Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сақтандыру арқылы жасанды жартасқа өз бетімен өрмелеу, перила құру, дюльфер арқылы түсу және төменнен шешу


Сақтандыру арқылы жасанды жартасқа өз бетімен өрмелеу, перила құру, дюльфер арқылы түсу және төменнен шешу

Сақтандыру арқылы жасанды жартасқа өз бетімен өрмелеу, перила құру, дюльфер арқылы түсу және төменнен шешу

Сабақтың тақырыбы: Сақтандыру арқылы жасанды жартасқа өз бетімен өрмелеу, перила құру, дюльфер арқылы түсу және төменнен шешу

Сабақтың мақсаты: 

Білімділіктеориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету, туристік қызметтің белсенділігін арттыру

Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік-спорттық дайындықтырын, икемділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына – қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өндірістік оқыту сабағы

Пәнаралық байланыс: Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы, туристік-спорттық дайындық, дене тәрбиесі.

Оқыту әдісі: Практикалық

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

Акт, топшамалар, туристік сақтандыру системасы, карабин, дюльфер, жумар, каска, қолғап, негізгі және көмекші арқандар.

Өткізілетін орны: ОБЖТжЭО-ң скаладром

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Үйірмеге қатысушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және қол қою

ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)

1.Траверс қандай операциалардан өтуде қолданылады?

2. Тау туризмінде траверстен  өтуде қол қалай орналастырылады?

3. Қатысушы траверстен өту кезінде қалай қозғалады?

4. Траверсте жеке сақтандыруда негізгі арқанға неше карабин бекітіледі?

5. Траверстен өту кезінде бір этапта неше адам болуы қажет?

6. Траверстен өту барысында сақтандыру жүйесінде қандай байлаулар орындалады?

7. Тірек нүктелері не үшін қажет?

8. Бақылау аймағын белгілеу не үшін қажет?

ІІІ. Негізгі нұсқау.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Қатысушылардың тау туризмі барысында кездесетін кедергілерден өз бетімен толық сақтандыру арқылы жоғары өрлеуді, перила құрып сол перила арқылы төмен түсуді және оны төменнен шешіп алу әдісін үйрету.

Тау туризмінде топтық сақтандыру арқылы өз бетімен жоғары өрлеу және перила арқылы төмен түсу дегеніміз- туристік жорық барысында туристік арқандарды пайдалана отырып табиғи кедергілерден қауіпсіз өту операциясы. Бұл операция әдетте таулардан, биік жарлардан өту кезінде дайындылады. Оны дайындау үшін оны ұйымдастыру орнын таңдаудың  маңызы зор болып табылады. Қатысушылар бұл операциядан өтіп болған соң перила өз бетімен оңай шешіліп, жиналуы қажет. Қазіргі уақытта бұл операцияларды орындау үшін негізінен жасанды тау үлгісін, яғни скаладромды пайдаланады. Біздің облысымызда 2011 жылы ОБЖТжЭОда салынған болатын. Бұл скаладромның биіктігі 7 метрлік, 4 дәрежелі қиындықтан тұрады. Скаладромға өз бетімен өрмелеу – өте күрделі спорт түрі. Егер бір спорт түрлерінде кейбір қозғалыс-қимылдарды қайталау арқылы жақсартуға болатын болса, скалодромға өз бетімен өрмелеу спортында бұл мүмкін емес. Бұл спорт түрінің техникасы көптеген факторларға байланысты. Мұнда адамның салмағы, бойы, қолының, аяғының ұзындығы, физикалық, спорттық дайындығы және басқа да жағдайлары жақсы болуы қажет.

Жоғары өрлеу және төмен түсу үшін мынадай туристік құралдар қолданылады: турстік сақтандыру системасы, карабиндер, дюлфер (восьмерка рогатая), каска, қолғап, туристік арқандар, магнезия қалташасы және магнезия.

Түзу байлау (прямой) немесе булинь- бұл байлау сақтандыру киімі мен белдігін өзара бекіу үшін орындалады.

Бақылау байлауы (контрольный)- бұл байлау түрі прямой байлауының беріктілігін арттыру мақсатында соңына орындалады.

Сегіздік (восьмерка)- туризмнің қай түрінде болмасын жиі орындалатын сенімді әмбебеп байлау түрі.

Жіпті маркировкалау- жорық барысында кез-келген операциядан соң міндетті түрде орындалуы қажет. Бұл жорық барысында   алып жүруге және келесі кедергіден өту барысында қолдануға жұмысқа қолайлы болып табылады.

Жоғары өрлеу және төмен түсу әдісін мынадай кезеңдерге бөліп түсіндіруге болады.

Кезең

Орындалатын жқмыстар

1

І кезең

Қатысушының жоғары өрлеуге дайындығы және жоғары өрлеу кезі

2

ІІ кезең

Қатысушының тау басындағы атқарылатын жұмыстары

3

ІІІ кезең

Қатысушының төмен түсуі және төменде атқарылатын жұмыстар

4

ІV кезең

Құрал-жабдықтарды жинау, жіптерді маркировкалау

І кезең. Қатысушының жоғары өрлеуге дайындығы және жоғары өрлеу кезі.

Сақтандыру системасын, касканы кию.

Негізгі арқанның екі шетіне сегіздік байлауын салып, маркировкалап, сақтандыру системасын бекіту. Екінші қатысушының төреші арқанымен дюльфер арқылы сақтандыру. Сақтандырып тұрған қатысушының дайын екенін тексеру. Қатысушының төреші арқаны арқылы сақтана отырып, скалодромға өз бетімен өрмелеуі.

Өрмелеу техникасы- жеңіске жетудің негізгі кілті. Жақсы техника өрмелеушіге аз күш жұмсауға және барлық күшті жұмсап жібермеуге мүмкіндік туғызады. Бұл қиын маршруттардан өту кезінде күшті қозғалыстарды, күшті адымдауды қажет ететін кездерде өте маңызды болып табылады. Егер өрмелеуді азайтсаң, онда үлкен көлемді жұмыс орындауға болады, демек шыдамдылықты жақсартуға мүмкіндік туады. Жаңа техниканы меңгеру барысында  қозғалыстың орындалу сапасына назар аудару қажет. Маршрут қанша қиын болсада, өрмелеуді жақсы және ыңғайымен орындауды үйрену қажет. Көптеген өрмелеушілер қиын жерлерден барлық күшін салып өтеді.

Скаладромға өрмелеушінің аяқпен жұмыс жасау техникасы.

Скаладромға өрмелеуде аяқпен жұмыс жасауды ұмытпаған жөн. Негізгі күш аяққа түсетңінің кез келген жас скалодромға өрмелеушілер біле бермейді. Жас скалодромға өрмелеушілерді көбіне байқағанда аяқтарының керекті жерде тұрмай, ауада қалықтап тұратынын көреміз. Скалодромға керемет өрмелеушіні аяқ қоюынан-ақ байқауға болады: ол аяқтарын зацептарға дұрыстамай ақ тез, әрі нық қояды. Мұндай скалодромға өрмелеушіге қарап, оның аяғының астында аяғын еркін қоятын «полка» тұрғандай сезім қалыптасуы мүмкін. Алайда бұл оңайлық тек «көрініс» ғана, мұның астарында үлкен шеберлік жатыр.

Аяқты рантқа қою. Әдетте табан аяқ киімінің рант деп аталатын шеткі бөлігіне қойылады. Аяқ киімнің ранты орталық күш зацепті айналып өтуі үшін зацептің ең шетіне қойылады. Тік және іліктірілген бедерде аяқты рантқа қою дененің төменгі бөлігін жарға мықтап бекінуге және дененің көп бөлігінің салмағын аяққа түсуіне, ал қолдың айтарлықтай демалуына мүмкіндік береді. Аяқты рантқа қою- скаладромға өрмелеушілердің зацептар арқылы қозғалуындағы негізгі әдіс.

Аяқты рантқа қою әдісі көбінесе траверс операциясында аяқты айқастыра қадам жасауда қолданылады. Бұл жағдайда аяқ ішкі және сыртқы рантқа қояды. Бедерде жүрген кезде аяқты ішкі ранттан сыртқы рантқа және керісінше өзгерту аяқтың жағдайын жақсартуға, табанның демалуына көп мүмкіндік береді.

Бедердің түрлеріне байланысты өрмелеудің негізгі техникалары.

Алыста орналасқан зацепқа секіру арқылы ұстау. Бұл өрмелеушіден алыс орналасқан зацепті алу үшін орындалатын арнайы қиын өрмелеу түрі. Скалодромға өрмелеушінің денесі жарға бір қырымен орналасады. Сыртқы аяқты тік ұстап, ішкі аяқты тізе тұсына дейін бүгіп, жамбас жарға жақын орналастырылады. Алыста орналасқан зацепқа секіру арқылы ұстау скалодрома өрмелеушінің техникасын жақсартуға және жамбас күшін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бақа» әдісі. Өрмелеушінің аяқтары зацептарда бір деңгейде орналасады. Скалодромға өрмелеушілер тізелерін екі жаққа жіберіп тереңірек отыруы қажет. Таз жарға жақын орналасады. Бұл әдіс қолдарды кезек-кезек алмастыру арқылы демалуға қолайлы. «Бақа» әдісін орындау үшін аяқ, қол бұлшықеттері жақсы жаттықтырылған серпілмелі болуы қажет. Бұл әдісте аяқты жазу арқылы қозғалады. «Бақа» әдісі тіке өрмелеуде қолданылады.

«Распор» немесе «Бұрыштап тұру»  әдісі. Қол мен аяқтың бір-біріне қарсы қысым түсіру принциптеріне негізделген. Классикалық «бұрыштап тұру» әдісі өрмелеушінің аяқ пен қолға қарама-қарсы қысым түсіретін тікбұрышты  бұрыштарда қолданылады. Бедерде зацептар өте аз немесе тік болғанда қысымды қолдану қажет. Бұл жағдайда зацептардың арасында қарама-қайшы қысымдар арқылы аяқ пен қол жұмыс жасайды. Осы әдісті орындау үшін аяқ пен қолдың екі жағына қатар түсетін күшке шадау керек.

ІІ кезең. Қатысушының тау басындағы атқарылатын жұмыстары.

Қатысушы уссы арқылы сақтандыру (самка) нүктесіне тұру. Сақтандыру системасындағы   маркировкаланған арқанды алу, сегіздік байланған екі шетінен ұстап, маркировкасынан ағыту, тірек нүктесіндегі карабиннен бір шетін өткізу, өткізілген шетін карабин арқылы өзіне бекіту, арқанның екі шетін сол карабинге бекіту, қай перилланың шешіп алуға екіншісінің түсуге арналған анықтау, түсуге арналған арқанға (перила) сақтандыру системасындағы дюльферді бекіту, перилланы дюльферге орау арқылы тежегішке қою, сақтандыру нүктесінен жұмысшы уссты ағыту, периланы дюльфердегі тежегіштен босату.

ІІІ кезең. Қатысушының төмен түсуі және төменде атқарылатын жұмыстар.

Дюльфер арқылы периламен түсу, сақтандыру арқанын карабин арқылы ағыту, периланың шешіп алынатын жағын тарту, периланың шетіндегі карабинді, сегіздік байлауын шешу, периланың екінші шетін тарту арқылы төменнен шешіп алу.

ЕСТЕ САҚТА! ПЕРИЛАМЕН ДЮЛЬФЕР АРҚЫЛЫ ТАУДАН ТӨМЕН ТҮСУ КЕЗІНДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚОЛҒАПТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ.  

IV кезең. Құрал-жабдықтарды жинау, арқандарды маркировкалау.

Периланың екінші шетіндегі сегіздік байлауын ағыту, арқанды маркировкалау,құрал- жабдықтарды жинау, жұмыс орнында құрал-жабдықтар қалмағанын тексеру.

ІV. Ағымдағы нұсқау. Оқушылыр шебердің практикалық көрсеткендерін жеке-жеке орындайды.Алдымен техникасы мен тактикасын толықтай меңгеріп, содан соң қыз балалар І дәрежелі, ер балалар ІІ дәрежелі қиындықта уақытқа жарыса орындайды.

V. Қорытынды нұсқау. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту. Қателіктерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көпір жасау
Тұру ,ауысу,секіру секілді допсыз жаттығулар.
Төменнен бүйірден, төменнен тіке допты беру
Тепе – теңдікті сақтау.
Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Арқанға үш тәсілмен өрмелеу.
Гимнастика.
Орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру, қолды бүгіп жазу.
Ойынға қосылған допты қабылдау техникасы
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 3180 | Қосты: Гатауов Айбек Асанович | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык