Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 3418 |
|
|
|
Бүрмелі қалта
Сабақтың тақырыбы: Бүрмелі қалта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жапсырма қалта мен бүрмелі қалтаны тігу технологиясын, тігіс түрлерін үйрену.
Тәрбиелік: жапсырма қалтаның орындалуы арқылы оқушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойында икемділік пен қос тігістерді орындау арқылы іскерлікті дамыту.
Пәнаралық байланыс: математика: тігіс адымы, бөліктерді қосуда жиектерін есептеп қалдыру мақсатында шб: N1:1 сызғыш пайдаланылады Сурет: қалта, киім бөліктерін эстетикалық талғамға сай түс таңдап, қиып қосып тігу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, мата, ине, жіп, буклеттер, карточкалар, оймақ, қайшы, сантиметрлік таспа, бұрыштық, тігін боры
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші?
- Оқушылар түгел ме?
- Қазір еңбекке баулу сабағы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Жапсырма қалтаның үлгісін жасау.
- Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
Сыныпты екі топқа бөлемін.
1) шебер 2) Іскер
Өтілген сабақтар бойынша қойылатын сұрақтар:
- Көркем еңбек тақырыбы неше сағатқа берілген?
- Көркем еңбек тақырыбының неше сағатын өттік және қандай тақырыптарға тоқталдық?
- Матамен жұмыс туралы не білесің?
- Матамен жұмыс кезінде қажет құрал-жабдықтарды атап бер.
- Мата қиындыларынан сүлгіше қалай жасалады?
- Құрақ өрнек құрастыру дегеніміз не?
- Құрақ жылан жасауды қалай құрастырамыз?
«Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақтар шешу.
1. Киімдегі қуыс, ұсақ түйекке ыдыс. (қалта)
2. Сырты тегіс, іші егіз. (тон)
3. Бір шұңқыр, бір шұңқырда қырық шұңқыр. (оймақ)
4. Жіпсіз жүрмейді, жүрген жерін түйрейді. (ине)
5. Тоққа тисе мұрты ұзын
Табанымен жазық
Киімдердің қыртысын
Береді тез жазып. (үтік)
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүрмелі қалта.
- Балалар, біз бүгін «Бүрмелі қалтамен» танысамыз.
Кіріспе
42
Қазақ халқының қол өнері көне заманнан тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай қазақ халқы қалтамен жүруді әдетке айналдырған.
Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Жапсырма қалта, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Қалтаға өзіндік матадан жасалған жиек шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланылады.
Қалтаның енін әдеттегі жапсырма, қалтаға қарағанда 10 см артық етіп пішеміз. Жоғарғы шетін қалта түсінен басқа түсті жіппен жиектеп кестелейміз. Жиегін кестелеген кезде жоғарғы шетінен 3-5 мм әдіп қолданамыз. Ені 6 мм, ал ұзындығы қалтаның ұзындығынан 10 см қысқа созылғыш (эластикалық резеңкелі) таспа аламыз. Жоғарғы шетінен 3-4 см төмен түсіп сиясы тез өсетін жұмсақ таңбалағыш қарындашпен қалтаға белгі саламыз. Белгіленген сызық бойынша, қалтаға созылғыш таспаны қойып тігеміз. Қалтаның төменгі шетіне әрқайсысы 2-3 см-ден екі бүрме аламыз. Тігіс әдібін әдеттегі қалтадағыдай етіп үтіктейміз. Міне, біз бүгін бүрмелі қалтаны осылай тігеміз.
Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға бүрмелі қалтаны тігуді көрсету. Бүрмелі қалта жасау.
Сөзжұмбақ «Еркем-ай»
1. Түйенің баласы қалай аталады?
2. Төрт түліктің төресі?
3. Ненің сүті тілінде?
4. Тышқанды аулайтын үй жануарын тап.
5. Өсімтал малды ата.
6. Ешкінің баласын ата.
7. Төрт түліктің момыны.
8. Иттің баласын айт.
9. Не кісінейді?
10. Жылқының баласы қалай аталады?
11. Құлыннан үлкен не?
12. Үй құсының атын тап.
Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтіп жатқан жаңа тақырыбымыз шығады.
«Ойлан, тап» ойыны. Маталардың атын табу.
Венн диаграммасы
Жапсырма қалта Бүрмелі қалта
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап
1. Бүрмелі қалтаның үлгісін қалай жасайды?
2. Жапсырма қалтаның бүрмелі қалтадан айырмашылығы қандай?
3. Қалтаның жоғарғы жағының өлшемін қандай?
Ү. Үйге тапсырма. Бүрмелі қалта
ҮІ. Бағалау. Оқушыларды жауаптарына қарай бағалау
Сонымен, бір сабақтың үстінде бірнеше жаңа технологияның элементтерін пайдалануымызға болады деп ойлаймын. Сабақтың басты мақсаты тек технологияларды қолдану ғана емес, сонымен бірге оқушыларға әр түрлі жолдармен білім беру және бекіту.
Қорытынды жасай отырып, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:
• Оқушының тұлғасын дамыту;
• Пәнге қызығушылығын арттыру;
• Ауызша және жазбаша тілін дамыту;
• Тез әрі тереңне ойлау қабілетін дамыту;
• Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
• Өз ойын ашық айта білу;
• Деңгейі төмен оқушыларға өз білімін көтеруге мүмкіндік туғызу.
Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қояды. Сондықтан мұғалімдер әркез және үздіксіз ізденісте болуы керек. «Қырық бес жыл мұғалім болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа мұқият дайындал» дегендей, әр сабақтың қызықты да тартымды, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |