама қиындықтар туындап жүргені анық. Біріншіден, ежелгі дәуір әдебиетін меңгеруде әдебиеттік түсініктер мен тарихи сананың қызметін қатар пайдалану керек болады.Екіншіден,ежелгі дәуір әдебиетін тарихи ұғым түсініктермен,тарих пәні бойынша алуға тиісті біліммен интеграциялап оқытуды қажет етеді.Сол кезеңдердегі тарихи-әлеуметтік жағдай,дәстүр,өмір,қоғамдық сана сияқты мәселелерге табан тіреп барып қана әдеби өрімдер өріп шығаруға болады.Үшіншіден,бүкіл ежелгі дәуір әдебиетіне тән дүниелерді толық оқыта отырып, оның мән-маңызын аңғартқан жөн.
Осы сияқты талаптарды ұстанған кезде ежелгі дәуір әдебиетін оқытуда мектеп бағдарламасында бөлінген сағаттардың терең мұхиттан маржан тергендей аздық етері сөзсіз.Осы орайда ұстаз ұсынған бағдарламаның ұстаздар қауымына тигізер көмегі ұшан- теңіз Пікір иесі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қалдаяқова Ақбөпе
Түсінік хат.
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті «Қазақ әдебиеті» оқу пәні (А.РОНД,2002) стандартының 7.2 пунктіндегі «Мектептің жоғары сатысының қоғамдық-гуманитарлық»бағдарындағы білім мазмұны негізінде жасалған.
Бүгінгі таңда, біздің Х-ХІХ ғасырлар аралығында, Ұлы далада туып-өскен, дүниежүзілік өркениетке үлкен үлес қосқанымен, тарих қойнауларында қалып қойып, аты-жөні соңғы кезге дейін белгісіз болып келген ұлы тарихи қаһармандарымыз бен зиялыларымыздың мәңгі өлмес рухани құндылықтарымен танысуымызға мүмкіндік туып отыр.
Халқымыздың ұзақ жылғы тарихында ұтқанынан ұтылғаны,тапқанынан жоғалтқаны көп. Енді соны игеретін, ұрпағымен табыстыратын кез келген сияқты. Егеменді ел болғаннан кейін,еліміздің тарихына,әдебиетіне, мәдениетіне қайта үңілер сәт туды.Бұрын жасқана атап жүрген рухани өкілдер,бүгінде біздің мәдениетіміздің нағыз қайнар бастаулары болғаны белгілі.Ендігі жерде ұрпағымызға өткенді жаңғыртып,ғасырлар қойнауларында жатқан көненің көзін,асыл сөзін аршып алар кез келді.
Сондықтан қазақ халқының ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндардан бастап,төл әдебиетімізге дейінгі аралықтағы әлемдік асыл мұраларды таныту мақсатында 11-сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған қолданбалы курстың бағдарламасын «Ежелгі дәуір әдебиеті» деп алғанды жөн көрдім.
Бағдарлама «Ежелгі дәуір әдебиеті» курсының қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған,атап айтқанда,ол оқушының әдеби оқырмандық мәдениетін жетілдіруді,ежелгі дәуір әдебиетінің туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде елжандылықпен меңгере алуын,алған білімдерін әлемнің ғылыми бейнесін түсіне білуде әлеуметтік мәні бар мәселелер мен әр түрлі жағдаяттарда пайдалана алуын,оқушының шығармашылық дамуын,әлеуметтенуін және қазақ халқының әдеби мұралары арқылы шәкірт бойына адамгершілік, ізгілік,әсемдік,Отансүйгіштік және іскерлік қасиеттерді қалыптастыруды көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы.
2. Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау.
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
«Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы» бөлімінде курста оқылатын оқу материалдарының тізімі мен көлемі ұсынылады.Олар мынадай бөлімдерден тұрады.
1.Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар,аңыз-жырлар
2.Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.ғ)
3.Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ)
4.Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.ғ)
5.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV ғ.ғ)
Бұл құрылым «Ежелгі әдебиет» деп аталатын қазақ әдебиетінің түпкі төркінін танытатын дәуірдің белгілі мұраларымен оқушыларды кең көлемде таныстыруға мүмкіндік береді.
«Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау» бөлімінде бағдарлы курс материалдарының тізбесі мен олардың қысқа сипаттамалары,белгіленген оқу уақыты берілген.
«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде берілген стандарттың деңгейіндегі бағдарлы пәнді меңгеруіне және оқытудың бағдарішілік мамандануына,оқушының жеке білім траекториясын құруына көмектеседі.
Ұсынылып отырған бағдарламаның білім мазмұнына қазақ халқының ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндардың қаһармандық дастандарынан бастап, қазақтың өзіндік төл әдебиеті қалыптасқанға дейінгі әдеби мұралар тұтас қамтылған. Атап айтқанда,бағдарламада біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ қазақ елінде,жерінде мәдениет белгілерінің болғандығын,рухани мұралардың жасалғандығына және сол әдеби мұра,жазу өнерінің қазіргі түркі тектес халықтарға ортақ екендігіне ,дәлірек айтқанда , «Ежелгі әдебиет»(VІІ- ХІV ғ.ғ) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер мен шығармаларды танытуға баса көңіл бөлінді.
Курстың мақсаты:
1 .Оқушылардың бейіндік білім алуын жүзеге асыру;
2.Оқушының болашақ кәсіби іс-әрекетін саналы және жауапты түрде таңдай білуіне жағдай туғызу;
3. Дүниежүзіндегі адамзаттық қауымдастықтың қомақты аумағын құрап,өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы боп табылатын бұл шығармалар-ұлтымыздың айнымас куәсі,тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;
4 .Оқушыларға қазақ халқының ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндардан бастап,төл әдебиетімізге дейінгі аралықтағы әлемдік әдеби асыл мұраларды таныту;;
5 .Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып,оларға азаматтық,адамгершілік елжандылық,көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;
6.Оқушыларды халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім,білік дағдыларымен қаруландыру.
7.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;
8.Оқушыларды орта және жоғары оқу орнына дайындау.
Міндеттері:
1.Дара тұлғаның еркін,үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;
2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;
3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
4.Ежелгі дәуір әдебиетінің шығармалары арқылы оқушыларға ұлттық
құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;
5.Оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде,күнделікті өмірде, қандай да бір теориялық әрі практикалық жаңалықтарды шешуде қолдана алу қабілеттілігін дамыту.
Оқу материалдарының мазмұны мен құрылымы
Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар,аңыз-жырлар:Алып-Ер Түңға(б.з.б.VII-II),Тұмар патшайым(б.з.б.VІ ғасырға дейін .),Ширақ батыр( б. З. б.VI ғ.),Сақ патшасы-Зарина сұлу(б.з.б.Vғ.),Мөде батыр( б.з.б.209-174ж.ж.).
Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет(V-VIIIғ.ғ.)
Көкбөрі туралы екі аңыз,Орхон ескерткіштері.
Оғыз дәуіріндегі әдебиет(ІХ-Х ғ.ғ.)
Қорқыт ата(VI-VIII ғ.ғ.), «Өлім мен өмір»тақырыбы, Алып Бамсы,Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр,Салор Қазан Ордасының шабылуы туралы жыр, «Оғыз қаған жыры», Оғыз мифтері және Авеста.
Ислам дәуіріндегі әдебиет( Х-ХІІІ ғ.ғ.)
Сыр бойы әдебиет. Әл-Фараби.Ахмет Йасауи «Хикметтер»,Ахмет Йасауидің пәлсафалық ойлары, Ахмет Жүйнеки(ХІІ-ХІІІ).
Қарахан әдебиеті. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» дастаны, «Жаз» өлеңі,Махмұд Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі».
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет(ХІІІ-ХІV ғ.ғ)
«Рабғузи қиссалары», Рабғузи әңгімелерінде көрінетін адамгершілік идеясы, «Жүсіп-Злиха» дастаны, «Жұмжұма»,Хорезми «Махаббатнама»,Құтб аудармасы «Хұсрау уа Шырын».
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |