Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев


Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев

Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп- балабақшаның

 қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бериккалиева Лидия Куанышбековна

Тақырыбы: Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: а) қазақ халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

ә) елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын  сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;

б) шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту,құрметтеу.

г) елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент», қанатты сөздер

Ұйымдастыру барысы:

Мұғалім сөзі:   Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен  болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»- деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас- тартыспен тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. / картадан көрсету/

Ендеше, оқушылар Елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.

Осыған орай    «Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев»  атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатында тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолы туралы сөз етеміз.

 Ән:  «Көк тудың желбірегені»    / Оқушылар топ болып орындайды/

Біз қазір Қазақстанға саяхатқа шығамыз. Жолда біз  түрлі- түрлі аялдамаларға тоқтаймыз.

І аялдама:   «Менің Қазақстаным»

Топтастыру стратегиясы арқылы жүзеге асады.  /Топтар  топ болып жауап береді/

Біздің еліміз қалай аталады?аталады,

Республикамызда қанша облыс бар?

 

«Менің Қазақстаным»

Біздің қаламыз әлемге несімен әйгілі?

Біз қай облыста тұрамыз?

Тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?

 

1991 жыл

1  желтоқсан

1992 жылы 4  маусым

ІІ аялдама:  «Сандар сыр шертеді»   / Әр топқа сандармен бірге оқиғалар беріледі.  Болған оқиғаларды жылымен бірге орналастыру.Қай топ бірінші болса, сол топ жеңеді/

Сандар сыр шертеді

1991 жыл

16 желтоқсан

1993 жылы

15  қараша

2006 жыл

 7  қаңтар

1991 жылы 29 тамыз

1995 жыл

 28  қаңтар

1992 жыл

25 қаңтар

1995 жыл

1 наурыз

1997 жыл

11 шілде

1997 жыл

20 қазан

1998 жыл

10 маусым

Мұғалім сөзі:  Сонымен  2006 жылы 7 қаңтар күні әнұран қабылданды. «Менің Қазақстаным» әні дүние жүзіне таралды.

Еліміздің қай түкпіріне барсам да, кәрі де жас та әнұрандық мәртебесі болмаса да, аса көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқов пен талантты ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің қазақстанымды» орындап жүрді.  Бейресми Әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін.  Елабсы ғана емес, Қазақстанның азаматы ретінде мен осы әннің сөзіне тиісті өзгертулер енгізіп, мәтіннің жаңа нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмын. Авторлығына еш таласым жоқ- деген елбасы бір сөзінде.

ІІІ аялдама:  «Менің  Президентім»   «Ойлаушымен ой толады» айдарымен жұмыс жасаймыз.Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Шарты: мультимедия экраны  арқылы жасырын берілген суреттер бойынша мәтін құрастыру. (экранда 4 түрлі сан болады. Соның біреуін таңдайды. Оның астынан сурет шығады.

1. Бала Нұрсұлтан

2. Назарбаевтың оқушы кезі.
3. Нұрсұлтанның жастық шағы

4. Назарбаев – Елбасы.
Өз столдарында 4 түрлі конверт болады. Соның суретке байланыстысын тауып мәтінді құрастыру керек. Мәтінде тақырып болады. )

1 - мәтін. « Бала Нұрсұлтан»  /Бала кездегі суреттері қоса беріледі./

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл - кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы  Әлжан Назарбаева 1904 жылы дүниеге келген. Басына түскен қиындықтар мен сынықтарға қарамастан ол кісі өзінің ақжарқын қалпын сақтай білген.Нұрсұлтан әжесінің бауырында тәрбиеленеді. Сол себепті әкесін «аға», анасын «жеңеше» деп  атап кетеді. Нұрсұлтаннан кейін де отбасы есігін оның інісі Сатыбалды, қарындасы Әнипа, інісі Болат ашады.  Ол 5 жасқа дейін ешқайда шықпай, мал шаруашылығы бригадасын басқаратын әкесіне  көмектеседі.  1941-1945 жылғы сұрапыл соғысқа барлық ел азаматтар аттанған кезде оның әкесі мүгедектігіне байланысты соғысқа алынбайды, алайда елде қалып, ауылдағы асыраушылары соғысқа аттанған азаматтардың үйлеріне қарайласады. Қазіргі кезде Елбасы сол кездерді «балалық шақтың қара нана» ретінде еске алады.

2- мәтін Нұрсұлтанның оқушы кезі.  / Оқушы кездегі суреттері қоса беріледі/

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Фурманов атындағы қазақ- орыс орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. Оны 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін Исмаилова деген мұғалима оқытады. Ол кезде Нұрсұлтанның отбасы Шамалғанға көшіп келмеген болатын. Сол себепті ол немере ағасы Үмбеттің үйінде жатып оқиды. Кейіннен әкесі сол жерден үй алғанда орыстар көбірек қоныстанған жерден үй алады. Өйткені ол ұлының орысша сөйлеуге үйренгенің қалайды. Ол кішкентайынан сабаққа зерек болады. Тіпті кеште керосин жарығының шамымен де сабақ оқып отыратын.  Ұстаздарының айтуы бойынша ол үздіктер қатарынан көрінген.  Ауылдағы кітапханалағы кітаптардың да көбін талғамай оқи берген.  12 жасында домбыра, сырнай тартып айналасындағыларды таңқалдырған. Дене тәрбиесі сабағын жақсы көрген. Мектептегі  күрес үйірмесіне қатысқан.  Достарының ортасында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болған.

 Белсенді оқушыны бәрі жақсы көрді. Мектептегі жиналыстарда Назарбаевтың ерекше қабілеттіліг туралы сөз болатын.  Мерекелік шерулер кезінде ол мектептің туын ұстап, колоннаның басында жүретін.

3- мәтін  Назарбаевтың жастық шағы   / Жастық шақтағы суреттері қоса беріледі/

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 

 4- мәтін  Назарбаев- Елбасы   / Елбасы болған кездегі суреттері қоса беріледі/

1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

Қорытынды:  сонымен Елбасы армандаған қазақстан қандай екен?

Кез келген Қазақстан азаматы кез келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген - Қазақстан

- Ол - ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін меңгерген ұрпақтың Қазақстаны

 

Нұрсұлтан Назарбаев армандаған Қазақстан қандай?

Ұлты тату, этникалық толерантты - Қазақстан!

Индустриялық-инновациясы өркендеген - Қазақстан!

Терезесі тең, керегесі кең - өркениетті Қазақстан!

Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды. Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Н.Назарбаев уақытын безбендеп, заманын таныған, бо­ла­шақты болжаған ірі саясаткер.Елдің басшысы қандай болса, халқы сондай. Н.Назарбаев - елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға! Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.

Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Ән:  «Жаса, Қазақстан!»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
Менің елім, менің Қазақстаным
My country is Kazakhstan
Елбасы – елімнің тірегі»
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Ұлт мақтанышы - Президент
Елбасы - ел мақтанышы
Егемен елдің – Елбасы
« Елі сүйген ер »
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 8608 | Қосты: Бериикалиева Лидия Куанышбековна | Ілмек сөздер:
avatar
• 12 ноября 2015 09:25
Рахмет.Көп көмек етті!

Ұнады, рахмет!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык