Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5169 |
|
|
|
Қамқор болып өсемін
Тақырыбы: Қамқор болып өсемін
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: - қамқорлық туралы түсінік беру;
- адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: үлгі суреттер.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, өткен сабақта біз қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінгенбіз.Өлң жолдарын бірге қайталайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілікпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? -Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
-Осы ертегі арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.
Сергіту сәті «Көлеңке»
Балалар: көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құмырсқа қалай жүреді?
Көрсетші менің көлеңкем.
Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құстар қалай ұшады?
Көрсетші менің көлеңкем.
Балалар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан-жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).
Балалар қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.
Балапан мен мысық
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.
Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті.
Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.
- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
Ойын
Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.
Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя» сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып ортадағы балапандарды шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішінде қалып қойса, онда ол «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді. Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.
Қорытындылау
-Қамқорлық-адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды боламын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |