Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Функция, оның қасиеттері, графигі


Функция, оның қасиеттері, графигі

Алгебра 10-сынып

Модуль №1-1

Функция, оның қасиеттері, графигі

7 сағат

Бөлімі

Сағ. саны

Сабақтың мазмұны мен жүрісі

Бөлінетін уақыт

Кіріспе бөлім

1-сағат

1.Түрі, мақсаты, міндеттерімен манысу.

2.Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру.

3.Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

4.Қорытынды, үйге тапсырма

5 мин

20 мин

15 мин

5 мин

Сөйлесу бөлімі

2-сағат

1.Тақырыпты меңгерту

«Қарлы-кесек» ойыны

2. Қорытынды, үйге тапсырма

40 мин

 

5 мин

3-сағат

1Электрондық оқулықпен жұмыс

2. «Білім биржасы»  ойыны.

3. Қорытынды,  үйге тапсырма.

20 мин

20 мин

5 мин

4-сағат

1. «Брейн-ринг»  ойыны.

3. Қорытынды, үйге тапсырма.

40 мин

5 мин

5-сағат

 

1. «Қатені тап» ойыны.

2. Шығармашылық жұмыстарын қорғау

3. Қорытынды, үйге тапсырма.

20 мин

20 мин

5 мин

 

Қорытынды бөлім

6-сағат

1. Тест.

2. Бақылау жқмысы

3. Қорытындылау.

15 мин

25 мин

5 мин

Оқушы нені білуі тиіс:

Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешуді;

Иррационал теңдеулерді шешуді;

Сызықтық, квадраттық және бөлшек рационал функцияларды;

Координаталар жүйесіне фукциялардың графиктерін салуды;

Тригонометриялық функциялардың формулаларын.

Оқушы нені үйренуі тиіс:

Фунция ұғымын жіне оның берілу тәсілін;

Функцияныі анықталу облысын табуды;

Фукцияның мәндер жиынын табуды;

Функциялардың графиктерін қарапайым түрлендіруді;

Параллель көшіруді;

Түрлендіруді пайдалана отырып функцияның графиктерін салуды.

Шығармашылық жұмыс тақырыптары:

  1. Функциялардың жаратылыстану ғылымы мен өндірісте қолданылуы.
  2. Жазықтықтағы декарттық координаталар жүйесі.
  3. Функция графиктерін қарапайым түрлендіру.
  4. Функцияның гентикалық түсініктемелері.
  5. Функцияның логикалық түсініктемелрі.

Пайдаланылатын  әдебиеттер:

  1. Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра және анализ бастамалары. 10-сыныбына арналған оқулық.Алматы: «Атамұра» 2011.
  2. Исмайл Акйол. Математика. Шың-кітап, 2006
  3. Т.Н.Бияров, М.М.Молдабеков. Элементар математика есептерінің жинағы.Алматы: «Кітап» 1992.
  4. Е.М.Базаров. Математика.  Алматы: «Астана-кітап»-2013.Н.В.Егоркина. Математика. Көкшетау: «Келешек-2030», 2010

1-сабақ

Кіріспе бөлім

Сабақтың тақырыбы: Функция, оның қасиеттері, графигі

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға фукция ұғымын мектептің математика курсындағы іргелі ұғымы ретінде меңгерту;
  • Фукциялардың графиктерін қарапайым түрлендірудің негізгі төрт түрін меңгерту;
  • Түрлендірулерді у=kf(ax+b)+d (k,a,b,d-нөлге тең емес нақты сандар) фукциясының графигін салу үшін қолдану  біліктері мен даңдыларын қалыптастыру;
  • Берілген фукциялардың графигі мен бастапқы функцияның графигін байланыстыра алатын деңгейге жеткізу.

Негізгі ұғымдар:

Үйге тапсырма: §1, §2, §3-ке шолу жасау.

2-сабақ

«Қарлы кесек» ойыны.

Сабақтың мақсаты Функция, оның қасиеттері, графигі  тақырыбын  меңгерту.

Ойын шарты:

 Құрал-жабдығы:

  1. Бағыттаушы парақтар (қатысушылардың санына қарай), 1-қосымша.
  2. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар, 2-қосымша
  3. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер, 3-қосымша.
  4. Жалпы бағалау парағы (оны тақтаға сызуға да болады), 4-қосымша.

Ойынның жүру барысы:

Қатысушылардың саны 12-ден 25 адамға дейін болуы мүмкін. Егер қатысушылар саны  25-тен кем болса-онда «Д-5» бағыттау парағы және жетоны ойыннан алынып тасталынады; егер 23 болса –«Д-5», «Г-5», , егер 22 болса – «Д-5», «Г-5»,»В-5» және т.с.с. алынып тасталынады.

А әріпі бар бағыттаушы парағын және жетонын ( кеудесіне қадалады) алған оқушылар «А үстелінің»  басына отырады,Б әріпін алғандар «Б үстелінің» басына отырады тағы с.с. Мұғалім бір келелі мәселе көтереді, проблемалы сұрақ қояды немесе қандай да бір тапсырма береді (бәріне ортақ немесе әр топқа жеке-жеке). 5 адамнан тұратын топ 5-7-15 минут шамасында оқулықты және қосымша әдебиетті пайдалана отырып жауап іздейді, оны тезистер түрінде жазып алады. Дайындыққа бөлінген  уақыт аяқталған соң,

1- тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз көзқарастарын айтып үлгеретіндей есеппен белгілейді. (10-15 минут). Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады.  Алдымен жетонды «А» әріпі бар ойыншы, содан соң кезегімен –«Б», «В», «Г» әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір оқушы өзі жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген  деп есептейтін сөйлеушінің нөмірін анықтап, оның нөмірін өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады. 1-тур аяқталғаннан соң, балалар  бағыттау парағына сай орын алмастырады да, ойынның 2- туры басталады.

Барлық тур (3-4-5) біткеннен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім  олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.

Ойынның тапсырмасы:

А тобы: Функция ұғымы және оның берілу тәсілі.

Б тобы: Фнкция графиктерін қарапайым түрлендіру.

В тобы:  Функцияның қасиеттері:16-18 бет.

Г тобы:  Шектелген функция: 19-21 бет.

Қорытынды: бағыттау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: §1-§3 тақырыптарына шолу жасау.  №9,10  есептер


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдер
Дәрежелік функция және оның қасиеттері.
«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша оқу модулі
Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу және модуль таңбасы бар функциялардың графигін салу
"Функциялар және графиктер" қолданбалы курсының авторлық бағдарламасы
Функция тарауын қайталау
Квадраттық функция графиктерін қарапайым түрлендіру.
Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды дифференциялдау
Квадрат функция
Функция графиктерін салу 8 сынып
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 8039 | Қосты: Рахманбердиева Динара Сабденовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык