Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары


Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
  2. Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
  3. Ғылыми деректерге сүйене отырып өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Жүниежүзінің физикалық картасы, слайд, интерактивті тақта, видео

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Жаңа сабақ
  • Бекіту
  • Үй тапсырмасы
  • Бағалау

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Миға шабуыл
  2. Географиялық аялдама( номенклатура)
  3. Географиялық диктант
  4. Сен мені білесің бе?
  5. Адасқан әріптер

Білгенің бір тоғыз,

Білмегеннің тоқсан тоғыз

Табиғат- сен тіршілік тұнып тұрған,

Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен- көлсің, сен- ормансың, сен- бұлақсың,

Адамға сұлулықты сен ұқтырған.

С.Хангелдин

Миға шабуыл

І топ

  1. Ежелгі біртұтас материк қалай аталады?
  2. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қай материктің құрамында болды?
  3. Оңтүстік жарты шар материктеріне қандай материктерді жатқызамыз?
  4. Оңтүстік Американың жер көлемі қанша?
  5. Тілдік ерекшелігіне қарай Орталық Америка мен Оңтүстік Американы қосып қалай атайды?
  6. Материктегі аса ірі тау жүйесі?

ІІ топ

  1. Материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар ата?
  2. Материктің солтүстігін Атлант мұхитының қай теңізі шайып жатыр?
  3. Материк табиғатына қай мұхиттың әсері күшті?
  4. Материк жағалауларына алғашқылардың бірі болып келген саяхатшы кім?
  5. Х.Колумб Америкаға қанша рет саяхат жасады?
  6. Х.Колумб алғашқы екі саяхатында қай жерлерді ашқан еді?

ІІІ топ

  1. Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы.
  2. Рио-де- Жанейро испанша қандай мағынаны білдіреді?
  3. Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы қай мемлекеттің отарында болды?
  4. Х.Колумб Американың байырғы халқын кімдер деп атады?
  5. Оңтүстік Америка қай жарты шарда жатыр?
  6. Жер шарын айнала жүзген саяхатшы.

Географиялық аялдама – Номенклатура

  • Анд тауы
  • Амазонка өзені
  • Анхель сарқырамасы
  • Титикака көлі
  • Отты жер аралы
  • Аконкагуа шыңы
  • Атакама шөлі
  • Ориноко өзені

Географиялық диктант

  • Оңтүстік Американың жер ауданы аралдармен қосып есептегенде……, үлкендігі жөнінен…… орынды алады.
  • Жер шарындағы ең суы мол және су жинау алабы өте үлкен өзен-………, оның су жинау алабының ауданы…… асады.
  • ……….- картоп, жүгері, қызанақтың отаны.
  • Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге ………. дүние бөлігін құрайды.
  • А.Веспуччи саяхатынан қайтар жолда шығанақ жағалауын Венецияға ұқсатып, оған……….. деген ат берді.
  • Қаңтар өзені” испанша “…………………” деген мағынаны білдіреді.

Сен мені білесің бе?

Сурет –жұмбақ

1- сурет. Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел

2- сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай метрик бейнеленген?

3- сурет. Ормалды әйел бейнесінде қандай ел бейнеленген?

Географиялық сергіту

Ең, ең, ең, ең…

  • Ең суы мол өзен …
  • Ең биік сарқырама…
  • Ең ірі тау көлі…
  • Ең ылғалды әрі ең жасыл материк…
  • Ең ұзын тау…
  • Ең ірі эстуарийлық өзен сағасы
  • Ең биік нүктесі…

Адасқан әріптер

  • о р к д л и ь е р а
  • н д а
  • ь н х е а л
  • а к а т а м а
  • х и р с ф т о р о
  • г о м е а р и в ч е с у п ч и
  • к а з о н а м а

Жаңа сабақ: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Оңтүстік американыңжербедері

Анд тауы

Жазықтар

Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі- Амазонка ойпаты

Ла –Плата жазығы

Ориноко жазықтары Гвиана таулы үстірті

Бразилия таулы үстірті Патогония үстірті

Анд тауына қарай биіктейтін ішкі жазықтарға: Пантанал, Маморе, Гран-Чако жатады.

  • Оңтүстік американың ең күрделі жер бедері- Анд тау жүйесі.

Тау жүйесі бір –бірінен бірде алшақтап, бірде түйісіп, тау түйіндерін құрайтын бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. 

Аконкагуа шыңының биіктігі 6960 м. Тау шыңдары сүйір болып келеді, олардың басын мәңгі қар мен мұздықтар алып жатыр.

Екі литосфералық плитаның түйісу аймағында орналасқан жас қатпарлы тау

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай:

Шығыс бөлігіндегі үстірттер- Темір марганец уран никель алмас алтын боксит

Ойпаттарда- мұнай мен табиғи газ, тас көмір.

Анд тауында- Мыс ,Қалайы ,Қорғасын,Мырыш,Күміс,Асыл тастар

Асыл тастар

Сабақты бекіту:

"Мен не білдім?"

-Сиқырлы ұяшықтар- 8 ұяшықтан тұрады,әрқайсысы 1 сұрақтан тұрады.

-Семантикалық карта

-Топтастыру

Үй тапсырмасы:

Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Кескін картаға пайдалы қазбаларының кен орындарын түсіру.

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Tours you will never forget
“To be’’ етістігінің қолданылуы.
Оңтүстік Америкаға саяхат
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Америка материгі
Семей көшелері
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Оңтүстік Америкаға саяхат
Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3992 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык