Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі


Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші»  әңгімесі


Сабақтың  мақсаты:Ж.Аймауытовтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып, талдау арқылы оның қайталанбас  суреткер екенін таныту;
Міндеттері: 
А)оқушыларға әңгіменің негізгі оқиға желісін аңғарту,кейіпкерлер бейнесін ашу, кейіпкердің ішкі сарайына, сезім сырларына терең бойлай отырып, жазушының ойын ұғындыру,әңгіме тақырыбы мен идеясын ашу;
Б)ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға,өнерді түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу, эстетикалық сезім тудыру,ішкі рухани тазалыққа үндеу;
В)оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, түйінді ой айта білу, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Сабақтың  түрі:ізденіс-таным сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:сұрақ-жауап, топтық,ұжымдық жұмыс, мәнерлеп оқу, сатылай талдау.
Сабақтың көрнекілігі:оқулықтар мен оқу құралдары, кесте, сызбалар
Пәнаралық байланыс:тарих, саз өнері,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
/ Смайликтерді көрсету арқылы оқушылардың көңіл күйін  бақылау /
Ендеше, бүгінгі сабағымызды «Мен қандаймын?» тақырыбындағы  тренингпен бастаймыз. Әр оқушы өзінің қандай екенін сын есімдер арқылы өз аттарының бас әріптерімен сәйкестеп айтады. Мысалы, Мен гүлдей гүлденген Гүлданамын т.с.с.

ІІ.Кіріспе бөлім
  Топ болып жұмыс жасаймыз, бірінші топқа «Әміре-ән асқары», екінші топқа «Ән-өмір айнасы» тақырыбында ойтолғау жазу. Әр топтан бір оқушы шығып өз шығармаларын қорғайды.

«Келісемін, келіспеймін» ойыны 
Жүсіпбек Аймауытов өміріне қатысты бірқатар сұрақтар беріледі.
1.Жүсіпбек Баянауылда дүниеге келген. /келісемін/
2.Мәскеудегі орыс қазақ мектебінде оқиды  /келіспеймін/
3.Алғашқы өлеңі «Айқап» журналына жазылды /келіспеймін/
4.Атырауда мұғалім  болды.  /келіспеймін/
5.Шымкент пед. техникумының директоры болды. /келісемін/ 
6.Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалды /келісемін/
7. «Дауылдан кейін» романының авторы /келіспеймін/
8. «Ақбілек» романының авторы /келісемін/
9.Алғашқы өлеңін он үш жасында жазған /келісемін/
10. «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген ғылыми еңбегі бар. /келісемін/

 


Шығармалары:

Романдары Повестері Сын- мақалалары Әңгімелері
«Ақбілек» «Күнікейдің жазығы» «Абайдан соң ақындар» «Бетім-ау, құдағи ғой»
«Қартқожа» «Мағжанның ақындығы» «Елес»
«Аударма туралы» «Өмір деген осы ма?»
«Сұңқар жыры» «Боранды болжағыш әулие»

 

ІІІ.Негізгі бөлім  
І.  Топтық  шығармашылық жұмыс  «Сырлы сезім»
Топ болып тақырып бойынша не түсінді,не білді, сол бойынша жазбаша түсіндіру
Мысалы: І топқа- «Әнші» әңгімесі
ІІ топқа- Наурыздағы сауық той, рухани байлық.


ІІ.Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау

А)Оқиғаның басталуы:Әншімен алғаш таныстық
Ә)Оқиғаның байланысы:Ән құдіреті
Б)Оқиғаның дамуы:Наурыздағы сауық той
В)Оқиғаның шиеленісуі:Ақтамақ хикаясы
Г) Оқиғаның шарықтау шегі:Өлімді жеңген өнер құдіреті
Ғ)Оқиғаның шешімі:Әнші де жылайды екен.


ІІІ. Мені таны немесе мен кіммін?

Ақын жазушылардың суреті беріледі,ол туралы деректер беру


ІҮ. Сөздік  диктант
Бос жерлерді толықтыр

Сұңқылдаған көмейі,
Сыбызғының  ............
Ескектеген толқыны
Бозайғырдың ..................
Аспандап соққан айғайы,
Алтайдың асқар .................
Желпілдеткен түндікті 
Күздігүнгі ......................
Төмендете сорғалап
Тас бұлақтың ............................
Әсем,әсем нақысы
Айдынның сұлу ...........................
Қалықтатып созғаны
Сарыарқаның .............................
Жаяулатса,баяулап,
Арқаның қоңыр ........................
Тамылжытып,сынықсып,
Жаңа түскен ...............................

 

Ү.Кейіпкерлер әлемі

а)Басты кейіпкер :    Әмірқан /прототипі:  Әміре Қашаубаев/
Прототип-/грек сөзі, түптөркін, негізгі бейне/ - әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін жасауға тірек,негіз болатын өмірде бар адам,яғни түпкі тұлға.
Әміре Қашаубаев деген кім?
Ә.Қашаубаев 1888 жылдың шілде айында туылған. Туған жері:Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Қазақстан ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі.Өнер жолын 1917 жылы бастады.1924жылы Семейде ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.1925 жылы Парижде Бүкіл дүниежүзілік сән өнері көрмесінде  «Қызыл бидай» әнін орындап, бүкіл әлемге қазақ әнін мойындатқан.Бұл сапардан екі бәйгемен қоса,күміс медальді иемденген.Сөйтіп, Әміре Қашаубаев  шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды.

Ә) Ақтамақ: Әмірқанның  сүйіктісі
Б) Лирикалық кейіпкері: Жүсіпбек
В)Жұмабек: әнші, прототипі Жарылғапберді

ҮІ. Кейіпкерге талдау жаса

Негізгі  ерекшелігіӘншілік  мектебі

 

                                              Әнші Әмірқанның бейнесі                                        


Сезімі, махаббатқа  адалдығыБірлестігі                      Мінезі

ҮІІ.  Әңгімеге байланысты «Ілесіп отыр»  ойыны 
Сөзсөз  тіркесі     сөйлем
 Тақырыптар:
Автор:Жүсіпбек -- Жүсіпбек қаламы -- Жүсіпбек қаламынан бірнеше романдар туған.
Өнер:
Ақтамақ:
Наурыз:
Жұпыны:

ҮІІІ. ВЕНН диаграммасы:
І.Жансүгіров «Әнші» өлеңі         Ортақ қасиеті      Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі  

 

 

 

ІҮ.Сабақты  қорытындылау
«Өнердің  биігіне  талмай  ұшқан,
     Көбейсін өнерпаздар әрбір тұстан.
    Ата салт-дәстүрлерге берік болып,
                                    Тәуелсіз жасай берсін, Қазақстан!» -  дей  келіп, өнерді жалғастырушы оқушылардың өздері екендігін айтып, өнер туралы, қазіргі қазақ өнерінің өркендеуі жайында ой қозғап,ән-күй, өнер туралы мақал-мәтелдер айтқызамын.
Үйге тапсырма:«Әнші» әңгімесінің кейіпкерлеріне мінездеме беру
Бес жолды өлең құрастыру
Зат есім:Ақтамақ
Сан есім:бір жұмадай
Сын есім: көрікті, сұлу
Етістік:таңдандырды
Бес сөзден тұратын сөйлем:Ақтамақ деген ақжарқын сұлу қыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әнгімесі
Әміре - ән көгінің айнасы
Әміре - ән көгінің айнасы
«Әнші» «Ақтамақ хикаясы»
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4586 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык