Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көмектесе білейік


Көмектесе білейік

Тақырыбы: Көмектесе білейік

Құндылық:  құрметтеу
Қасиеттері: Көмектесу,құрметтеу,мейірімділік және т.б.
Мұғалім:    Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы
Сыныбы: 1.     Оқушылар  саны:    14

Мақсаты:
«Қамқорлық»  ұғымының  адамгершілік  құндылығы  ретіндегі  маңыздылығын ашу.            
Міндеттері:
     -Мейірімділік  адами  қасиеті  мен  өзара  көмек     
        әрекеттері  туралы  түсінік  беру;
     -Қамқорлық  жасау,көмек  көрсету  дағдыларын     
      дамыту;            
     -қайырымды,жағымды  қарым-қатынастар  жасауға    
      тәрбиелеу. Ресустар  (материалдар)
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі.
( 5 т: тәртіп,  талап,  тыныштық,  тазалық, татулық)
Тыныштық  сәті.  «Нұрға  бөлену». Ескертулар
ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру. 
Мысық  пен күшіктің  суретін  салу

ІІІ. Дәйексөз. «Бірлесе   көтерген  жүк  жеңіл»  халық  мақалы
-Адамға  қиналған  сәтте  қол  ұшын  беру,жақсы,жылы  сөздер  айтып  демеу,жақсылық  жасау  бұның  бәрі  көмек.Қиналған  сәтте  барлығымыз  көмектесіп  бітірген  жұмыс  оңай  шешімін  табады. Сондықтан  бірлесіп  жұмыс  жасау керек.

ІҮ. Әңгімелесу. 
• «Көмектесу», «көмек»  дегенде  нені  түсінесіңдер?
• Сендер  кімге,қандай  жағдайда  көмек  көрсеттіңдер?
• Біреуге көмек  көрсеткен  кезде  өздеріңді  қалай  сезіндіңдер?
  Мәтінмен жұмыс. Ұстаз  сыйы.
        Арыстан  мен тышқан
               \Ертегі\
Бір  күні  арыстан  ұйықтап  жатқан  кезде,тышқан  келіп,оның  үстінен  жүгіріп  өтеді.Арыстан  оянып,тышқанды  ұстап  алады.Тышқан  жалына  бастайды: «Егер  мені  жіберсең,мен  де  саған  жақсылық  жасармын»,-дейді ол.Арыстан  тышқанның  «жақсылық  жасармын» деген  сөзіне  күліп,оны  босатып  жібереді.                                                                          
      Келесі  күні аңшылар  арыстанды   ұстап  алып,ағашқа  таңып  тастайды. Тышқан  арыстанның  ақырғанын  естіп,жүгіріп келіп,арқанды  тісімен  қырқып: «Есіңде  ме,сен  менен жақсылық  күтпеген  едің  ғой.Енді  міне,тышқаннан  да  қайырымдылық  келетінін  көрдің»,-депті.            
        Көрдің  бе,кішкентайй  тышқан  да  арыстанға  көмектесе  алады  екен.
*Арыстан  тышқанға  қандай  көмек  көрсетті?
*Тышқан  Арыстанның  жақсылығын  қалай  қайтарды?

Ү. Шығармашылық  жұмыс,  топтық  жұмыс.
Ойын: «Көмектесе  білейік»
Шарты:Бала  қолындағы  жүректі  бір-біріне  өзінің  беретін  көмегі  туралы  айтуы  қажеттігін  түсіндіреді.

ҮІ. Топпен  ән  айту
Болайықшы  осындай
Сөзі  мен әні  жазған:А.Меңжанова
ҮІІ. Үй  тапсырмасын  беру.
Арыстан  мен  тышқан  ертегісіндегі  арыстан  мен  тышқанның  суретін  салу
ҮІІІ. Соңғы  тыныштық  сәті.
-Балалар,денелеріңді  түзу  ұстап,бастарыңды  жоғары  көтеріп  отырыңдар.Көздеріңді  жұмсаңдар  да  болады.Ауаны  терең  жұтып,еркін  тыныс  алыңдар.Өздеріңнің  тыныс  алуларыңды  бақылап,бақытқа,махаббат  пен  тыныштыққа  толы  таза,шипалы  ауаның  тұла  бойларыңа  толғанын  сезініңдер.Ал,енді  көздеріңді  ашсаңдар  да  болады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өзіңді тану-өмірді тану
Әсемдік -өмір жарасымы
Еңбек- өмір мәні
Сен де бір кірпіш дүниеге
Өнер - өмір өрнегі
Жақсылық жан азығы
Жалын атқан жүрекпен
Өзін-өзі тану пәнінен кіріктірілген сабақ
Халқым менің қонақжай
Мен саған мына гүлді сыйлаймын, себебі сен
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7403 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык