Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»


Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты: Романның мазмұнын түсіндіре отырып, композициялық талдау жасау.

Міндеттері:

  • - Романның негізгі оқиға желісін меңгеріп, ақынның айтайын деген ойын ашады.
  • - Сыни тұрғыдан ойлауға байланысты міндеттер: шығармаға, кейіпкерлеге сыни тұрғыдан талдау жасайды.

Тәрбиелігі: бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде топтық жұмыстарды орындап, бірлестікке тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі емес

Әдісі: түсіндіру,  мағынаны ажырату, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.

Типі : жаңа сабақты жан- жақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын портіреті, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлерін тексеру.

Мағынаны  толық  тану сатысы.

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
  • Кейіпкер бейнесі
  • Шығарманың құрылысы

Балалар,  мына портіретте біз кімді көріп тұрмыз?

- Дұрыс айтасыңдар, біз өткен сабақта танысқан жазушы Шерхан Мұртаза.

- Біз Шерхан Мұртазаның қандай шығармасымен таныстық?

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

Өткен сабақта берілген тапсырмаларды  кім орындап келді?

Тірек – сызбамен жұмыс (өмірбаяны).

Баяндаудың жоспары.

Мазмұндау.

Бекіту.

Кейіпкерлер бейнесі.

Балалар бізде кейіпкерлер бейнесі нешеге бөлінеді?

Дұрыс айтасыңдар, ал енді біз осы кейіпкерлерді тауып, дәптерімізге жазып алайық.

Қазір мен тақтаға кейіпкерлер бейнесін жазатын парақты ілемін , сендер кезекпен  шығып кейіпкерлер есімін жазып шығасыңдар.

Негізгі кейіпкер

Қосалқы кейіпкерлер

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мазмұнын түсіндіріп шығамын.

Шығарманың  құрылысын талдау

/Мен алдарыңа дайын тірек сызбаны беремін, ал сендер шығарма құрылысын талдап жазып шығыңдар)

Экспозициясы

/басталуы/

Байланысы немес дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

 

 

 

 

 

/кезекпен жауаптарын оқиды/

  Балалар, оқиға желісін,  дамуын шығарманың арқауы дейді. Ал, шығарманың арқауы екігі бөлінеді.

Балалар, қандай шығармаларды оқиғалы шығармалар дейміз? (роман, ертегі, батырлар жыры, әңгімелер, хикаялар)

Ал, қандай шығармаларды оқиғасыз, яғни сюжетсіз шығармалар дейміз? (көңіл- күйге байланысты жазылған өлеңдер, Лирикалық өлеңдер)

Бірақ балалар бұл  өлеңдердің өзіндік құрылысы мен компазициясы болады.

Ал,   Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасы қай түріне жатады.

/Дұрыс, айтасыңдар. Ол сюжетті шығармаға жатады./

Балалар, осы шығармада басымырақ келетін монолог пе әлде диалог пе?

/Диалог басымырақ келеді/

  1. Диалогтан үзінді оқыту.
  2. Монолг бар жерін тауып ал.

/ дәптермен жұмыс/

Қырғызбай деп жаз, қарағым.

Бала сазарып қалды. /тұрақты тіркес/

Естіген сөзді ұмытпа!

  1. Өз кіндігінен  оқуға түсер бала жоқ.
  2. Сөзі ірі болса да, зілі жоқ.
  3. Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы.
  4. Тұрардың ойында: «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» деген сұңғыла сұрақ тұрды.

Мына бір жердегі үзіндіні оқимын сендер қандай әдіс бар екенін тауып алыңдар.

- Атың кім? – деді Әліпбек қағаз- қаламын алып.

- Тұрар.

- Әкесінің аты кім?

- Кемпір жақсы көретін қайнысының атын атай алмай, амалсыз тілі байланып тұріп, шалына:

- Айтсаңшы –ей! – деді. / қазақ тіліндегі табу әдісі, келіннің қайынысының есімін атамау/

Бекіту.

Қазақ халқының  көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өзі туралы таным деректен не білеміз? /мазмұндау/

Қорытындылау.

Бала Тұрардың арманы қандай еді?

/оқу/

Үйге тапсырма.

Мазмұндау 232-234 бет.  Сұрақ тапсырмаларға жауап жазу.

Бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау блыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Бала Тұрар" Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза "Бала Тұрар"
Ш. Мұртаза « Бала Тұрар»
Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы
Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала» әңгімесі
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Шерхан Мұртаза, Бесеудің хаты
«Толағай» жырындағы кейіпкерлерге мінездеме
Ш.Айтматов "Найман-Ана"
Ш.Мұртаза "Тұтқын бала"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5829 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык