Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Климаты



Климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Африканың климатымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:   

  Материктің дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі  жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде  жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20ºС –тан төмен болмайды. Жаз айларында солтүстік тропикті кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның олрташа температурасы +35ºС, +40ºС-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептеледін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8ºС –тан төмен түспейді.

Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бұл айырмашылық әр жарты шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, шілді, тамыз айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.

Климаттық белдеулер.  Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.

Экваторлық белдеу Конго өзені алабының бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауы алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты қызуына байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады.

Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екі жарты шардың шамамен 20º ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгал суық ағысының әсерінен солтүстікке қарай ығысқан. Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы – жауын-шашын мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады.

Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстік тропиктік климаттық белдеу батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгі мен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен құрғақ, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +40ºС және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +70ºС-қа дейін қызады, керісінше түнде ауа мен жер беті тез суынады.

Субтропиктік белдеулер материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазада тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Солтүстік субтропиктік белдеу Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар?
  2. Оқулық мәтінін пайдаланып, әр климаттық белдеуге тән басты белгілерді ажыратыңдар.
  3. Солтүстік және оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар.
  4. Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулық соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар.

Қорытынды: Қорыта келгенде, Африкада жыл бойы температураның жоғары болуы кофе, какао, құрма және майлы пальма сияқты бағалы тропиктік және цитрустар, шай, мақта тәрізді субтропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Материкте қоңыржай ендіктердің дақылдары да өсіріледі. Ылғал жетіспейтін аудандар қолдан суарылады.

Үйге тапсырма: §46-47 оқу. Кескін картаға Африканың климатын түсіріп келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Еуразия климаты
Ірі өзен жүйелері. Көлдер
Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың климаты
Климаты
Африка материгі. Географиялық орны
Климаты. Өзендері мен көлдері
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6139 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык