Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Елбасы – елімнің тірегі»


Елбасы – елімнің тірегі»

Елбасы – елімнің тірегі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасы – елімнің тірегі»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену,оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін,ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету,оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой- толғау, ауызша баяндау, сұрақ-жауап, кесте, тірек-сызбалармен жұмыс.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, тірек-сызба, еңбектері, «Егеменді елім-мақтанышым менің» буклет, «Қазақстан-менің Отаным» буклет, елбасына тұңғыш рет бата берген абыз ақын Ш.Абеновтың суреті.

Барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шатыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Қазақстан Республикасы әнұранын орындау.

І Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.

ІІ Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар.

І Жүргізуші: 1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Кіріспе сөз

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Міне, осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 21 жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі сабағымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Мұғалім:Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.

Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан,халқының үмітін,сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

-қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы;

-қорыққанға қорған,тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;

- алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;

- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.

Жүргізуші: Бүгінгі 9 және 10 сынып оқушыларымен бірігіп өткізгелі отырған  сабағымызда екі топ сайысқа түсіп, елбасы жөніндегі білімдерін сынайтын болса, басқа оқушылардан тұратын «зерттеушілер» және «шығармашылық» топтары өздері дайындаған қосымша мағұлматтармен сайыс бөлімдерін толықтырып отырады.

Әділқазы алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар жарыстарда неше бір

                                        Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл, - дей отырып, бүгінгі сайысқа баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық

 

1.                                                                                                               

2.                                                                                                               

3.                                                                                                               

                                       Шын жүйрік шабысынан танылады,
                                        Қатты білім, терең ой саналады.
                                          Баға берер әділқазы ортамызда
                                          Сізге құрметпен қол соғылады.
Сайыс бөлімдері:

  1. Елбасы өмірі мен қызметі;
    1. Викториналық сұрақтар
    2. Сандар сыр шертеді
  2. Елбасының шығармашылығы:
    1. Өзі жазған 102 кітап
    2. Елбасы әндері
  3. Әлемге Қазақстанды таныту жолында....
    1. Өткізілген үлкен шаралар
    2.  Құрылған ұйымдар
  4. Н.Ә.Назарбаев – бүгінгі заман лидері
    1. Әлем саясаткерлері елбасы жайында......
    2. Президент туралы кітаптар мен фильмдер
    3. Елбасы атымен
  5. Елбасы дәрежесі

Егерде сайыс кезеңдерімен таныс болсақ, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Алғашқы кезеңімізде әр топқа сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі.

I кезең. Елбасы өмірі мен қызметі

     Викториналық сұрақтар

  1. Н. Назарбаев  қай жерде дүниеге келген?
  2. Елбасымыз қандай оқу орнын бітірген?
  3. Елбасының бітірген жоғарғы оқу орны?

     4. Украиндық досының аты кім?

     5. Н. Назарбаевтың әкесі мен анасының аты кім?

     6. Елбасының атын кім қойған?

     7. Елбасының балалары?

     8. Елбасының қанша немересі және шөбересі бар?

     9. Халықаралық «Бөбек» балалар қайрымдылық қорының  негізін салушы және        президенті кім?

    10. Назарбаевтың білім қорының жетекшісі кім?

    11. Президентіміздің хатшысы кім?

    12. Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінен он екінші атасына дейінгі ататегін жатқа білген. Оларды атап беріңдер?  Әбіш, Назарбай, Салақбай, Еділ, Кенбаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Тоқтар, Есқожа.

13. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1990 жылдары қандай қызмет атқарды? ҚазақКСР-нің президенті

14.  1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қандай бағдарлама жариялады? “Қазақстан – 2030” “Стратегиясы”

15. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай мемарандумға қол қойды? “Семей сынақ полигонын жабу” туралы

16. Президент сөзі қандай мағына береді?

17. Президентіміздің  бала кезіндегі арманы (ұшқыш)

18. Президент биліктен кеткеннен кейін қандай атаққа ие болады? (Экс - Президент)

19.  Нұрсұлтан Назарбаевтың ағайын – туыс, бауырлары кімдер? (Сатыбалды, Болат, Анипа)

20. Нұрсұлтан Назарбаев қай мектептің түлегі? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Қаскелең селосы, Абай атындағы орта мектептің түлегі.)

Сариева Гүлназ « Нұрсұлтан Назарбаев » атты  өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Бірінші бөлімнің екінші кезеңі сандар сыр шертеді деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген жылдарды таңдай отырып, сол жылдары елбасы өмірінде қандай оқиғалар болғанын айтасыңдар.

                                                                    

Сандар сыр шертеді

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1 -інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-  жалпыхалықтық референдум нәтижесіндеҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 жқаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде

Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентіболып қайта сайланды.

2005 жжелтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

2011 жылы 4-сәуірде 95,5 пайыз дауыс алып Президент болып қайта сайланды.

 

Әділқазы алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша, сөз кезегін зерттеушілерге береміз. (Өтепова Эльнара)

II кезең. Елбасының шығармашылығы

Бұл бөлімде елбасының жазған кітаптары мен әндерін жасыратын боламыз. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Зерттеушілерге сөз кезегі беріледі (Кушкинова Гульдарай), (Сәлімов Әбілхайыр)

Хайрушев Русланның орындауындағы  «Үшқоңыр» әнін қабыл алыңыздар.

III кезең. Әлемге Қазақстанды таныту жолында...

Елбасымыз әлемге Қазақстан ды таныту жолында көптеген шаралар ұйымдастырды. Соның арқасында қазіргі кезде еліміз күннен – күнге көркейе түсуде.

Бұл кезеңде 3 түрлі категорияға бөлінген сұрақтарға жауап береді. Әр категория 5 сұрақтан тұрады.

EXPO – 2017                            

ЕҚЫҰ                    

Азиада - 2011                                      

 

 Құрылған ұйымдар

 

Н.Ә.Назарбаевтың атсалысуымен құрылған ұйымдар

Аймақтық ұйымның атауы және құрылған жылы

1

ТМД,Алматыда(1991 жылы 21 желтоқсанда)

2

Орталық Азия экономикалық қауымдастығы(1994 жылы)

3

Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы(ОАЫҰ,2002 жылы)

4

Кедендік Одақ(1995 жылы)

5

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ,2001 жылы 15-маусым)

6

Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңес(АӨСШК)

 

Зерттеушілерге сөз кезегін берейік (Рахмгалиев Мерболат)

IV кезең.Н.Ә.Назарбаев – бүгінгі заман лидері

А) Әлем саясаткерлері елбасы жайында......

Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді». 

 

Б) Президент туралы кітаптар мен фильмдер (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Зерттеушілерге сөз беріледі (Хайрушева Әсемгүл)

 

С) Елбасы атымен – бұл бөлімде елбасы атындағы мекемелер, оқу орындарының аттарын атауларыңыз қажет.

Зерттеуші: Абатова Аршат

Успанова  Мадина орындауында «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар.

 

Елбасы дәрежесі

Бұл бөлімде интерактивті тақтадан елбасының наградалары көрсетіледі

 

Қорытынды:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп                  Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр –әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы атты ашық тәрбие сағаты
Ғасырдың ғажап азаматы- Нұрсұлтан Назарбаев
Ұлт мақтанышы - Президент
Қазақстан Мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі
Елбасы - ел мақтанышы
Егемен елдің – Елбасы
« Елі сүйген ер »
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 15330 | Қосты: Берманова Асель Салыққызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык