Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Міржақып Дулатов «Қыс»


Міржақып Дулатов «Қыс»

Міржақып Дулатов «Қыс»

Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Қыс»

Түсінік:  Әдебиеттік оқу пәніне Міржақып Дулатовтың «Қыс» тақырыбы 2 сынып оқушыларына яғни 7-8 жас ерекшеліктері ескеріліп жасалған  тапсырма. Беріліп отырған тапсырмалар сабақ барысында орындалады. Беріліп отырған тапсырма оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін арттырады. Бұл жаңа сабақты түсіндіру  барысында  орындалады.

Ынталандыру: Мына құпия сөзді шешу арқылы сіздер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты тірек сөзді оқи аласыздар. Дұрыс құрастырған және берілген тапсырмалардың барлығын жоғарғы деңгейде орындаған оқушылар «Автор орындығының » иегері болады.

Тапсырма: Құпия сөзді шешекеннен кейін берілген мәтінді түсініп оқып, берілген тапсырмаларға нақты жауап жаз.  

Нұсқа:

1.Берілген мәтінді оқып шық.

2.Жыл мезгілдері туралы әңгімеле

3.Оқулықтан тақырыпты тауып, мәтінді  оқып шық.

4.Берілген сұрақтың жауабын  кестедегі тиісті орындарға жазып шық.

5.Қыс айларын атап шық

 

Тапсырма 1: Мына құпия сөзді дұрыс шешсең , жыл мезгіліне байланысты сөзді оқи аласың.                                                      Құпия сөздің кілті

                                                                    Е                           С               Л

 

 

                                                                          І

 

 

                                                                      К                 Е                Ы

 

 

                                                Қ              Т             Б

 

Тапсырма Мәтінді түсініп оқып, байқау парағындағы сұрақтар мен тапсырмаларға  нақты жауап жаз.

Мәтін

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптаған. Жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыстыгүні аяз күшті болады. Үскірік борандар да аз емес. 

            Қыстыгүні үй жануарларына да бапсыз. Иелері жылы қораға шөп салып, бағып , қағады.

            Адамның өзі де суықтан қорғанады. Жылы киім киінеді. Үйлеріне от жағады.

            Қыстыгүні жылқышыларға өте қиын: қандай суық борандарда күні түні далада жүргені. Қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқады.Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған.

            Сабаққа таңертең баратын баланың да ертеңгі аяз есінен көпке шейін шығатын емес.

Байқау парағы

Мәтіннен жануар атын тауып ол сөзден бірнеше сөз құрап жаз.

 

Берілген мәтіннен мағынасы бір - біріне жуық және қарама қарсы сөздерді тауып жазыңыздар

 

Мәтіннің тақырыбын ажыратып, сол сөздерден  өлең шумақтарын құрастыр.

 

Мына берілген сөздерге ортақ бір әріпті тауып, суретті сипаттап  әңгімелеп бер.

 

Қасқыр-

 

Қ-ыстың

Ы-зғарлы

С-уығы

 

 

 

Дерек көздері:  Мәтіннен қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі Міржақып Дулатов. М.Дулатовтың  балаларға арналған көптеген шығармалары бар.  Жыл мезгіліне байланысты шығармаларының бір – «Қыс». Қысқы құбылыстар сипатталады.

  1. 2 сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығы 88-90б

Модельдік жауап:

1 тапсырма:

Жоғарыда берілген нұсқау бойынша құпия сөздің жауабы: Қыс келбеті

Мәтіннен жануар атын тауып ол сөзден бірнеше сөз құрап жаз. Ол жануар - қасқыр

Қасқыр : қас, ас, қақ,ақ,рас, сақ, ық, асыр, сыр, ар, қар, асық,қасық, ақыр, ақы, арыс, арық, қақ, қыр, сары.

Берілген мәтіннен мағынасы бір - біріне жуық және қарама  -қарсы сөздерді тауып жазыңыздар:

Суық- жылы, күні-түні

Аяз, үскірік, боран

Мәтіннің тақырыбын ажыратып, сол сөздерден  өлең шумақтарын құрастыр

Қ-ыстың                                                  Қыс келіп суық ызғарлы,

Ы-зғарлы                                                 Айнала қарға оранды.

С-уығы                                                    Аққала жасап балалар,

                                                                  Жайдарлы жүзбен қуанды.

 

 

           Мына берілген сөздерге ортақ бір әріпті тауып, суретті сипаттап  әңгімелеп бер.

Ортақ әріп- Қ дыбысы. Мына сөздерді оқи аламыз: Қыс, қар, қырау, қаңтар, қалашық, қаршақыз.

Қыс. Айнала аппақ қар. Қаңтар айы еді. Жан-жағымдағы заттардың бәрін қырау басқан. Үлкен әрі әдемі қалашықтың маңына,әсем етіп қаршақыз бен аяз атаның бейнесі көз жауын алады. Сол әсем бейнеге тамсана қарай отырып,аққала бейнесін жасадым.

   Қыстың сәні-қар. Осы қардан жасалатын аққала бейнесі. Аққала аппақ қардан жасалады. Ол әр түрлі пішіндегі дөңгелектерді біріктіру арқылы  шығады . Қолдарына сыпырғыш  ұстап, көздерін көмірмен, мұрындарын үшбұрышты  етіп, бастарына шелек кигізіп   әдемі бір бейнені балалар өз ойларымен жасайды және онымен ойнайды.   

Бағалау:

Барлығы-20 балл

Берілген байқау парағындағы  кестені дұрыс толтырғаны үшін -3 балл

Құпия сөзді шешкені үшін-3 балл

Мәтінмен жұмыс үшін-  4 балл

Кесте толтыру- 10балл

 Максималды балл -20

Баға:

«5» - 18 -20 балл

«4» - 15-17 балл

«3» - 10- 14 балл

«2» - 9- дан төмен 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қыс» Міржақып Дулатов.
Міржақып Дулатов «Шілде»
Міржақып Дулатов Қыс
Абай Құнанбаев «Қыс», сын есім
Қыс. Зат есім
Қысқы ауа райы
Қысқы ауа райы
Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
Қош келдің, Наурыз! М.Дулатов
"Қысқы орманға саяхат" технологиялық картасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4133 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык