Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.


«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.

«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.

Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігіне талдау.

Мақсаты: 1.Білімділік. «Қыз Жібек» жырының басқа лиро-эпостық шығармалардан ерекшелігін таныту;

                 2.Дамытушылық.Көркем сөздің табиғатын ұғындыры отырып,өз ой-пікірін айта білуін,сөйлеу мәдениеті мен сөздік қорын дамыту;

                 3.Тәрбиелік. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қабылдауға,салт-дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері:сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,сұрақ-жауап,іздену,түсіндіру,талдау-жинақтау;

Көрнекілік:интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырма,оқулық, «Қыз Жібек» кітабы,теледидар;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен амандасып,кезекші арқылы оқушыларды түгендеу,

ІІ.Өткенді еске түсіру. Оқушылардан үй тапсырмасын тест сұрақтарына жауап жазу арқылы тексеру.

   Үй жұмысын қорытындылау үшін берілетін сұрақтар.

   1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды?

   2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіне тиісті?

   3. Нақты деректеріңді айтыңдар.

   4. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

Топ болып отырған оқушылардың тобымен танысып,сұхбаттасу.

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Академик М.Әуезов «Қазақтың өткеннен қалған эпостық мұрасының ішінде «Қыз Жібек» жыры асқан көркемдігімен оқшауланып,ерекшеленеді».Осы эпиграф арқылы жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады.Сабақтың мақсаты айтылады.

   «Қыз Жібек»жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз,ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады.Жырдың-идеялық мазмұны,көркемдік сөз саптауы,сюжеті,композициясы,көркемдік айшықтары жағынан басқа жырлардың ішіндегі үздігі.

     Жырда қазақтың салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігі,ерекшелігі,сауда-саттықпен халқымыздың айналыса бастағанын көреміз.Сонымен бірге естірту,жоқтау,қоштасу,жұбату,айтыс,зарлай арнау,сыңсу түрлері кездесчіп,жырдың көркемдей түсуге септігін тигізеді.Жырдың құндылығы оның берілу әдісінде.Көркемдегіш тәсілдеріне келсек,кейіпкер бейнесін ашуда жыршы теңеуді,эпитетті,метафораны,құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді,айшықтаудан зарлай арнауды ұттымды пайдалана білген.

    Жыршы халықтың тіл байлығын пайдалана отырып,аз сөзге көп мағына сыйғыза білген.

Ү.Білімін жан-жақты тексеру.

 Қызығушылықты ояту. Кілт сөздер.1.Рушылдық-феодалдық. 2.Бөгет. 3.Қасірет.

Жырды сызба арқылы композициялық құрылымына талдау.

Жырдың тақырыбы

 

Оқиға орны

 

Оқиға кезеңі

 

Кейіпкерлері

 

Тұлпарлар бейнесі

 

Басталуы

 

Аяқталуы

 

Идеясы

 

Шешімі

 

 

Жазбаша жұмыс түрі.

Жырдан мысал келтіре отырып,тапсырманы орындау.

 

                                                        Жырдың берілу әдісі.

                                    

             Хикаялау.                    Сипаттау.                         Сөйлету.

 

  Интерактивті тақтамен жұмыс.

Көркемдегіш тәсілдерді тауып,интерактивті тақтада мысалымен жазу.

 

                                        Көркемдегіш  тәсілдер.

 

Ажарлау.                                 Құбылту.                                Айшықтау.

       
 
   
 

 

 

 

                                      

 

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау кезеңі.

«Қыз Жібек» көркем фильмін көре отырып, «Жырдан алған әсерім» атты ойтолғаныс жазу.

ҮІІ.Үй тапсырмасы. «Қыз Жібек» жырынан үзінді жаттау.

ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
«Қыз Жібек»: жыр-опера-кино
«Қыз Жібек» жыры Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі
«Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жыры
Елі үшін туған ер
Ұлы жібек жолы
Лиро - эпостық жырлар Қыз Жібек жыры
Лиро-эпостық жырлар туралы
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 8054 | Қосты: Оспанова Сабира Мұқашқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык