Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі


Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

   Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларды Ж.Аймауытовтың әңгімесімен таныстырып, тақырыбын ашу, ән өнерінің құдіретін түсіндіру, әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан-жақты таныту;
  • Дамытушылық: Оқушыларды топтық жұмыстар арқылы дербес жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық ойлауын дамыту. Талдау жасата отырып оқушының ой-өрісін, өнерге деген көзқарасын кеңейту, шығармашылық қабілетін ұштау;
  • Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлықтарын арттыру, халықтың біртуар перзенттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Өнер, ән құдіретін бағалай білуге баулу. Қазақ халқына тән адамгершілік қасиеттерді, өнерге деген сүйіспеншілікті бала бойына сіңіру.

Сабақтың міндеттері: әңгімені түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбы мен идеясын анықтайды, сұрақтарға жауап беру арқылы Әмірқан тұлғасын ашады, әңгімеде қолданылған көркемдегіш құралдарды табу арқылы жазушының тіл байлығын таниды.

Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы.

Сабақтың түрі: тәжірибелік-талдау, іздендіру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру стратегиясы, ой шақыру, Блумның мақсат қою технологиясы, сөз, логикалық ( анализ, негізгісін бөліп алу, дәлелдеу).

Пәнаралық байланыс: география, музыка.

Сабақты ұйымдастыру формасы: жекелей, топпен, ұжымдық.

Сабақтың алгоритмі:

  1. Топтастыру ( жылдар сөйлейді).
  2. Сюжеттік жоспар құру.
  3. Әңгіме мазмұнын білу, тақырыбы мен идеясын ашу;
  4. Прототип туралы түсінік;
  5. Топпен жұмыс;
  6. Әңгімені Блум технологиясы бойынша талдау;
  7. Сабақты тест орындату арқылы бекіту, қорыту, бағалау.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді, әр топ басшысы берілген бағалау парағын толтырып отырады, сабақ соңында баға қойылады.

Көрнекілігі: Слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-Амандасу, түгендеу;

-Сабақтың мақсатын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Жылдар сөйлейді». Топтастыру стратегиясы арқылы көрсетіледі.

Мұғалім сөзі:

Ұлы Абайдың:

«Жиырма жеті жасында,

Әбдірахман көз жұмды.

Сәулең болса басыңда,

Кімді көрдің бұл сынды» деп жоқтау жазғаны белгілі. Көріпкел кемеңгер осы жолдарын енді бір 20-30 жылдардан кейін өмір сүріп, өзінен үйреніп, өзін жалғастырып жарқ ете қалатын жарық жұлдыз Сұлтанмахмұтқа да арнап кеткен сияқты. 27 жасында көз жұмған С.Торайғыров қиыншылықпен өткен қысқа өмірінде әлденеше лирикалық өлең, 5-6 поэма, ондаған мақала, 2 роман жазды.

Ой шақыру стратегиясы. Интерактивті тақтада мына сөздер жазылады:

Жезтаңдай, күміс көмей, дарынды.

Бұл сөздер кімге арналған? (Әншіге).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ендеше, сабағымыздың тақырыбы Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі.

( Жазушының шығармашылығы бойынша бейнебаян көрсетіледі ).

Сабақтың эпиграфы:

 «Сегіз қырлы, бір сырлы

Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін». Б.Майлин.

Қазақстанның шығармашылық  интеллегенциясының және әдебиеттің көрнекті өкілі – Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931). Саяси қайраткер, романист, драматург, аудармашы ретінде кеңінен танымал болған оның көркем шығармалары сындарлығымен, маржандай төгілген тілімен, эстетикалық бояуларының қанықтығымен, жоғары идеялығымен ерекшеленеді. «Қазақтың Ушинскийі» атанған ол педагогика, психология саласында кемел табыстарға жетті. Ж.Аймауытов – «Педагогика», «Психология» оқулықтарының, оннан астам пьеса, елуге тарта повестердің авторы әрі Пушкиннің, Гогольдің, Толстойдың және басқалардың шығармаларын аударған білікті аудармашы. Торғай жеріндегі ашыққан халыққа жәрдем беретін топ құрамында болады. Осы жұмыс бойынша бірнеше рет жауапқа тартылады. Халыққа тарататын малды дұрыс үлестірмеген, өзі пайдаланып кеткен деген айып тағылады. Бұл айыптардың анық-қанығына толық жетпей, аталған іске қатысқан 14 адамның қатарында 1931 жылы өлім жазасына кесілді.

 Ж. Аймауытовтың шығармалары: «Ақбілек», «Қартқожа» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Мансапқорлар» пьесасы, «Әнші», «Боранды болжағыш әулие», «Елес» т.б әңгімелері бар.

Жүсіпбектің әншілік өнерді аса қадірлегенін, өзі де ән салып, ән шығарғандығын «Әнші» классикалық әңгімесінен аңғарамыз. Бұл шығармада жазушы суреткерлік, мүсіншілік тұрғысында жаңа бір соны қырынан көрінген.

Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі әнші Әмірқан - өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесі (прообразы).

 ( Жазушы шығармашылығына байланысты бейнебаян көрсетіледі).

  Прототип- әдеби шығармалардағы белгілі бір көркем бейненің негізі етіп алынған адам. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқанның бейнесіне прототип етіп атақты әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі алынған.

Әңгімені мазмұндауда бірізділік, жүйелілік болуы шарт. Ең алдымен шығарманың мазмұнын толық меңгердік пе? Соған қол жеткізу керек.

Сюжеттік жоспар.

1-топ: Әңгіме желісін сақтай отырып, сюжеттік жоспарды ретімен орналастыру.

1. Жетішатыр қаласы;

2. Шәкет үйі;

3. Әншімен алғаш таныстық.

4. Наурыздағы ойын-сауық;

5. Ойын-сауық бағдарламасы;

6. Аруақты әнші;

7. Әмірқанның тұрмысы;

8. Ән туралы әңгіме.

2-топ: Әңгіменің композициялық құрылысын жүйесімен жайғастырады.

1. Оқиғаның басталуы: Жетішатыр қаласында әншімен алғаш таныстық.

2. Оқиғаның байланысы: Ән құдіреті.

3. Оқиғаның дамуы: Наурыздағы ойын-сауық.

4. Оқиғаның шарықтау шегі: Әнші қонақжайлылығы.

5. Оқиғаның шешімі: Ән туралы әнші ойы.

3-топ: Сөзмаржан. Сөздіктегі сөздерді білдіретін мағынасына қарай дұрыс  орналастыру.

Қашаба – қос ат жегілген жұмсақ арба.

Әупілдек – кекірген сияқты дыбыс шығарып құрқылдайтын құс.

Бержабай – арбакеш.

Кемеш – қабырғасы биік ыдыс.

Шүлеңгер – мырза.

 

«Әнші» әңгімесін Блум технологиясы бойынша талдау

Мақсаттар жүйесі

Мазмұны

Оқушы іс-әрекеті

І деңгей. Білу

-1)«Әнші» әңгімесі не жайлы?

-2)Әмірқанның прототипі кім?

 

-3)Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаев туралы не білесіз?

 

 

1) Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады.

2) Әмірқанның прототипі - Ә.Қашаубаев.  Прототип дегеніміз –гр. түптұлға, әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға негіз болатын өмірде болған адам, тарихи тұлға.

3) Ә. Қашаубаев- қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан.

 

Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы Исаның «Желдірме» әні ойналады.

ІІ деңгей Түсіну

1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз. Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз?

 

 

 

2)Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз әрі өз ойыңды білдір.

 

 

 

 

3) Шығарма желісі бойынша Наурыздағы ойын-сауық қалай берілген? Бүгінгі күнгі Наурыз мерекесімен салыстырып өтіңдер.

1)Жазушы  Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген.

І .Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмасы. Өнер қуаты, құдіреті, өнерінің ішкі жан-дүниесі, психологиясы, оқиғаға құрылған поэмада көркем бейнеленген.

2)Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады.» Немесе «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.»

ІІІ деңгей Қолдану

Жазушының тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар.

І топ. Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген?

ІІ топ. Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз. Әңгімедегі эпитет, теңеулерді табыңыз.

 

 

 

 

 

ІІІ топ.  Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген?

 

 

 

 

 

 

1) Наурыз тойы, наурыз көже пісіріп, ет асу, төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт, қымыз.

2) Иісі кеудеңді жарады, жандырып жүреді, көңіл көкке серпу, төбем көкке жетті, қалпақтай түстім, есім ауып қалды, өңім екенін, түсім екенін білмей., жанымен салу, қабағынан қар жауған.т.б.

 Әмірқанды суреттеуі «Шәулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер»; «Сұңқылдаған көмейі, Сыбызғының үніндей; Ескектеген толқыны  «Бозайғырдың» күйіндей; Аспандап соққан айқайы Алтайдың асқар тауындай;Желпілдеткен түндікті Күздігүні дауылдай; Төмендет сорғалап, Тас бұлақтың суындай».....

4) Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман... Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала. (Интерактивті тақтадан бүгінгі Семей қаласын көрсету).

ІV деңгей Талдау

Топтық жұмыс

1) Әмірқанның түр-түсі, мінез-құлқы мәтіндегі қандай жолдардан байқалады? Мәтіннен тауып оқы.

 

2) Әмірқанды өнерге баулыған кім?

 

3) Әмірқан әнді қалай орындайды?

 

 

1)Әмірқан – дарынды, елінің еркесі, еркін, бірде бұйығы, момын, өнерді жан-тәнімен сүйе алатын жан. Өнерін ешқашан ақша табу үшін пайдаланбайды. Ақжарқын, топтың ажарын кіргізеді,

2) Әмірқанды өнерге баулыған-Жұмабек әнші. Оның прототипі бүкіл Арқаға, қала берді жалпақ қазақ даласына мәшһүр, дауыл үнді асқақ әнші әрі композитор-Жарылғапберді Жұмабаев

3)  Әмірқанның әнге берілгені сонша – басқа шаруаға олақ-ақ.   Сүмірейе, қылмита соқты; желдете құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.Ә) Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.  Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқа жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қағы зарға ұқсап, өкінішті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды.

V. Жинақтау

Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?

Ал ән, өнер туралы сендердің ойларың қандай?

(Ауызша ойтолғау).

Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады.Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма,шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат… Есіл әнді бей- береке қылады. Бет- аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой… Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқым келмейді.

         

 

Әмірқан бейнесін  мінездемелік  жоспар арқылы ашу:

Интерактивті тақтада Әмірқанның мінездемелік сипаты жасырынып тұрады. Оқушы берілген үзіндіні оқу арқылы мінездеме береді.

Әмірқанның мінездемелік сипаты

Әңгімеден алынған үзінділер арқылы дәлелдеу

Суреттеу үшін қолданылған көркемдегіш құралдар

1. Қарапайымдылығы

Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі Шәкеттікінде көрген Әмірқан емес, бұйығы,момақан жігіт.

 

 

эпитет

2.Орындаушылық шеберлігі

    Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір- бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегей болды.

    Сүмірейте, қылмита соқты; желдете, құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойыңды шымырлатты.

… Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды. 

    Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.

    Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды.

теңеу

 

 

 

 

 

 

 

теңеу

4.Өнерге    сүйіспеншілігі

Ән салса, ол өзін- өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса, рақаттанып, гүл- гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.

 

 

 

 

эпитет

6. Адамға үйірсектігі

Әмірқан кісіге тез үйір болатынжолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.

эпитет

7.Қонақжайлылығы

- Менің құжырамды да бір көріңдер,- деп қайта- қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.

    Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты.

Штрих-деталь

  1. Азаматтық тұлғасы

      (мәрттігі)

 

Ол “барды баламайды, жоқты санамайды”, өзінің бірдемесін сұрасаң, бере салады, кісінің нәрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді. Ұят екен- ау демейді. Ол кісі алдауды, арын сатуды білмейді. Кім көрінгенге сенеді.  Өзін әркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды.

 

10. Әмірханға берген халық бағасы

«Онсыз топтың ажары кірмейді». «Жігіт екенсің!». «Аштан өлуге бейіл, өлең айтып ақша сұрағанын көргеніміз жоқ». «Әмірқанды жұрт мақтайтын».

 

 

Бекіту.  Тест сұрақтары арқылы бекіту.

1. Жүсіпбектің романын ата

А) “Әнші”   В) “Күнікейдің жазығы”  С) “Нұр күйі”   Д) “Ақбілек”

2. “Жетішатыр” қаласының екінші аты

А) Семей   В) Павлодар  С) Өскемен   Д) Қызылжар

3. “Бір шерік қымыз” деген қанша?

А) бір бөтелке  В) бір шелек  С) бір кесе  Д) бір тегене

4. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды?

А) жерге  В) орындыққа  С) керуетке  Д) сандыққа

5. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір ….

А) көлеңке  В) сағым  С) елес  Д) тұман

6. Мінбеге шығып сөз сөйлеген кім?

А) Әбіжан  В) Жәлен   С) Рахымбек  Д) Жүсіпбек

7. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды?

А) сыбызғының үніндей        В) айдынның сұлу қуындай

С) тас бұлақтың суындай       Д) Арқаның қоңыр желіндей

8. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не?

А) қызыл қоңыр домбыра   В) үлкен ақ сырнай

С) саз сыбызғы                     Д) үкілі сары домбыра

9. Әйелін қалай таныстырады?

А) жампоз  В) тұлпар   С) сұлу  Д) бастық

10. “Қорлан” әнін шығарушы кім?

А) Жаяу Мұса  В) Балуан Шолақ  С) Естай   Д) Мәди

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

А

Д

В

В

В

Д

А

С

 

Қорытынды: Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Адам боп келіп өмірге, адам боп өту – көп қиын» демекші, Әмірқан керемет таланттың иесі бола тұра адами қасиеттерін жоғалтпаған.

Иә, балалар, өнер – мәңгілік!

Осыдан бір ғасырға жуық бұрын Әміре репертуарында Ақан серінің әні «Балқадиша» болған.

Әміренің репертуарында «Балқадиша», «Қанапия», «Жалғыз арша», «Шіркін-ай», «Келіншек», «Ақ қайың», «Екі жирен», «Үш дос», «Бес қарагер», «Дудар-ай» сияқты әндер болған.

Сол «Дудар-ай» әнін назарларыңызға ұсынамын. Орындаушы: мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Омарова Ақсұлу Амангелдіқызы.

 «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деп өнерге ғана бас иіп өткен біртуар дарын иесінің бойындағы жақсы мінез-құлықты өз бойларыңа үлгі етіп ала біліңдер. Өнерді бағалай білейік!

 

Үйге: «Әміре Қашаубаевқа хат» (шығармашылық тапсырма).

Бағалау. Топ басшысы бағалау парағын тапсырады, бағалайды, мұғалім сараптама жасайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әнші әңгімесіндегі әнші Әмірқанның бейнесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі
Әміре - ән көгінің айнасы
Әміре - ән көгінің айнасы
«Әнші» «Ақтамақ хикаясы»
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 29447 | Қосты: Ботаева Аянгуль Бозтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык