Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қ. Жұмаділов «Дарабоз»


Қ. Жұмаділов «Дарабоз»

Қ. Жұмаділов «Дарабоз»

Сабақтың мақсаттары1). Білімділік:  Оқушыларға халқымыздың өнегелі батыр ұлы адамдары туралы түсінік беру. Қабанбай батырмен таныстыру.

2). Дамытушылық: Оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға үйретіп, ой-өрістерін кеңейту.

3). Тәрбиелік: Ұлттық сезімдерін ояту, елі, жері үшін еңбек ете білуге, өнегелі болуға тәрбиелеу.

4). Коррекциялық мақсат: Қатесіз оқып үйрету, тілдік қорын жетілдіру.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  Сұрақ-жауап, мазмұндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлы адамдардың суреттері, үлестірмелі кеспелер, түсіндірме сөздік,  сызбалар.

Сабақтың барысы: ІҰйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, жаңа сабаққа назарын аудару.

Сабақтың мақсатын хабарлаған соң, сыныпты екі топқа бөлу. Ережемен таныстыру.

1) тыныштық сақтау;

2) бірін-бірі тыңдау,                 

3) қол соғу;                               

4) ойын  ашық  айту,                

5) топ басшысын сайлау      
Соңында бағалайтынын айту.  

II. Жаңа сабақ.                   
Балалар, бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты - сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды ашық айтуға дағдыландыру. Сабақты бастамас бұрын мына тақтада ілінген суреттерді атай отырып, топтарға бөлінеміз.                               

1. "Білгенге маржан, білмеске арзан". Халқымыздың өнегелі батыр адамдарын айтамыз.                              

1) Мына суреттегі кімдер? - Абылайхан, Бауыржан Момышұлы.  Бұлар-батырлар.

Ендеше, екі топқа бөлінеміз, 1-топты «Абылайхан», 2-топты «Бауыржан» деп атаймыз.

Қане, қай топ батырлық, батылдық, ерлік туралы мақал-мәтелді көп біледі?                          

Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.

Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Нартәуекел – ер ісі.

Ер есімі ел есінде.

Ел үмітін ер ақтар.

2. «Өнегелі өмір». Абылайханның, Бауыржан Момышұлының өмірі, ерліктері жайлы айтады. Екі ұлы тұлғалар қазақ халқынан жеке дараланып шыққан "дара" адамдар.

(Суреттерді аударғанда артында бүгінгі тақырып жазулы тұрады).

Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қалай аталмақшы? 

Дарабоз.

Алардай айбыны бар тағып айды,       

Бас болғаным қазағыма қолы "майлы",

Қазақтың басын қосып жауын жеңгвн,

Кім білмес, Қаракерей Қабанбайды.

- Балалар, мәтін кім туралы болмақшы?

-Қабанбай.

Қабдеш  Жұмаділов, "Дарабоз". 

Қ. Жұмаділов 1936 жылы туған. Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін бітірген. "Соңғы көш", "Дарабоз",  "Тағдыр",  "Атамекен" романдары мен шығармалары бар.  Қабанбайдың суретін көрсете отырып, өмірбаянымен таныстыру. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп түсіндіріп беремін. (Бөгенбай, Наурызбай батырлар туралы айта кету.) 

 3. Оқулықпен жұмыс.   Мәтінді оқушыларға бөлімге бөліп оқыту.  Әр бөлімге  ат қою.

1) Нарбала,  2) Қабанбай.  3) Дарабоз.                      

Әр топтағы оқушыларға мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті.

Ұсталардай тарсылдап,

Шегені де қағамыз.

Қабдеш аға өзіңдей

Біз жазушы боламыз.

4. Дәптермен жұмыс.  Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді жазу, сөздікпен жұмыс істеу арқылы мағынасын ашу.

ІІІ. Сабақты бекіту. Кеспе қағаздарда  «Қаракерей Қабанбай», «Нарбала», «Дарабоз», «Ерасыл», «Қабан батыр», «Батыр» деген жазулар болады. Екі топ ақылдаса отырып, жазуларды рет-ретімен қойып шығады.

Сызба бойынша сабақты қорыту.

Балалар, Қабанбай ең соңында күштілігімен, батылдығымен, ержүректігімен батыр болды. Ол кісі сол кезде тәуелсіздікті аңсаған. Сол батыр атамыздың  арманы орындалды ма? (Орындалды)

Тәуелсіздік күні қай күн?

Қай жылы алдық?

ІV. Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын игеру.

V. Білімдерін бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Жұмаділов, Қаздар қайтып барады
Қазақ батырлары
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қайырымдылық
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5466 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык