Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Өскен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Акипова Сания Казезтаевна

Пәні: қазақ әдебиеті      Сынып: 5- сынып     Мерзімі: _______________

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын  өмірі,  шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып жаңа сабақты меңгерту.

Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып,  әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ревин әдістемесі, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын, тренинг

 

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар, портрет, тірек сызба, суреттер,

 

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу,

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Бой сергіту қимылдарына арналған тренинг өткізу.

                               

 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Қарлы кесек» ойыны

Шарты: Оқушыларға қар түріндегі әртүрлі қағаз қималарында түрлі сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға аз уақыт ішінде оқушылар тез жауап таба білулері керек. Сұраққа жауап болмаса, сол оқушы өз өнерін көрсетуі керек.(мысалы, жатқа өлең, ән айту, билеп беру, ойдан өлең шығарып беру, сергіту сәтін оқушыларға жасатқызу)

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?

3. Абай туралы қандай ақын-жазушылар шығармалар жазды?

4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

5. Абай қай рудан шықты?

6. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?

                               

ІІІ.Жаңа сабақ

 

1 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.

1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.

1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.

1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы:

Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде», т.б.

Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.

Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»

 

2 Өлеңмен жұмыс

А) Оқулықтағы «Шілде» өлеңін оқушылармен мәнерлеп оқып шығу.

 

Ә) Не жайлы айтылғаны оқушылармен бірге талқылау

 

Б) Сөздікпен таныстыру

Әуе – аспан, қысқа түн-жазда  ұзақ, түн қысқа болады; көк майса – шөп, көктің жүзі – аспан; әптиек-діни оқу құрал, мелдегінен – белуарынан деген мағынада.

 

В) Сұрақтар қою

1 Бұл өлеңде ақынның айтпақ ойы қандай?

2 Шілде таңының келбетін көз алдарыңа елестетіп көріңдер

 

Г) Ревин әдістемесі бойынша өлеңмен жұмыс

Оқушылар:

1 Өлеңнің кез келген жерін  өзара жаттайды

2 Мағынасын ашып, түсіндіреді

 

Ғ) Әдеби теориялық ұғыммен таныстыру

Кейіптеу – ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандырады, құлпырта суреттеуді айтады, яғни табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейіпінде суреттеу тәсілі.

Мысалы: Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде

Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып...

... Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,

Ән салды домбырамен құстың шуы.

Бастапқы жолдағы жүзі күлімдеп, көңілі шат деген сөздер әдетте адам туралы айтылады, ал ақын таңмен бірге нұрланған көк әлемін күлімдеген кісі жүзіне ұқсатып суреттейді.

 Талдап оқу – жақсы түсініп, еске ұзақ сақтау үшін қолданылады.

Тәсілдері: 1. Тезис – негізгі ойдың мазмұнын өте қысқа түрде жазылуы.

2. дәлелдемелер – тезистегі айтылған немесе мәтіннің ішіндегі сөздермен жазылады.

3. Тірек сызба – алдымен жоспар құрып, оның әр тармағына дәлелдер тауып нақтылау арқылы жүзеге асады.

 

Өлеңді талдап оқи отырып, тәсілдерін қолдану, яғни өлеңге қысқаша тезис, дәлелдеме, тірек сызба жазу.

 

Сабақтың қорытындысы:

 Шығармашылық жұмыс

«Шілде» тақырыбына байланысты шағын эссе жазу 

 

Үй тапсырмасы:

Өлең бойынша сурет салу

 

Бағалау      

 

Рефлексия (Кері байланыс)
Көңіл-күй рефлексиясы «Күншуақ»

Сөйлемді аяқта: «Менің көңіл-күйім … ұқсайды:

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Сейфуллин "Ақсақ киік өлеңі".
Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров
С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ» өлеңдері
Сұлтанмахмұт Торайғыров “Қамар сұлу” романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Асқақ арманды ақын», «Бір адамға»
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 17273 | Қосты: Акипова Сания Казезтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык