Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М Дулатұлы


М Дулатұлы

Сабақтың тақырыбы: М Дулатұлы

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру , «Шешенің балаларын сүюі»  өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру                                                                                  
2.Дамытушылық:  мәнерлеп оқуға  дағдыландыру 
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Жаныс ақынға  жаттау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
   Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
  Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
  Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, 
  Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. 
 
Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен  айырылып, жетім қалған Міржақып бұдан кейін Асқар деген  ағасының тәрбиесінде болады. 1902 жылы, уездік мектепті  бітірген соң, еңбекке араласады. Біраз жыл ауыл мектептерінде бала оқытады. 
 
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды.    Наразылық  туды.  Күресудің    жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей  де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің  қарсаңында болатын. 
 
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы  қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 
 
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақьш қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің  қуғындауына ұшырайды. 
 
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Міржақып  өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен құрылысы 
Эпитет ,метафора ,қайталау түрлерін табу 
ІV. Cабақты меңгерту.
Өлеңдерін құрлысына талдау
Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын табу
Мәнерлеп оқу
Сөздікпен жұмыс.
 
V. Сабақты қорытындылау
              Туған жылы
Туған жері
              Еңбектері
              Қайтыс болған жылы
 
VІ.Үйге тапсырма
Үзінді жатау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жүсіп Баласағұни
Мен- құстан туған құмаймын
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Қалқаман-Мамыр
Ж Жабаев, Жаныс ақынға
Жұмабаев Батыр Баян
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Айбергенов, Ана, Аруана – бауыр дүние
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6546 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык