Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!


Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!

Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!

Сабақтың мақсаты:  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының еңбек жолымен

                                    таныстыра отырып, Елбасының еліміздің даму жолындағы өнегелі

                                    істері мен еңбектерінен үлгі  алу.  Оқушыларды елін, отанын сүюге,

                                    құрметтеуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы туралы бейнебаян, слайд

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың жүрісі:

Сыныпты бірден топқа бөліп отырғызу.

                         Әнұран орындалады.

  • Сәлематсыздар ма, балалар?! Бұл әнұранның  сөзін, әнін жазған кімдер?
  • Нұрсұлтан Назарбаев кім? Ол туралы не білесіңдер?( Оқушылардың жауабы)
  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!»
  •  Қазір Елбасымыз туралы бейнебаянға назар аударайық.

 Бейнебаян көре отырып, Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолын таныстыру.

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

·         1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

·         1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

·         1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

·         1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

·         1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

·         1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

·         1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

·         1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

·         1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Әлі күнге дейін Қазақстан Республикасының Президенті болып қызмет етіп келеді. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988)«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),«Тарих толқынында» (А., 1997),«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

 

Сайыс кезеңдері:

  1. Көпір тапсырма
  2. «Даналық ойдан дән ізде» Елбасының қанатты сөздерін айту.
  3. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында постер қорғау.
  4. Елбасына арнау.

1-топ: Өлең шумақтарын құрастыру.

2-топ: Елбасына хат

3-топ: Сурет салу.

 

І кезең: Көпір тапсырма.

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
  2. Елбасының әжесі кім?
  3. Елбасы атын қоюға кім ұсыныс берді?
  4. Ол ең алғашқы еңбек жолын қайдан бастады?
  5. Елбасы қандай қызметтерді атқарды?
  6. Елбасының қандай еңбектерін білесің?
  7. Нұрсұлтан Әбішұлы қай жылы президенттікке сайланды?
  8. Елбасына арнап  қандай филим түсірілген?
  9. Елбасының атымен аталған оқу орны бар?

 

        ІІ кезең: «Даналық ойдан дән ізде» Елбасының қанатты сөздерінің мағынасын ашу.

1-топ:Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.

2-топ:Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

3-топ: Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

 

            ІІІ кезең: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында постер қорғау.

ІV-кезең: Елбасына арнау.

1-топ: Өлең шумақтарын құрастыру.

2-топ: Елбасына хат

3-топ: Сурет салу.

Әділқазылар алқасы  жеңімпаз топты анықтайды.

  • Мен бүгінгі тәрбе сағатымды Елбасының мына бір сөзімен аяқтаймын:Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тiккен адаммын. Маған ары үшiн жанын садаға ететiн осындай тектi халыққа, менi ұлым деп, перзентiм деп төбесiне көтерген халыққа, арғы-бергiдегi қазақ баласының бiрде-бiрiнiң пешенесiне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсiз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенiң керегi жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабiлетiмдi, бiлiм-бiлiгiмдi аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.
  • Ендеше, балалар бізде Елбасымыздың өнегелі еңбектерінен үлгі алып,  тәуелсіздігімізге өз үлесімізді қосайық. Біздің үлес қосқанымыз, жақсы білім алып, осы елдің білімді азаматы болу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елбасы тартуы.
Елбасы – елімнің тірегі»
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Ұлт мақтанышы - Президент
Елбасы - ел мақтанышы
Егемен елдің – Елбасы
« Елі сүйген ер »
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3888 | Қосты: Жақайқызы Сауле | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык