Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біржан сал Қожағұлұлы


Біржан сал Қожағұлұлы

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын өнер жұлдыздары жайлы толық теориялық мәлімет беру.
Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар арқылы білім мен біліктілікті арттыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ақындар шығармаларының идеясы негізінде өнерге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу, түсіндіру,әңгімелеу, мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу, оқушының мәнерлеп оқуы, тапсырма орындау
Жаңа технология элементтері: СТО         
Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар,   слайд, интерактивті тақта
Сыныппен жұмыс түрі: даралап,  ұжымдық.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптарды қайталау.
     ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең..»
ӘНШІ-САЗГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.
“Сал-серілер”   революцияға   дейінгі  Қазақстан жағдайында   әндік   және ақындық өнердің көрнекті  өкілдері  болған.  Олар өздерінше мәнермен   киінген. Сал-серілер өнердің үш түрін қатар самғатқан. Әрі суырыпсалма ақын, әрі әнші, әрі сазгер сал-серілерді халық жақсы  көрген, оларға айрықша  құрмет көрсеткен. Олар  қазақ халқының  сүйіктісі,  еркелері болған. Олар үнемі халық назарында  болып,  өнер  үшін қызмет көрсеткен. Халық жадында  сал-серілерден Біржан сал мен Ақан сері ерекше орын алады.
2. БІРЖАН САЛДЫҢ ӨМІРІНЕН ДЕРЕК. Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырып салма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржанның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды.
3. БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.
1834 Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол деген жерде туған.
25 жас Ән шығара бастаған
1865 Ұлы Абаймен кездеседі
1871 Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.
1897 Дүниеден өтеді.
3. Біржан салдың шығармашылығы туралы теориялық білім беру.
 
4. «Біржан – Сара» айтысының көтерген әлеуметтік мәселесі, тақырыбы және әдебиеттегі маңызы туралы мәлімет беру.
5. 2009 жылы «Біржан сал» фильмі шыққандығы жайлы хабардар ету (слайд).  
ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру).
Топтық жұмыс. 
      І топ. «Ләйлім шырақ» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып,     талдайды.
  ІІ топ. «Жанбота» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып, талдайды.
  ІІІ топ. «Көкек» өлеңі. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия). 
Топтастыру.
VІ.  Үйге тапсырма беру. «Біржан сал» өлеңін жаттау  
ҮІІ. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айтыс. "Біржан Сара" айтысы
Айтыс өнер, айтыс түрлері-қайым, түре және сүре
Халық әні және опера
М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсынан ариялар орындау
Қысқа қағыспа айтыс.
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ (1834-1897)
Айтыс және көркемдік ерекшелігі
Ақын Біржан
Біржан-айтыскер ақын
Біржан Сал Абай аулында
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7848 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык