Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алжапқыштың бөліктерін қосу.


Алжапқыштың бөліктерін қосу.

Алжапқыштың бөліктерін қосу.

Сабақтың тақырыбы: «Алжапқыштың бөліктерін қосу».

   Сабақтың мақсаты:

    Білімділігі:оқушыларға алжапқыштың дайын бөліктерін қосуды,симметриялық заңдылықты сақтауды, шығармашылық пен шешім қабылдауды үйрету;

    Дамытушылығы:  ой  - өрісін, эстетикалық талғамдарын дамыту;

   Тәрбиелігі:  өздеріне қажетті бұйымды өз қолдарымен жасауға және салт – дәстүрден хабардар етіп, соған тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

    Оқыту әдісі:сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

    Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар, асықтар.

    Сабақтың барысы.

         I.Ұйымдастыру бөлімі.

  а) оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын тексеру

 - Балалар, өткен сабақта алжапқыштың бөліктерін пішіп үйрендік.

 - Кім айтады, алжапқыш қандай матадан тігіледі?

 - Алжапқышты тігу үшін қандай өлшемдер алынады?

 - Алжапқыштың бөліктерін атаңдар?

 - Алжапқыш не үшін қажет?

          Негізгі бөлім.

 Алжапқыштың бөліктерін қосу кезінде бөліктердің дұрыс орналасуын, симметриялығын бір – бірімен үйлесуін түзулігіне мұқият назар аудару керек. Алжапқыштың өңіршесінің жоғарғы бөлігі кеуде сызығынан  2 – 3 см жоғары болуы қажет. Ал төменгі бөлігі тізе сызығынан 10 – 15 см жоғары болады. Белдік бел сызығына орналасады. Алжапқыштың төменгі бөлігіне жапсырып тігу үшін, қалтаның жоғары бұрыштарын бекітіп, қайырып тігеміз. Бөліктерді бір – біріне көктеп болғаннан кейін кесіндіден 1см қашықтықта бастыра тігеміз.Белдікті жазып, тігістерін дұрыстаймыз.Белдіктің бос кесіндісін  1 см бүктеп қайырып түйреп аламыз да, сол қайырылған шетінен 0,1 – 0,2см белгілеп, белгі бойынша машинамен бастыра тігеміз.

Енді оқушыларды екі топқа бөліп сайыс өткіземіз.Әр топ өздеріне ат таңдайды. Ақылдастар алқасы және төбе би сайланады.

      1 – сайыс. «Көкпар»ойыны.    Ойын үшін әр топта бір – бір қамшы болады. Қамшы сөз сұрау үшін қажет. «Көкпар» дорбасы тақтаға ілінеді. Оның әрбір қалтасына нөмірленген сұрақтар салынады. Тез жауап беру топтың тапқырлығын, білімділігін, шапшаңдығын білдіреді. Екі топтың оқушылары кезекпен дорбадан асық алады.Асықтың нөмері бойынша сұрақтарға жауап береді. Бірінші болып ойынды бастау үшін топқа жұмбақ жасырылады.

                                       Қарап тұрсаң өзіне

                                       Сурет түсер көзіңе

                                       Ол суретің ұқсайды

                                       Дәл қазіргі өзіңе.                      (айна)

   «Көкпардың» сұрақтары:

  1.  Алжапқыштың қандай бөліктері болады?
  2. Алжапқышқа қалта не үшін қажет?

     3.   Алжапқыш қандай матадан тігіледі?

  1. Белдікті бұйымға қалай орналастырады?
  2. Қалтаны негізгі бұйымға неше тігіспен тігеді?
  3. Алжапқышта қанша аспа бау болады?

Ақылдастар алқасы оқушылар жауабына баға береді.

2 – сайыс. «Түс үйлесімділігі». Түрлі – түсті қағаздың көмегімен аппликация әдісімен алжапқыш үлгісін дайындайды.

- Түс адам өмірінде үлкен роль атқарады. Ашық түстер көңілді көтереді, күңгірт, суық түстер керісінше немқұрайлылыққа, көңілсіздікке ұрындырады. Түс үйлесімділігінің заңдылықтарын сақтап, ұтымды шешеім қабылдаған топтың жұмысы бағаланады.

3 – сайыс топ басшыларының сайысы.» алжапқыш» сөзінен мүмкідігінше бірнеше сөздер құрастыру. 1 мин. уақыт беріледі.

Мысалы:жапқыш,  қыша, қыш, алаш, лашық, жала, шала, жап, аш, ашқыш, шық, ал, ашық, ала, т.б.

4 – сайыс – көрініс көрсету.

1 – топ өлшем алуды көрсетеді. 2 – топ алғашқы өңдеуден өткізеді.

5 – сайыс.  Салт-дәстүрімізге сай табақ тарту.

- Ал, енді, оқушылар, үйге қонақ келгенде,той – жиындарда табақ тартылатынын білетін боларсыңдар.Табақтың қандай түрлері болады,кім біледі?(Бас табақ, жай табақ, сый табақ, қыз табақ, құда табақ).

Сыйлы қонақтар келгенде бас табақ тартылады.Бас табаққа бас, жамбас, жауырын, ортан жілік, кәрі жілік, асықты жілік, қаза – қарта салынады.

  • Енді табақтан ас алайық (әр мүшеде сұрақтар берілген;оқушылар соған жауап береді).

 1.Бас – алжапқыштың бөліктерінің бірі?(Өңір).

 2.Асықты жілік – матаны қию үшін қажет құрал (Қайшы).

 3.Ортан жілік – қол инемен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау үшінне керек? (Оймақ)

 4.Кәрі жілік – қалианы қалай өңдейміз?

 5.Жауырын - өңірше қайда орналасады? (Кеуде сызығынан 2 – 3 см жоғары)

 6.Жамбас – төменгі бөліктің орналасу реті (Тізеден 10 -15 см жоғары)

Топ басшылары шығып ас қайырады.

   Мұғалім:

   Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,

   Салыстырып біз көрдік.

   Қара қылды қақ жарып,

   Әділін тек айтатын

   Ортамызда төбе би

   Өзіңізге сөз бердік!

   Жеңген топқа Көк байрақ беріледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алжапқыштың бөліктерін қосу
Алжапқышты модельдеу
Алжапқышты модельдеу
Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай
Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері
Халқын сүйген – салтын сүйер!
Бүрмелі қалта
Бүрмелі қалта
Қазақша салмақ өлшемдері
Бөлім: Уроки / Технология | Көрсетілім: 2480 | Қосты: Сапар Гүлмирам Әбдірқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык