Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Азық-түлік дүкенінде


Азық-түлік дүкенінде

                                                   Азық-түлік дүкенінде                                

ОРТАША МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ       Оспанова Сәбира Мұқашқызы    6 сынып  қазақ тілі (орыс сыныптары)

Күні

Сабақтың тақырыбы

Сабақ мақсаты

7 модуль, әдістер мен тәсілдер

Іс-әрекет түрлері (әдіс-тәсілдер)

Талантты, дарынды оқушылардың қосымша мүмкіндіктері

Үлгірімі төмен оқушылардың мүмкіндіктері

1

14.10

«Азық-түлік дүкенінде»

Білімділік -  «Азық-түлік дүкені» туралы алған білімдерін тексеру, қорытындылау;

Дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;

Тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Әріптестермен кеңесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, қалай оқу керектігін үйрену, түсіну дәрежесін бағалау

 

Диалог, рөлмен оқу, шығармашылық жұмыс, сурет салу, оны қорғау, салыстырмалы зерделеу.

Жеке жұмыс, топпен жұмыс, ұжымдық жұмыс.

 «Миға шабуыл» ой-толғау. (қосымша флипчарт арқылы суреттер)

«Бұл не?» /суретпен жұмыс/

2

17.10

« Кітап дүкенінде»

Білімділік – «Дүкен» тақырыптары  басқа  дүкендермен  айырмашылығы мен ұқсастығын  ажырата білуге  үйрету, тақырыпты  қаншалықты меңгергенін байқау;
Дамытушылық – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын,  өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тіл мәдениетін дамыту; 

Тәрбиелік: Оқушыны  адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, жұптық әңгіме, оқыту үшін бағалау, сыни ойлау,  жиынтық бағалау.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Дүкендегі заттар не үшің қолданылады, презентациялар (қосымша  жасау.)

 Тақтадан сызбаны көшіріп жазу.

3

18.10

Кеңсе жабдықтар дүкені

Білімділік – Дүкен сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;

Дамытушылық -  ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;

Тәрбиелік -  туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.

 

Оқытудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, өзін-өзі реттеу, сыни тұрғыдан ойлауды бағалау , Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ қою және жауапқа қарай әрекет ету,  зерттеушілік, ізденушілік, ой тастау

«Кеңсе жабдықтарының пайдасы» туралы эссе жазу. /күрделендірілген тапсырма/

Суретке қарап 2-3 сөйлем құра.

4

21.10

Базарда

Білімділік – алдыңғы сабақтарда өткендерді еске түсіріп қайталау арқылы оқушы білімін бақылай отырып, біртіндеп жаңа тақырыпты енгізу және  жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне шығарту, тақырыпты саналы түрде меңгерту;

Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін артыру;

Тәрбиелілік – өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі реттеу, диалогтік оқыту әдісі, формативтік бағалау

Ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, түсіну дәрежесін бағалау

Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу /құрамында антоним сөздер болуы тиіс/

Берілген мәтіннен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу

 

 

 

Түйіндеме

Бағдарламаның «Бетпе-бет» кезеңінде оқып-үйренген 7 модульді қолдану мүмкіндігі мектептегі тәжірибе кезінде туындады.  Сондықтан  орта мерзімдік жоспарымда 6 сыныптың орыс сыныптарыңда  қазақ тілі  пәні бойынша  4 сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасын құрдым.  Ондағы мақсатым оқушыларға топтық, жұптық жұмыстар жасай отырып, диалогтік оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйретіп, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру. Осы орта мерзімдік жоспарда қамтылған сабақтар барысында барлық модуль түрлерін ықпалдастыра қолдандым. Негізі «Оқыту  мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты модульді қолданған кезде барлық модульдер өзара тығыз байланысты екенін ұқтым. Себебі аталмыш модульдегі диалогтік оқыту әдісі баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Және де сабақ барысында интерактивті тақта, ғаламтор желісін пайдалану арқылы ақпараттты оқушылар өз бетімен игеруге бағыт-бағдар беріп, АКТ-ны қолдандым. Сонымен қатар тапсырма бойынша 3 оқушыны зерттеген кезде жоғары деңгейлі оқушыны анықтап, оны талантты және дарынды бала деп есептедім. Сол себепті әр сабақта күрделендірілген тапсырмалар ойластырып қолданып отырдым. Осы тұста дарынды оқушыға өз жасына лайықты бағдарламаға сәйкес тапсырмалар құрастырып, жас ерекшелігін үнемі ескеруге тырыстым. Ал сабақтың бағалау кезеңінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша фармативті бағалау, әсіресе критериалды бағалауды қолданған болатынмын. Осы кезде байқағаным оқушы өзін және сыныптасын бағалауды үйренеді.  Осылайша оқушылардың бағалауынан кейін қорытынды бағаны өзім қоямын.  «Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулін мен мұғалім ретінде өзімнің көшбасшылығым деп ұқтым.  Ол менің мектептегі әріптестермен кеңес кезінде жеті модульді қалай түсінгенім жөнінде  оларға түсінік беріп, пікір алмасу сәтім деп білемін. Сонымен қатар бағдарлама модульдері негізінде жаңаша жоспарлап өткізген әр сабағымда өзімнің бағыттаушы, ұйымдастырушы болуым тиіс деп ұқтым. Осылайша болашақта педагогикалық тәжірибемде модульдерді тиімді  қолдану оқушылардың өз бетімен білім алуына бағыт-бағдар беретіндігіне сенемін және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жетілдіремін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қалмақан Әбдіқадыров «Жиб-жица күресі» әңгімесі.
Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
Орта мерзімді жоспар
Әлеуметтік-мәдени ая
Сөз таптарынан өткенді қайталау
Қазақстанның XVI-XVII ғасырлардағы мәдениеті
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
9-сынып ұзақ мерзімдік жоспар
«ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы»
Синоним, омоним, антонимнен өткенді қайталау ОМЖ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3349 | Қосты: Оспанова Сабира Мұқашқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык