Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі


Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі

Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі

Сәлемдесу. 3 сынып оқушысы Проходов Алексей өз сыйлығымен келіп тұр. Мына өлең жолдарын   кім жазды, қалай аталады?  

 «Кел, балалар оқылық!»  өлеңін айтады.

 Ақын не айтпақшы болған? Білім туралы.

Балалар жауап береді. Бұл өлең Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.

Бүгінгі сабақтың айдары болады.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны және «Бай баласы мен жарлы баласы»  әңгімесімен танысу.

  1. Білімділік мақсат: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу. Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесін жан-жақты талқылау.
  2. Дамытушылық: әңгіменің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушылардың өздік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселдіру.
  3. Тәрбиелік: педагог жазушының халыққа берген тәрбиесін оқушылар бойына дамыту, үлгі ету, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: портреті, эпиграф, тірек-сызбалар, сурет, буклет, кітаптар.

Барысы: Өмірбаянымен таныстыру.

  • 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында туған.
  • Атақты жазушы, талантты ақын, педагог, балалар әдебиетінің атасы.
  • 1864 жылы Торғайда қазақ мектебін ашты.

Оқушыларға сұрақтар қою, бір оқушы қысқаша өмірбаянын  айтып береді.

Көзге арналған сергіту сәтін өткізу.

Оқулықты  ашамыз, сөздікке қараймыз.

Мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды, 3 сөзді орысша оқып, олар қазақшасын табады.

Әңгімемен жұмыс. Мұғалім оқиды. Оқушылар оқиды. Әдеби теорияны еске түсірейік.

Балалар тақырыпқа оралайық, әңгіменің қандай ерекшеліктері бар? Қандай жанрға жатады?

Балалар жауап береді, ерекшеліктерін айтады.

Ендігі біздің кезеңіміз топпен жұмыс.

Асан тобы: Жетекшісі Волтова Галина.

Үсен тобы: Жетекшісі Якунина Дарья.

1-    Сұрақ: Асан тобына. Бұл әңгіменің негізгі тақырыбы не?

Жауабы: еңбексүйгіштік, қамқорлық, қайырымдылық. Трудолюбие, заботливость, доброта.

2-    Сұрақ: Үсен тобына Негізгі кейіпкерлері кім?

Жауабы: Асан, Үсен.     

3-    сұрақ. Асан тобына Асанның іс-әрекеттерін табу.

Үсен тобына Үсеннің іс-әрекеттерін табу.

Жауаптары:

Асан

Жылайды

Қарным ашты дейді

Үйрекпен ойнайық дейді

Тал жинады

Ұйықтап қалады.

Үсен үндемейді Қылдан тұзақ жасайды От жағады Үйректі пісіреді Ұйықтамайды.

4-  сұрақ. Асан тобы Асанның мінезін жазады.

Үсен тобы Үсеннің мінезін жазады.

Асан

  • Жалқау
  • өмірге дайын емес
  • еш жағдайдан шыға алмайды

Үсен

  • еңбекқор
  • тапқыр
  • өмірге дайын
  • Бір оқушы қысқаша түсіндіріп береді.

5-  сұрақ. Әңгіме неге тәрбиелейді?

Жауап:

  • еңбекқорлыққа
  • төзімділікке
  • шыдамдылыққа
  • тапқырлыққа
  • қамқорлыққа
  • өмірге дайын болуына

6- сұрақ. Алдын-ала берілген тапсырманы қаншалықты  орындалып келгенін тексеру.

Асан мен Үсен деген кейіпкерлердің аттарына адамның қасиеттеріне байланысты  сөзжұмбақ құрып келу.

7- тапсырма. Суретке қарай отырып, негізгі кейіпкерлерді қандай деп елестетесіңдер?  Түсінгені бойынша тірек-сызбаның көмегімен  Якунина Дарья қысқаша мазмұнын айтып береді.

Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Рефлексия: Балалар сабақтан қандай әсер алдыңдар? Бағалау.

Сабақты аяқтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Интеллектуалды сабақ "Тапқырлар"
Бай баласы мен жарлы баласы
Тұңғыш ағартушы-ұстаз
Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба
Жергілікті жерді бағдарлау.
Ыбырай-шағын әңгіме шебері
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 9059 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык