Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов


Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Мұғалімнің аты-жөні: Сайнова Нурлы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі.

Біліктілік санаты: І санатты

Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Сабақтың тақырыбы: Атша көкек (аңыз). Б. Баймаханов

Сабақтың мақсаты:

а/ Аңыз мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.

ә/ Кейіпкерлердің сөйлеу ерекшелігін талдату арқылы бейнесін ашып,оқушының өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

б/ Жер, ел деген қасиетті ұғымды қастерлеуге, Отанды қорғау-ата-бабаларымыздың ұлы ісі болғанын сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар суреті, қосымша газет материалдары,тақта, маркер, бор.,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй  тапсырмасын  тексеру.

3.Жаңа   сабақта.

Қызығушылықты ояту.

1-жұмыс. Бозторғай, көкек, қарлығаш суреттерін тақтаға ілунемесе интерактивті тақтадан көрсету. Осы құстар топтарына бөлініп отыру.

Әр топ өз аттарына сай құстар дауысына салып дыбыстап көру (кезекпен).

-Балалар, көкек туралы тағы не білеміз?

Мәтінмен таныспас бұрын оқушылар мынандай дайын тұжырымдарды оқиды.

«Дұрыс-бұрыс» тұжырымдар кестесі.

                           Тұжырымдар

Дейін

Кейін

 

 

Мәтінді оқу.

1.Көкек те қарлығаш сияқты мамырда ұшып келеді.

 

 

2.Көкекті аңыздарда мадақтаған.

 

 

3.Көкекке арнап ән шығарған..

 

 

 

Осы тұжырымдар бойынша «Дұрыс-бұрыс» тұжырымдар кестесімен жұмыс жасау.

Егер оқушы кестедегі тұжырымдарды дұрыс деп тапса, «дейін» бөліміне «+» таңбасын, ал егер келіспесе, «-» таңбасын қояды.

2.Мағынаны тану. Ал көкек туралы білгілерің келсе, оқулықта берілген «Атша көкек» деген аңызбен танысалық.

1-жұмыс. Әр топ мәтіннің басынан бастап, «...қарындасы бойжеткен қыз болды» деген сөйлемді қоса аяқтап оқу.

Бір оқушы мазмұнын әңгімелеп шығады.

Сұрақтар:

-«Ат жоқ, көке!»-деп, жігіттің қарындасы неше рет айтты?

-Егер сен жігіттің орнында болсаң, не істер едің?

-Аңыз ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжау.

-Осы бөлімге көкектің қандай қатысы болуы мүмкін? (Көмек үшін, ойландыру үшін: «Көке! Көке! Көке!» деген сөзге мән беру.)...

Ары қарай аңызды аяғына дейін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?...

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Тұжырымдар бойынша кестеге тағы жауап беру. Яғни, мәтін аяқталғаннан кейін кестенің «Кейін» бөлігін толтыру. Өз тұжырымың дұрыс болды ма? Қай тұжырым өзгерді? Неліктен өзгерді?

3. Ойтолғау.

-Мысалы:

 -Көкек те өз жерін сүйеді.

-Ағайынды адамдар бір-бірін кешіреді.              

-Жігіт те аузынан шыққан сөзіне өкінеді.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Сабақты аяқтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хабарлы сөйлем
Құстар
Жыл құстары
Заттың атын білдіретін сөздер
Мәтін
Қазағым менің. Күләш Ахметова
Етістік. Етістік түрлері
Құстар біздің досымыз
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Құстар біздің досымыз
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 13366 | Қосты: Сайнова Нурлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык