Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анамның туған күні.


Анамның туған күні.

 Анамның туған күні.

Сабақтың тақырыбы: Анамның туған күні.

Мақсаты: Оқушылардың туған күн жайлы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік:Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.

 Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Көркектіліктер: интерактивті тақта, плакат, суреттер, слайд.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, оқу, ән айту, тақпақ айту, жазу.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдстыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалап зейінін житақтау.

ә) Жаттықтыру сәті қазақ тілінде ойлауға, сөйлеуге даярлау мақсатында жүргізіледі.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Сабақты мақсаты барысымен таныстыру.

ІІ. Өткенді қайталау

  1. Досыңа не сыйлайсың?
  2. Сенің досың қайда тұрады?

Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазамыз.

Қар астынан қылтиып,бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымызда  бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәуленің шапағын тілейміз. Сіздерге арналған ашық сабағымызды қабыл алыңыздар.

Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем, әділдікті ұғамын.

 

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады,аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті  ананы. – дей отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІІ. Жаңа сабақ

Не істеп  жатыр? – что делает? (-ют)

дайындалып  жатыр - готовятся

 

Ана деген сөзін қалай түсінесіндер?

 

Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Өлеңді тыңда, мәнерлеп оқы.

Анамның мерекесі

Айналайын, ана,

Туған күніңмен!

Сыйлайыншы саған

Дала гүлін мен.

Мерекелі күнің

Қандай тамаша!

Кеудедегі гүлің

Қалды жараса.

                                               (Ә.Асылбеков)

Айналдым ана деген асыл аттан, 
Шуағын кең әлемге шашыратқан. 
Ойнап жүрген құлынын даладағы, 
Үйде отырып даусынан ажыратқан. 
Жанымызды жайнатқан, 
Сіздерсіз ғой аналар. 
Зор денсаулық мол бақыт, 
Тілейміз біз, балалар! 

Әлпештеген баласын, 
Ана – бақыт, ана – күн, 
Әркім сүйіп өзінің, 
Мақтан етер анасын. 
Баланың да тірегі, 
Ананың да тірегі. 
Шаншымасын ешқашан, 
Аналардың жүрегі. 

 

Аяулы ана алтын нұрлы анашым 
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың. 
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің, 
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың

 

2-тапсырма. Сурет бойынша диалогті оқындар.

 

- Бұлар кімдер?

  • Бұлар Сайра мен Самат.
  • Олар қайда?
  • Олар үйде.
  • Бүгін кімнің туған күні?
  • Бүгін – аналарының туған күні.
  • Олар не істеп жатыр?
  • Олар дайындалып жатыр.

 

4-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

 

5 - тапсырма. құттықтау хат жасау.

Оқушылар аналарына арнап құттықтау хат жасайды.

Кім қандай құттықтау, тілектер жазды екен. Тыңдап көрейік.

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген- сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген – біреулер үшін – ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

 

 

Әр сөзіңді жаттағам, 
Жүрегімде сақтағам. 
Анашым деп мақтанам, 
Айналайын ақ мамам. 
Ана-біздің күніміз, 
Ана-біздің гүліміз. 
Анамыздан тарайды 
Біздің ана тіліміз. 
 

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, 
Жүрегімді жүрегіме жалғадым. 
Өзің мына сыйға берген өмірде, 
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым. 
 

Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?
Бәрі:   – Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! – деп бүгінгі сабағымыз аяқталады.

Сабақты рефлексия әдісі арқылы қорыту:

  • Сабақта не білдік?
  • Сабақта қиын болды ма?

Үй тапсырмасын түсіндіру:

Оқушылардың жауаптарына қарай дауыстап бағалау.

Сабақ аяқталды сау болыңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
Қыз сыны
Ана - өмір шуағы.
Анашым, мерекеңмен!
Аяулы анашым.
Анамызды аялайық
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Аман болшы ақ мамам
Ана- өмір гүлі
Ана – өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5793 | Қосты: Джунусова Эльмира Сеитовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык