Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл-әдебиет білгірі


Тіл-әдебиет білгірі

Тіл-әдебиет білгірі

Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.

Міндеттері:

1) оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

2) ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, ізденімпаздыққа баулу;

3) оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер

Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер, халық педагогикасы.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау

- Қымбатты  ұстаздар, оқушылар!  Бүгінгі 11 «Б» сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тіл-әдебиет білгірі» атты сайысына қош келдіңіздер!

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса,  бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Топты таныстыру.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызда әдебиет  пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс  үстінде жүретін алғыр оқушыларымыз 11 сынып бітіргелі отырған, өзінің сүйікті мамандығының иесі болуды мақсат етіп, мамандық таңдап үкілі үміттерімен отырған 11 «Б» сынып оқушылары  қатысқалы отыр.

«Білгірлер» тобы Мүшелері:

«Алғырлар» тобы Мүшелері:

(Әділқазылармен  таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:  ...    

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І. «Бәйге» кезеңі

ІІ. «Дода» кезеңі

ІІІ. «Кейіпкерлер әлемі»

ІҮ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (ситуациялық сұрақ)

Ү. «Жорға»

ҮІ. “Тұран жолбарысы”

ҮІІ. Ойтолғау. «Тұранның тұғырлы тұлғасы – Жалаңтөс Баһадүр» тақырыпта эссе жазу.

 «Бәйге» кезеңі

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы  шарты  «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілі пәні бойынша 10 сұрақ, әрқайсысына 10 ұпайдан беріледі. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беріп 5 ұпайды өздеріне алуына болады  

«Білгірлер» тобы

  1. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
  2.  «Компьютер» сөзін оңаша түрде тәуелдеңіз
  3. Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
  4.  «Көкпеңбек,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? (Күшейтпелі шырай)
  5. Есімше қалай жасалады? (-ған, -ген, -қан, -кен, -ар,-ер, -р, ма+с, -атын, -етін, -йтын, -йтін,     -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
  6. Қашан? Қалай? Қайтіп? Не үшін? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Пысықтауыш)
  7. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

     Мұғалім айтқанда, ол жазады.( Мезгіл бағыныңқы.)

  1. «Шешендік өнер» қай тілден енген?
  2. Шешеннің парызы – шындықты айту. Шешендік – ақылмен билеу өнері. Авторы кім? (Платон)
  3. Аяз би мен Майқы би қазақ шешендік өнерінің қай кезеңінің шешендері болған?

(ХІ-ХІІІ)

«Алғырлар» тобы

  1. Көсемше қалай жасалады? (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі)
  2. Екпін түрлерін ата? (Ой екпіні, тіркес екпіні, сөз екпіні, дыбыс екпіні)
  3. Асан қайғы мен Жиренше шешен қазақ шешендік өнерінің қай кезеңіне жатады?

(ХІҮ-ХҮІғғ)

4. Қазақ шешендік өнерінің бесінші кезеңі қалай аталды? (Бек-болыстарға қарсы шешендер.)

5. «Ұстаз» сөзін жіктеңіз

6. Қандай? Қай?  Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)

7. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)

8. Шешеннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)

9. Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңіндегі шешендерді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

10.Қазақ шешендік өнерінің төртінші кезеңіндегі би-шешендер қалай аталды? (Хан-сұлтандарға қарсы шешендер)

ІІ. «Дода» кезеңі.

Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.

Білдірер білім елге білім сырын,

 Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер, - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша білімімізді көрсетеміз. Қазақ әдебиетін 4  кезеңі берілген. Әрқайсысында 5сұрақтан әзірленген.

Әр дұрыс жауапқа  10 ұпайдан ұпай беріледі.

1. Ежелгі дәуір әдебиеті.

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өлмесін деп,

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым. «Күлтегін» жырында кімнің сөзі? (Білге қаған)

2Ж.Баласағұнның 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұратын еңбегі? (Құтты білік)

3. «Ақиқат сыйы» 14 тараудан туратын кімнің дастаны? (Ахмет Йүгінеки)

4.  Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ғұлама деп атаған ақын, әдебиетші, ойшыл кім? (Әбу Насыр Әл-фараби)

5. Ахмет Йассауидің «Диуани хикметте» не туралы суреттелген? (63 жасқа дейінгі өз өмірі.)

2. ХІХ  ғасырдың І жартысындағы әдебиеті.

1.  С.Аронұлын М.Әуезов қалай атады? (ХІХ ғ Жетісу ақындарының алтын діңгегі)

2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»  өлеңінің авторы кім ?

(Сүйінбай Аронұлы)

3.  «Жанбота»  әні қай ақынның ашу-ызаға толы өлеңі? (Біржан сал Қожағұлұлы)

4. «Ілімге толса көкірек», «Ұрлықтың түбі – қорлық-ты.» кімнің толғауы? (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

5.  «Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім» қай ақынның өлеңі? (Махамбет)

3.  ХІХ  ғасырдың   ІІ  жартысындағы әдебиеті.

1. «Қамар сұлу» романының авторы кім ?   (С.  Торайғыров)

2. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдерінің авторы кім? (А.Байтұрсынов)

3.  «Менің дертім, жігіттер, емес оңай,

Болып едің дейсің ғой қашан олай.

Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,

Ойланбаған өмірдің бәрі солай»    Кімнің өлеңі ?  (Ш. Құдайбердіұлы «Өкінішті өмір»)

4.  Жүсіпбек Аймауытовтың   «Әнші »  әңгімесі   кім туралы жазылған (Әміре Қашаубаев)   

5. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? (М.Дулатов)

4.  ХХ  ғасыр әдебиеті

1. «Ұлпан» романының   авторы кім ?  абит Мүсірепов)

2.   «Оюлар» – халқымыздың мәдени-ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлең кімнің 

       өлеңі? (Ф.Оңғарсынова)

3.  «Қан мен тер» трилогиясы қай жазушының шығармасы?   (Ә.Нұрпейісов)

4.   Сәбит Мұқановтың   автобиографиялық романын  ата.  ( «Өмір мектебі»)

5.   «Білем   сені, сүйем сені

Сыр сұлуы  қарт анам

Сенсің мені әлдилеген

Туған сенен- мен балаң»  Кімнің өлеңі?    (Ә. Тәжібаев)

ІІІ. «Кейіпкерлер әлемі» бұл кезеңде біз өзіміз оқыған шығармалардан кейіпкердің сөздерінен үзінді беріледі. Шығарманың аты мен сол кейіпкерді табасыздар.

 Ұпай саны -10ұпайдан.

1. «Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»

Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

(М. Әуезов   «Абай жолы» романы.  Абайдың портреті)


2. «-Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі атауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.»

Жамбыл тауының етегінде, қақаған қыстың боранды күнінде туыппын.

Қай ақынның сөзі? (Ж.Жабаев «Менің өмірім»

3. «-Алдымда неше қатар тұрса да оқ,

Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.

Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,

Бір жарымдай болмайды көңілім тоқ»

Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі?

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Айбас сері)

4.«- Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен-бірі өткен қиын.

      Бұл кітап – Абай өлеңдерінің жинағы. Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады.»

Кімнің сөзі? (Мұхтар Әуезов «Менің өмірбаяным»)

5. –Балам-ау, сен іздесең кез келейін,

  Сені құдай берген соң неге өлейін?

  Сен бетпақтан шөлдетпей алып өтсең,

  Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін.

Үзінді қай жырдан, кімнің сөзі?

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Қарабай сөзі)

6. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

    Теңізде жүрміз қалқып, көшпесі жоқ.

    Жел соқса, құйын қуса жылжи беру

   Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.

(А.Байтұрсынұлы «Қазақ қалпы»)

7. «Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой»

 Үзінді қай романнан алынған? (М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» Жамал.)

8. - Тым болмаса он бестен аспай жатып,

Қорлықпен өткенің бе, қайран күн-ау!

Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе,

Бәлеге құтылмастай жеткенім бе?

Малы көп мал сияқты пасық қақпас

Жанымды соған құрбан еткенім бе?

 Үзінді қай романнан алынған? (С.Торайғыров «Қамар сұлу» Қамар сөзі.)


ІҮ.Келесі кезеңіміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ»  кезеңіне де жеттік, бұл кезеңде ортаға ситуациялық сұрақтар яғни жағдаяттар беріледі. Бір топ ақтаса, екінші топ жақтайды. Бұл жерде сіздердің ой-пікірлеріңізді білеміз. Кезеңнің аты айтып тұрғандай өз ойларыңызды қаншалықты дәрежеде ашып жеткізе отырып, шешендіктеріңізді көрсете аласыздар. Ұпай саны 10 ұпайдан.

Бірінші жағдаят.

Сабақ үстінде оқушы партаға жазу жазып отырды. Мұғалім оған ескерту жасады, Бірақ оқушы жазуын бұдан кейін де жалғастыра берді. Оқушы мәдениеті туралы не айтуға болады? Әр топ өз көзқарастырын қорғайды.

Даттаушы топ (Білгірлер): Оқушының сабақ үстінде партаға жазуы дұрыс емес, қоғам мүлкін бүлдіруге болмайды, бұл оқушы мәдениетінің төмендігін көрсетеді.

Ақтаушы топ (Алғырлар): Оқушының сабаққа қызығушылығы жоқ, мұғалімнің сабақ әдісі оған ұнамайды, сондықтан ол осындай іспен шұғылданды.

 

Екінші жағдаят. Оқушы анасынан би кешіне баруға рұхсат сұрады. Ол бұл жайында достарымен уәделесіп қойған болатын. Анасы баласына рұсат бермеді. Ана мен бала арасында ренжісу, сөз алысу болды. Оқушы мәдениеті жайында не айтуға болады? Әр топ өз көзқарасын қорғайды.

Ақтаушы топ (Білгірлер): Оқушы достарымен уәделесіп қойған, егер ол уәдесін орындамаса, идостар арасында бір-біріне сенімсіздік туады, оқушы анасымен солүшін сөзге келді.

Даттаушы топ (Алғырлар): Оқушы анасының айтқаның  істеу керек,  анасымен сөз алысуы дұрыс емес,  ана баласына  ешқашан зиян ойламайды, бұл тәрбиесіздік мәдениетсіздікті көрсетеді.

Ү. Олай болса, келесі кезеңіміз «Жорға» кезеңіне өтелік. Бұл кезеңде бізде әдебиет теориясы бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.

1. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (Портрет)

2. Кітаптың тақырыбы, идеясы және басты мәселелері өте қысқа түрде айтылуын не деп атайды? (Аннотация)

3. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)

4. Затты не құбылысты кішірейте суреттейтін көркемдік құрал не деп аталады? (Литота)

5. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (Диалог)

6. Әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі, көркем әдебиеттегі образдың қай түріне

жатады? (Реалистік образ)

7. Көркем әдебиеттегі  табиғат көркін суреттеу  не деп  аталады? (Пейзаж)

8. Екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі  қалай аталады? (Параллелизм)

ҮІ. “Тұран жолбарысы”  кезеңі

 Қайран ел- ғасырларда қанға бөккен.

Ұлдарын медет тұтып, қорған еткен

Жалаңтөс Баһадүр де жанын салып,

Қазағым, қайда жүрсің қорғап өткен!

Қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшысы, Самарханның әмірі Сейтқұлұлы Жалаңтөс Баһадүр. Олай болса, сіздердің «Тұранның тұғырлы тұлғасы – Жалаңтөс Баһадүр» туралы білімдеріңізді сарапқа салсақ деп отырмыз. Біз берілген ұяшықтарды екі топ өз кезегімен таңдау арқылы сұраққа жауап берейік.

Ұпай саны-10ұпайдан.

  1. Қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшысы Сейітқұлұлы Жалаңтөс Баһадүр қай жылдары өмір сүрді? Ж: 1576-1656жж.
  2. Жалаңтөс Баһадүрдің туып өскен жері қай жер? Ж: Сырдарияның төменгі ағысы
  3. Жалаңтөс Баһадүрдің әкесі Сейітқұл қандай болған? Ж: 40 мың Алшындардың басын біріктірген елбасы, ірі бай, ықпалды қажы болған.
  4. 1581жылы Жалаңтөс әкесі Сейітқұл қай жерге көшіп келді? Ж:Бұхар маңына көшіп келіп, Бабата тауын қоныс етеді.
  5. Жалаңтөс би Сейітқұлұлы – қазақ батыры. Ертеде  қай ел оны «Баһадүр» деп атаған?

Ж: Шығыс елдері.

  1. Жалаңтөс Баһадүрдің сүйегі қай жерге қойылған? Ж: Самарханнан 12шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындағы зиратқа қойылған.
  2. Жалаңтөс Баһадүр  1640 жылы қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қай елдің ханын

жеңіп шықты? Ж: Қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап жеңіп шықты.

8.Жалаңтөс Баһадүр Самарқанға қандай медреселер салдыртты?

Ж: «Тіллә-кәри»(Алтынмен апталған медресе), «Ширдар» (Арыстанды медресе). Бұлар сәулет өнерінің аса көрнекті ескерткіштері болып табылады.

ҮІІ. Ой толғау.

Сан ғасырлық тарихы бар ұлы даламызда небір батырлар өткен. Алайда, Жалаңтөс Баһадүрдің орны ерекше. Жоңғарлармен шайқаста от пен оқтың ортасында қол бастаған батыр бабамыз халқына талай жеңісті алып бергені белгілі. Жалаңтөс Баһадүр  туралы тарих өз бағасын берді. Сонда да болса айта кетуіміз керек, ол кісі бүкіл қазақ халқының маңдайына біткен бақыты, мақтанышы.

Қазір сіздерге «Тұранның тұғырлы тұлғасы – Жалаңтөс Баһадүр» тақырыпта эссе (ой толғау) беремін. Жалаңтөс Баһадүр туралы қай топ өз ойларын қалай жеткізетінін байқап көрсек.

(Дайындыққа уақыт 3-минут.)

Бүгін, міне, батыр бабамыздың есімі ұрпақ жадында қайта жаңғырып, ұлы қолбасшы тұлғасы қайта дәріптелуде. Ұрпағының, барша қазақ халқының арқасында баба тұлғасы ғажайып тұғырға қонып, тәуелсіз еліміздің тарихында жаңаша жазылып жатыр деп айта аламыз.

Осымен сайысымыздың жеті кезеңі де аяқталды.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдебиет көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Әуезов Ақын қонақтар
Ең озық әдебиетші
«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс
Арифметикалық прогрессия
Математика аруы -2014
Математика аруы -2014
Әдебиет 5 сынып.
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 14876 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык