Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі


Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Ана тілін қадірлеуге, елін – жерін сүюге, Отанын қорғап қастерлеуге және имандылыққа білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі талдау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, бүктеме, үлестірме қағаздар, сызба қағаздар, дыбысталған үн таспасы.

Пәнаралық байланыс: музыка.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды дұрыс отырғызып түгелдеу. Оқу құралдарын алдырып, сабаққа назарларын аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: Ғабит Мүсірепов кім? Ғабиттің өмірі мен шығармашылығы жайлы түсіндіріп біріңіз? Әңгімені неге «Ананың анасы» деп аталған? Әңгімедегі кейіпкерлерді атап беріңіз? «Боранды түнде» әңгімедегі кейіпкерлерді атап, мінездеме беріңдер.

Жаңа сабақ: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан жыр шығарып, ән салып, домбыра, скрипкада, күйсандықта жақсы ойнаған. Қасым жастайынан жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізген. Қой бағып, тезек теріп, кісі есігінде де телміеді. Содан болар өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді болып өседі. Қасымның өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты еді. Ақын шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат – мүддесін, қуаныш – сүйінішін, сенімі мен дүдәмәлін алдыңа жайып тастайды. Ақын қайтыс болғаннан кейін «Өзім туралы» атты өлеңі жарияланады. Бұл өлеңде:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, - дейді.

Қасым аңсаған осынау арман өз өмірінің басынан аяғына дейін тұтас жатқан өрнек сияқты. Ақын келешек ұрпақты Отанын, елін – жерін сүюге, қайсарлыққа, қаһармандылыққа баулиды. Мұндай өлеңдері: «Сарыарқа», «Жайық», «Ертіс», «Орал», «Мен – табиғат бөбегі», «Дауыл», т.б, өлеңдері бар.

Поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Бикеш», «Естай - Қорлығайын», т.б.

«Өзім туралы» өлеңін тізбектеп оқыту

Мәтінмен жұмыс 

Қорытынды: Қасым өмірді сүйген ақын. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өлеңімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз.

Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін оқу, үзінді жаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қ.Аманжолов. «Өзім туралы»
Қасым Аманжолов. «Қазақстан».
Қасым Аманжолов «Дауыл»
Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
Өмірін өрген өлеңмен Қ. Аманжолов
Туған жер. Қасым Аманжолов
Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8347 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык