Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біржан әнінің зор құдіреті


Біржан әнінің зор құдіреті

Біржан әнінің зор құдіреті

Сабақтың тақырыбы: Біржан әнінің зор құдіреті

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік - оқыған шығарманы бекіту, пысықтау арқылы ой қорыту, көркемдік ерекшелігіндегі қайталанбас өрнектерге назар аударту;
  • дамытушылық -  мәтінге деген қызығушылығын арттыру, іздендіру арқылы өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
  • тәрбиелік - Өнердің қадір – қасиетін ұғындыру,өнерлінің өмірін үлгі ету, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Типі: Білімді бекіту

Түрі: Топтық сайыс

Әдісі: СТО жобасы стратегиялары,әдеби талдау

Көрнекілігі: Бейнетаспа, интерактивтік тақта, сызба – кестелер, кітап көрмесі т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка

Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту

 Үстелдің үстінде топтың аты жазылған парақшалар бар, сынып оқушылары сол бойынша екі топқа бөлінеді.

1. «Абай» тобы.

2. «Біржан» тобы.

Топ мүшелері төмендегі тапсырма бойынша топтарын қорғайды. Категориялы топтастыру стратегиясын құрастырады.

Сабақтың эпиграфы: Біржанның творчестволық өмірінде болған тағы бір үлкен оқиға – оның Абай ауылына баруы... Абайдың әсері Біржанға күшті болды.

А.Жұбанов

ІІ Мағынаны тану

1. Екі топ бір – біріне жіңішке сұрақтар қояды. 

«Абай» тобының жіңішке сұрақтары.

  1. М.Әуезовтің өмір сүрген жылдары ?
  2.  Жазушы шығармалары қанша тілге аударылды ?
  3. Иіс кемпір кімге алғыс айтты  ?
  4. Абай Біржан салды ауылына қандай мақсатпен алдырды ?
  5. Әмір деген кім ?

«Біржан» тобының жіңішке сұрақтары

  1. Жазушы ойнаған футбол командасы қалай аталады ?
  2. Біржан Абай ауылында ең алғаш қай әнді орындады ?
  3. Осы әңгімеде Абайдың қай өлеңінен үзінді берілген ?
  4. Шығармадағы өнерлі жастарды ата ?
  5. Шығарма қай романнан алынған үзінді?

2. Шығармашылық оқу – кейіпкерге еліктеп әсерін бұзбай оқу. Бірінші топ мүшелері осы әңгімеден үзіндіні оқиды, екінші топ мүшелері мазмұнын ауызша жалғастырады.

« Абай » тобы тапсырмалары

1 – тапсырма

...Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді. Қазір басында желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында, Абай қасында отыр.

Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Ол – өңшең қыз-келіншек пен бозбала.Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігін ен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар...

2 – тапсырма

Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға, - деп бастап, қонағына жаңа бір қуаныш жүзімен қарады...

3 – тапсырма

Ол тағы да домбырасын біраз бебеулетіп, желдіртіп алып келіп «Жанботаны» шырқап кетті...

«Біржан» тобы тапсырмалары

1-    тапсырма

Қадірлі ақын, құрметті қонағына Абай қадала қарап қалыпты. ...Ән мен өлең сөзді, өнерінің түгел өзін қосып, бір бітім, біртұтас тұлғадай қиял суретімен елестетіп, көріп отырған көз...

2 – тапсырма

Сонымен қазір Біржандар қайтатын шақ жеткен соң, Абай осы тұрған төрт үйді әдейі қонақтарды шығарып салу тойына арнап тіккізген...

3 – тапсырма

Оқшау тілек. Бірақ  Біржанның бойына сыятын серілік, ерке тілек...

3.Сатылай кешенді талдау.

Әнқұмар, өнерлі жастар

Портрет

Типтік образ

Өнер туралы нақыл сөздер

Кейіпкерлерге мінездеме

  1. Эссе жазу / 8 мин/ Бейнетаспа бойынша ой толғайды.  «Абай» тобына «Мен үлгі тұтқан тұлға»

«Біржан» тобына   «Әнді сүйсең, менше сүй».

  1. «Автор орындығы» ойыны. Автор орындығы стратегиясына сәйкес әр топ өз кейіпкерінің бір әнін орындап, бір өлеңін жатқа оқиды.

ІІІ Ой – толғаныс.

«Абай» тобы Венн диаграмасы негізінде ой түйіндейді.

«Біржан» тобы «Үш жақты күнделік» арқылы ой қорытады.

Бағалау. Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды, қорытынды бағаны мұғалім қояды.

Үйге тапсырмаБіржан сал Қожағұлұлы шығармашылығының зерттелуі жайлы хабарлама жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау
Қысқа қағыспа айтыс.
Біржан сал Абай аулында
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы
Ақын Біржан
Біржан-айтыскер ақын
Біржан Сал Абай аулында
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3419 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык