Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауыл мектептерін дамыту жағдайындағы әдістемелік қызметті ұйымдастыру


Ауыл мектептерін дамыту жағдайындағы әдістемелік қызметті ұйымдастыру

Ауыл мектептерін дамыту жағдайындағы әдістемелік қызметті ұйымдастыру

Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің қатарына кіру стартегиясы» Қазақстан халқына жолдауында  білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастырылуындағы мемлекет үшін қажетті стратегиялық маңызы бар тәсілдер анықталған. Оқыту ісінде жаңа тәсілдер дайындау, өзара  нұсқаулық – ақпараттық қатынастан  білім алуға деген сұраныстарды қанағаттандыруға, жеке тұлғаға бағытталған өзара әрекетке  көшу – педагогикалық ғылым мен  тәрбиеге қойылып отырған  күрделі міндет. Мұғалімнің табыстылығы оның білімінің көлемімен емес, оның жинақылығымен, өз өмірінде де, ел өмірінде де өзгерістер  енгізуге белсенді араласуға дайындығымен,  мәселенің тың шешімін таба  білуімен, жалпы емес, нақ осы сәтке қажетті ақпараттық өз бетінше  ала білуімен өлшенеді. Оның шығармашылығы, шешім қабылдай білуге және жаңа идеялар беруге қабілеттілігі  сұранысқа ие бола  бастады. Алайда, осының бәрін  тәжірибеге енгізу үшін әр педагогтың іс – әрекетіне тұрақты әдістемелік көмек жасауды қамтамасыз ету қажет.  Әдістемелік жұмыстың мәнін, негізгі міндетін, шешетін мәселелер аумағын, мазмұнының маңызды бағыттарын, оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптарды  дұрыс ұғынбайынша, әдістемелік жұмысты жетілдіру мүмкін емес.

Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

  • Басшы  кадрлардың, әдістемелік қызметтің, пән мұғалімдерінің  біліктілігін арттырып, қайта даярлау шараларының  жүйесін ұйымдастыру және  жүзеге асыру;
  • Білім беру ұйымдарының әр түрлі инновациялық орталықтарымен, тәжірибелік және тірек мектептерінің мұғалімдерімен жаңа оқу – әдістемелік кешенді жетілдіру мақсатында  ынтымақтаса қызмет ету;
  • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің тиімділігі мен келешектегі  дамуын зерделеу;
  • Біліктілік арттыру курстары, арнайы курстар үшін оқу – тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар, вариативті жоспарлар дайындау;
  • Әдістемелік ұсыныстар,  мұғалімдердің  әдістемелік құралдар, дидактикалық, үлестірмелі материалдар, бейнематериалдар, электронды оқулықтар дайындауына ықпал ету;
  • Білім беру ұйымдарының курстық шаралар ұйымдастырылуына, білім берудің  инновациялық бөлімін орындауына  көмек көрсету;

Әдіскердің кәсіби міндеттерінің қатарына сонымен бірге авторлық бағдарламалардың және жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерделейтін ғылыми -  әдістемелік жұмыс, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін енгізуге әдістемелік қолдау жасау да кіреді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

Әдіскер әрқашан ерекше жағдайда тұрады және әдіскер жұмысында «іші  қуыс» ақпарат болмайды. Қазіргі замандағы әдіскер тек білімді ғылымнан практикаға  тасымалдайтын кәсіп емес, бұл -  ең алдымен білім берудің негізгі міндеттерін шешетін тұлға.  Осындай әдістемелік жұмыстар  ауыл мектептерінде қаншалықты орындалуда? Ауыл мектебі мен қала мектептеріндегі әдістемелік жұмыстар арасында қандай айырмашылықтар: ілгерлеушілік пен шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар ма? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.

Кез  -  келген    мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Сондықтан мектеп - өзін өркениеттіміз деп санайтын елдің айналып өтпейтін үрдісі. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: "Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дұрыс. Мектеп -әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі" деген пікірді айта келе, әсіресе, ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет екеніне баса мән берді. Елбасының  тапсырмасы қолға  алынғанымен  ауыл мектептерінің, соның ішінде облыс, аудан орталықтарынан шалғай жатқан  білім ордаларында  шешілмеген проблемалар  жеткілікті.

Оның басты себебі - оқу-тәрбие үрдісіне қажетті оқыту-әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі, мектептің материалдық базасының төмендігі, мектеп ғимаратының сын көтермейтіндігі, мектеп оқушыларының оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеуі және жаратылыстану пәндері бойынша мамандардың жетіспеуі. Осыдан ауыл мектептері  лиценция талаптарына сәйкес келмейді, яғни жоғарғы және бірінші біліктілік санатты мұғалімдер барлық мұғалімдердің  30  %  жетпейді.

            Мұнайлы ауданында  11  жалпы білім беру орта мектебі және 1  Қызылтөбе лицейі жұмыс жасайды.  Бұл аудандағы   білім беру ошақтарының барлығы  типтік үлгіде, соның     9 – ы жаңадан салынған мектептер.   «№ 4  жалпы білім беру орта мектебі» ММ  іргетасын 1988 жылы  республикаға танымал ұстаз, «Педагогика» кітабының авторы Ш. Әленұлы қалады. Бұл мектеп ыңғаластырылған ғимаратта орналасқан еді.  Оқушылар контингентінің жылдан – жылға өсуіне байланысты,   мектеп 2010 жылы жаңа типте салынған ғимаратқа көшірілді. Қазір бұл білім ордасындағы 1700 оқушыға  130  мұғалім сабақ береді. 
            Мектептегі әдістемелік жұмыстар 80% орындалады деуге  болады. Бірақта мектебімізде  озат тәжірибе, проблемалық шығармашылық топтар,  педагогикалық шеберханалар күні  бүгінге дейін өз жұмысын бастаған жоқ. Себебі мектебіміздегі мұғалімдердің  63 %  еңбек өтілдері 0-16 жыл аралығындағы  мұғалімдер құрайды (олардың ішінде санатсыз мұғалімдер де бар) және  мұғалімдердің  басым көпшілігі  өзге республикадан көшіп келгендер. Курстан кейінгі кері байланыс та дұрыс жолға қойылмаған.  Бірақ Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығы жылына екі рет  мектеп әдіскерлерімен бас қосып, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіп, әдістемелік көмекті жан – жақты көрсетіп отырады.  Алдағы уақытта  шешімін таппаған  мәселелер МАБҮО  әдіскерлері тарапынан қолдау тауып, оң шешімін табады деген ойдамын. Мектептің әдістемелік қызметінде  біраз ілгерлеушілік бар.

       2013/2014 оқу жылының  қорытындысы  бойынша жоғарғы санатты  мұғалімдер -14, І біліктілік санатты мұғалімдер – 24, екінші  біліктілік санатты мұғалімдер – 49, санатсыз мұғалімдер  - 46. Жоғары білімді мұғалімдер саны – 98, арнаулы орта білімді -35.  2013/2014 оқу жылында жоғары біліктілік санатына – 3  мұғалім, І  біліктілік санатына – 10  мұғалім арыз беріп  барлығы да  тиісті санаттарын қорғап шықты. 2013/2014 оқу жылында мемлекеттік білім сатысы оқуынан – 31  мұғалім, ақылы білім сатысы оқуынан – 27  мұғалім, ОӘО – 8 мұғалім, республикалық – 5  мұғалім, деңгейлік курстан – 9  мұғалім өтті. Аудандық семинарға – 50 мұғалім, облыстық  семинарға – 20, республикалық семинарға -1  мұғалім қатысты.  Мектеп бойынша  деңгейлік курстан  17 мұғалім өтті, 1 мұғалім Алматы қаласында ІІ деңгей бойынша өтуде. Деңгейлік курс бойынша  ауданда  2  тірек мектеп құрылса, соның  1 – і  біздің мектеп. Деңгейлік курстан өтетін мұғалімдер саны жыл санап өсіп келеді.

Республика бойынша  Сарғожаева Асылханның «Мұғалімдердің кәсіби өзгеруі -  ертеңгі болашақ кепілі» тақырыбындағы жұмысы таратылды. Дене шынықтыру пәні  мұғалімі Сабытаев Өтегеннің «Спорттық бағдарлауды мектепте қолданудың ерекшелігі» атты жұмысы республика бойынша үздік деп танылып, ҚР дене шынықтыру  және спорт басқармасының Құрмет Грамотасымен және арнайы медалімен марапатталды. Болашақта бұл мұғалімнің жұмысы   республика бойынша,  АӘД пәні мұғалімі Қ. Қалабай мен география пәні мұғалімі Утесинов К жұмыстары келесі оқу жылында облыс бойынша таратылады деп жоспарлануда.  Мұғалімдердің республикалық баспасөз  бетіне өздерінің үздік жұмыстарын жариялауда.  Өткен оқу жылында қазақ тілі пәні мұғалімдері  Көпнепесова Б «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры», Ерғазиева Дидардың «Ашынған ана» атты сабақтары республикалық «Алаш ұстазы» журналының  мамыр айындағы  № 2  санында жарық көрді.

Жоспар бойынша «Жас мамандар» айлығы, «Үздік кабинет», «Үздік бірлестік жетекшісі – 2014»  байқаулары  және мұғалімдер арасында «Көңілді старт»  спорттық сайысы өткізілді. 2013/2014 оқу жылында  Қыдырбаева Жанаргүл аудандық «Тарих және құқық» пәні мұғалімдерінің олимпиадасында І орынды, облыста ІІІ орынды, Айтимов Жарас аудандық «Ең үздік дене шынықытыру пәні мұғалімі» сайысында І орынды, облыста ІІІ орынды, Қалышева Х аудандық эстетика пәндері мұғалімдерінің олимпиадасында І орынды, облыста ынталандыру орынын  иеленді. 2013/2014 оқу жылында  мектепте өткен әрбір әдістемелік жұмыс нәтижесі   аудандық «Мұнайлы», облыстық «Маңғыстау» газетінде жарық көріп, жариялылығы арттырылды.

            Облыстық пәндік олимпиадада  10 сынып оқушысы Түгелбаева Дәметкен  ІІІ орынды

иеленсе,2013/2014 оқу жылын қорытындылау мақсатында  «Дарын» сырттай оқу резерві

өткізген облыстық олимпиадасында Төлеуғали Әйгерім қазақ тілінен ІІІ орынды, 9 сынып оқушысы Байдуллаева Мәнет құқық пәнінен ІІ орынды иеленді.

           Мектептің материалдық – техникалық базасында  ілгерлеушілік бар. Мектепте  жаңа модификациялық кабинеттер: химия, физика, биология,  3 мультимедия,  3  лингофон, 5  компьютер сыныптары бар. Интернет және WI-FI желісіне қосылған.  

            Қазіргі таңда ұлттық тәрбиенің қаймағы ауылда сақталып отырғаны сөзсіз. Сондықтан ұлттық танымды тереңдете түсу үшін  және балалардың  ауыл мектебінің ашылу тарихын  білуі  үшін  2014/2015 оқу жылында  мектеп мұражайын ашу жоспарлануда.             

Алдағы уақытта да талай игі істердің куәсі болып, тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелейтіндерімізге  сеніміміз мол. Бұл істе мектеп ұжымындағы мұғалімдердің білімі мен күш-қайраты жететіні сөзсіз. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Сапалы білім-Көшбасшылықта
Білім беруді ақпараттандыра отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту жолдары.
Батық ЖОББМ оқу –әдістемелік жұмысы
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3533 | Қосты: Құлбарақ Маржан Қожабергенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык