Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5390 |
|
|
|
Аңдар Етістіктер
Тақырыбы: Аңдар
Грамматикалық тақырыбы: Етістіктер.Тест.
Мақсаты: а) Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлем құрау, әңгімелей
алу дағдыларын жетілдіру.
ә) Оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілігін,
қызығүшылығын арттыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:Тақырыпқа сай суреттер,кесте, карточка, жұмбақ
Барысы.
ІҰйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Ана тілім арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді құрметте.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
108-109 бет. Оқу, мәтіннің мазмұның айту. Батаны жаттау.
3-жат. жазбаша. «Ауылда» тақырыбына әңгіме құр.
1Қойдың пірін не дейміз? (Шопаната)
2Түйенің пірін не дейміз? (Ойсылқара)
3 Жылқының пірін не дейміз? (Қамбарата)
4 Сиырдың пірін не дейміз? (Зеңгібаба)
5 Ешкінің пірін не дейміз? (Шекшеката)
ІІІ Жаңа сабақ
А) Сұрақ-жауап әдісі
1 Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
2 Аңдар қалай өмір сүреді?
3 Оларды неге жабайы аңдар дейді?
1 Бұл сөздерге қандай сұрақ қоямыз? Қай сөз табы? (Зат есім)
2 Аңдар не істейді?( жүгіреді, аулайды, жейді, қашады, секіреді, тістейді,..)
3 Бұл қай сөз табы? (етістік)
4 Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
5 Нені білдіреді?
Ереже құрастыру. Дәптерлеріне жазу.
Етістік- заттың қимылың, іс-әрекетін, жай-күйін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не істейді? не істемек? не қылды? не қылады? т.б. сұрақтарға жауап береді.
ІҮ Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Ү Сөздік жұмысы.
а) оқу
ә) талдау
б) жаңа сөздермен ауызша сөйлем құру.
Сарышұнақ-суслик
Асырайды-кормят
Жабайы-дикие
Ешкім бақпайды-никто не заботится
ҮІ Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді оқы «Аңдар»
а) Тізбектесіп оқу, аудару.
ә) сұрақтарға жауап беру.
ҮІІЖазбаша жұмыс.
3-жат. Сөз тіркестерін қазақшаға аудар.
Үй жануарлары, аңдар, кең дала, ну орман, қу түлкі, шапшаң сарышұнақ, қорқақ қоян, үлкен арыстан.
ҮІІІ Көрнекілікпен жұмыс.( Тіл дамыту әдісі)
«Хайуанаттар бағы» суретін тақтаға ілу. Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы сөйлемдер құру.
ІХ Жұмбақ шешу.
1Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
2 Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Х Өздік жұмыс.
Септеу
І қатар ІІ қатар
Түлкі қоян
ХІ Кестемен жұмыс.
Аңдардың атауы Немен қоректенеді Қайда мекендейді
қоян Шөп, көкөніс Далада,орманда
аю Шөп, балық, жидек, ет орманда
қасқыр Ет Тауда, орманда, далада
арыстан Ет Далада, орманда
ХІІ Қорытынды.
Сабақты бекіту, бағалау.
Тест жұмысы.
1Үй жануарларын тап.
А) Сиыр, қой, ешкі, жылқы.
Ә) Жылқы, аю, лақ, қоян.
Б) Бұзау, қозы, түйе, аю.
2 Сиырдың несі бар?
А) лағы
Ә) құлыны.
Б) бұзауы
3 Жабайы аңдарды тап.
А) Аю, түлкі, қой.
Ә) Қоян, ешкі, сиыр, лақ.
Б) Қасқыр, арыстан, жолбарыс, түлкі.
4 Берілген сөйлемге керекті сөзді қой.
Үй жануарлары адамға ... әкеледі.
А) бал
Ә) пайда
Б) зиян
5 Түйе бізге не береді?
А) шұбат
Ә) сүт
Б) қымыз
ХІІІ Үйге.
109-110 бет. Оқу, әңгімелеу. 2-жат. жазбаша.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |