|
|
Өздік етіс
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - өздік етіс туралы білімді қалыптастыру, оның анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру; ә) дамытушылық - орындалатын тапсырмалар нәтижесінде білік дағдыларын, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін нығайту, шығармашылық жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру;
б) тәрбиелік – топ ішінде бір-бірінің пікірің құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе білетін, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін оқушы тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар сыныптастары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылауды үйренеді. Топтық тапсырмаларды орындауда бір-бірінің жауаптарын тыңдайды, орындайды.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: іздендіру, сыни ойлау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, бірлескен оқу. Көрнекілігі: интерактивті тақтада - слайдтар, сызбалар, сандықша, бағалау парақшасы. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, кезекші мәліметін тыңдау; зейінін сабаққа аудару; 1.Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Жүрек лебізі» ойыны. Оқушылар жүректің суретін бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді.
2.Оқушыларды түрлі-түсті қималарды таңдау арқылы 3 шағын топқа бөлу. 3.Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
ІІ. «Қайталау - оқу айнасы». Өтілген тақырыпты, үй тапсырмасын «Даналық ағашы» атты ойынмен пысықтау. Әр ағаш бүршігін ашқанда, артында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар шығады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап берулері керек.
Болымсыз етіс жұрнағы етіс жұрнағына қалайжалғанады?
|
Іс-әрекет пен іс иесінің бір-біріне қатысын сызбадан көрсет.
|
Етістің қандай түрлері бар? |
Қайталау - оқу айнасы |
1 |
Етіс нені білдіреді? |
1.Етіс нені білдіреді? 2.Етістің қандай түрлері бар? 3.Болымсыз етіс жұрнағы етіс жұрнағына қалай жалғанады? 4. Іс-әрекет пен іс иесінің бір-біріне қатысын сызбадан көрсет.
орындаушы |
әрекет |
а)
әрекет |
орындатушы |
орындаушы |
ә)
орындаушы |
әрекет |
орындаушы |
орындаушы |
б)
? |
әрекет |
ІІІ.Жаңа сабақ құпиясы. 1.Қызығушылықты ояту. 1.Интерактивті тақтадан оқушыларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы мысалмен дәлелдету.
1.Жанар тарақпен таранды. 2.Айнұр өзі киінді. 3.Кішкентай қыз ерте тұрып, жуынды. Сурет бойынша жазған мысалдарын оқып, іс-әрекет қатысын түсіндіреді де, осыдан сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазады.
2. Мағынаны тану. «Ойлан, жұптас, талқыла».
Топтағы оқушылар өздік етіс бойынша ереже мәтінің оқиды , жұптасып отырған оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Одан кейін топ ішінде бірлесіп, ортақ пікір қалыптастырып тірек сызбасын салады, қорғайды.
Өздік етіс
|
Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіреді.
|
Мысалы: Самал ерте тұрып, өзі жуынды. Қызыл-жасыл киінген биші қыздар тойдың сәнін келтірді.
|
3. Қосымша түсінік. (Интерактивті тақтаны қолдану).
Тұлғалас формалар |
2) -ын,-ін, - сөз тудырушы жұрнақтар. Мысалы: түй+ін, жи+ын.
|
1)-ын,-ін, - өздік етіс жұрнағы. Мысалы: Сәби өзі ки+ін+ді.
|
- ы+н,-і+н – жалғаулар. -ы,- і -тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, -н- табыс септігінің жалғауы.Мысалы: Кітаб+ы+н оқыды.
|
3. Білімді шыңдау. Жаңа тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Джиксо-1 әдісі арқылы оқушылар үй тобынан жұмыс тобына барады.
1-топ. 238-жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Үлгі: сабақты етістіктер: жұрнақтар: өздік етістер: ора -н оранды
Ора. Көр. Сез. Қара. Сыла. Тазала. Сүрт. Ки. Сал. Гүлде. Бу. Байла. Түй.
2-топ. 239-жаттығу. Көп нүктенің орнына өздік етіс жұрнақтарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар. Омырауы жұпарлы, он саусағы қыналы анаң сүй...ді! Қабағы тастай түйілген, жеңсіз берен ки...ген, елінің тыныштығы үшін егеспен күн кешкен әкең сүй...ді! Қызыл-жасыл ки...іп, беліңді қынап бу...ып, қызыл балықтай асыр салдың. Жиын-тойда ақ балтырың түр...іп, өзіңнен жарты мүшел үлкен жігітпен балуанға түстің. Ағайын-туғаның сүй...ді! 3-топ. 240-жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістерді мәтіннен теріп жазыңдар. Жау қарасы көрінді, Ер төсектен безінбей Жиылған әскер бүлінді... Ұлы төске ұрынбай, Түніменен түйіндік, Түн қатып жүріп түс қашпай, Тан атқанша тарандық. Тебінгі теріс тағынбай, Таң ағарып атқан соң, Темір қазық жастанбай, Төңірек жаққа қарандық. Қу толағай бастанбай Қанды көбе киініп, Ерлердің ісі бітер ме?!
Бір Аллаға сыйынып,
Кезенген жауға кез келдік... ( Махамбет)
4.Сергіту сәті. «Қара жорға» әуенімен би.
5.Көрме диктант.Төмендегі өлең үзіндісі бірнеше рет оқытылады, өлең өшіріледі де жатқа жазылады: Жайлау қандай тамаша! Көзді тартар қараса. Қызыл-жасыл киінген, Бейне жайған алаша. 6. Ой-толғаныс кезеңі. «Ойнай отырып ойлай біл!» Бекіту сұрағын беру үшін «Музыкалық қобдиша» ойыны ойнатылады. 1.Өздік етіс жұрнақтарын атаңыз? 2.Өздік етістің білдіретін қатынасын түсіндіріңіз? 3.Жаңа сабаққа көңіліңіз толды ма? 5. Бүгін қандай тапсырмалар ұнады? 6.Не өзгертер едіңіз? 7.Өздік етіске мысал келтіріңіз?
Кері байланыс орнату. Блоб ағашы арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін білдіреді.
Үйге тапсырма беру: а) Құрамында өздік етісі бар мақал-мәтелдер тауып жазу, ә) «Қыс келбеті» тақырыбында (қалаулары бойынша) шағын шығарма не өлең құрастыру.
Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшыларының есебі. Бағалау критерийі: 0,1, 2
р/с |
Оқушының аты- жөні |
Үй тапсырмасы (ауызша) |
Топтық жұмыс |
Жатты -ғулар |
Шығармашы лық тапсырма |
Оқушы ның бағасы |
Мұғалім нің бағасы |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |