|
|
Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: білімділік - Ш.Мұртазаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру.
дамытушылық – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
тәрбиелік – ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздар, жетондар, кітапшалар.
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру.
а\.Оқушыларды түгендеу, тәртіпке келтіру.
ә\.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
Оқушылармен амандасып, үш топқа бөлу. Әр топқа ат қою.Әр кезеңнің бағалары сары, көк, қызыл түсті жетондарме н бағаланып оты- рады.
Сары «3», көк «4», қызыл «5».
І топ – «Алғыр» ІІ топ – «Білгір» ІІІ топ – «Тапқыр»
І кезең « Бетпе – бет »
«Алғыр » тобы. Мұқағали Мақатаевтың өмірін әңгімелеу.
«Білгір» тобы. «Аққулар ұйықтвғанда» поэмасын әңгімелеу.
«Тапқыр» тобы. Поэмадан үзінді өлең шумағын айту.
ІІ кезең « Топтастыру »
«Алғыр»тобы Мұқағали кім?
«Білгір»тобы Поэзиялық шығармалары.
«Тапқыр »тобы «Аққулар ұйықтағанда » поэмасындағы кейіпкерлер
ІІІ кезең « Тауып оқыңдар».
Төмендегі дөңгелекте бүгінгі тақырыбымыздың аты жазылған. Ол үшін әр санды рет-ретімен тауып, сол санның қасындағы жазылған әріптерді құрастыру керек. Жауабы: Шерхан Мұртаза.
Дәптерлеріне күннің жады мен тақырып атын жаздыру. Жаңа сабақты түсіндіру. Шерхан Мұртазаның өмірін, шығармашылығын (Хронологиялық тапсырмалар арқылы) әңгімелеу.
ІV кезең «Әдебиет теориясы» Әдебиет теориясын түсіндіру.
« Алғыр » тобы Драма
« Білгір» тобы Комедия
« Тапқыр » тобы Трагедия
V кезең « Кітаппен жұмыс » Слайдта берілген тапсырмаларғат кітаптың көмегімен қысқаша деректер жазу.
1.Ш.Мұртаза қашан дүниеге келді? 4.Ш.Мұртаза кім?
2.Туған жері. 5.Пьесалары.
3.Қандай оқуға түсті? 6.Хикаяттары мен әңгімелері.
VI кезең «Тест тапсырмасы ». Үш топқа беріледі.
( Тес тапсырмасы өткен тақырыптар бойынша беріледі ).
ІІІ.Үй тапсырмасын беру: а\.Шерхан Мұртазаның өмірі туралы оқып келу. Ш.Мұртаза туралы деректер іздестіріп келу.
ІV. Қорытынды. Жетондарды санау арқылы, топты бағалау,сабаққа көп қатысқан оқушыларды жеке бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |