Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.


Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.

Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.

Тақырыбы:                   Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.

Мақсаты:

Білімділік:           Әңгіме желісі бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, өз көзқарасын жүйелі талдауға үйрету, негізгі ойды таба білуге дағдыландыру;

Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой өрісі мен дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік:                    Ізденімпаздыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділов портреті, тест, кодоскоп, үлестірмелі қағаз.

 Сабақтың әдісі:   сұрақ-жауап, ізденушілік әдісі

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: ("Қызығушылықты ояту")


Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Әр оқушы өздеріне ұнайтын фигураны таңдайды. Тест қорытындысы бойынша ерекше психологиялық мінездеме айтылады.             

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Нақты сұрақ - дәл жауап

                        (бір ауыз сөзбен)

1. Арғынның атасы қайда жарты күн дайындалады?    (шөп шабуға)

2. Атасы қолғабысты қалай түсіндірді? (көмектесу)

3. Көктомарда Арғын немен айналысты? (бүлдірген терді, көбелек қуды, гүл терді)

4. Атасы Арғынның әкесін неше жасында шөп шабуға үйретті? (12 жас)

5. Әңгімедегі негізгі ой қандай? (еңбекке баулу, қолғабыс жасау)

 

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

Егер ол адасып жөн сұраса, мекен жайды таба білуге көмек көрсету. Олай болса, бүгінгі жаңа сабақ Қ.Жұмаділовтің "Адасқан бала" шығармасымен танысу.

Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы

Әкім Тарази

 

IV. Жаңа сабақ

Соңғы кезде бірыңғай бүгінгі күн тақырыбына, қазіргі замандастар өміріне қалам тартып келе жатқан жазушының бірі - Қабдеш Жұмаділов.

         1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі) Тарбағатай аумағы Шәуешек өңірінде дүниеге келген. "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Соңғы көш" романдары жарық көрді.

         Адасқан бала

  1. Жәнібектің Жако аталуы
  2. Жаконың ұшты-күйлі жоғалуы
  3. Ала көйлекті баланы сұрастыру
  4. Балалардың ойыны
  5. Бассейнді іздеу
  6. Ақырғы аялдама
  7. Милицияның балалар бөлмесі
  8. Ата тегін толық жаттауға мәжбүрлік

 

V. Сұрақтар:

  1. Әңгіме кім туралы?
  2. Жәнібек қалайша аяқ астынан жоғалып кетті?
  3. Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?
  4. Жәнібек неліктен әке-шешесінің аты- жөнін жаттап алуға мәжбүр болды?

 

VI. Шығармашылық тапсырма

Кім кінәлі? Оқушылар дәлелдеу керек. Қарсы ой айта отырып, өз пікірін дәлелдейді.

VII. Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтіннен Жәнібектің түр-тұлғасы сипатталған жолдарды тауып оқы
  2. Өз тұрған мекен жайыңды қағаз бетіне түсір.

VIII. Сабақты бекіту

         Кодоскоптан тест көрсетіледі. Оқушылар жауап нұсқасын белгілейді.

ІХ. Қорытынды:

         Қазақта "Жеті атасын білу" заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деп аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан.

Х. Бағалау

Жеке оқушыларды мадақтау

 

ХІ. Үйге: Қ.Жұмаділов "Адасқан бала" әңгімесінің мазмұны 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ана деп ән салам" Еспенбетова Ақзираның авторлық әнінің мәтіні мен минусовкасы
Нұрдәулет Ақыштың "Компьютер жанындағы жанжал" әңгімесі
Жұмаділов, Қаздар қайтып барады
Қос сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Білім биржасы презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6807 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык