Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бақытты сәт ойыны


Бақытты сәт ойыны

Бақытты сәт ойыны

Сабақтың тақырыбы: Бақытты сәт ойыны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға күш, деформация, динамометр, Гук заңын меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыны сабақ барысында ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.

Сабақ әдісі: ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық

Пән аралық байланыс: математика, информатика

І. Ұйымдастыру кезеңі

*Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейінін аудару

ІІ. «Бақытты сәт» ойыны

Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлау керек.

І гейм «Бой сергіту».  Әр топқа жеке-жеке сұрақ қойылады.

ІІ гейм «Сен білесің бе?». Әр топқа дидактикалық материалдар беріледі.

ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу». Физикалық шамалар жайлы кесте беріледі, бос торларды толтыру керек. Тапсырманы дұрыс, тез орындау керек.

ІV гейм «Бас қатырғыштар». Топтарға есептер беріледі.

Ескерту:  Ең көп дұрыс жауап берген балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап «4 балл» - «4», 5-6 жауап «5 балл»-«5» бағасын)алады 

І гейм «Бой сергіту»

«А» тобына сұрақ:

1. Күш дегеніміз не?

2. Дененің деформациясы қалай пайда болады?

3. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

4. Қарапайым динамометрді қалай жасауға болады?
5. Бір түзудің бойымен бір бағыттас, қарама – қарсы бағыттас, модульдері тең, ал бағыттары қарама – қарсы күштердің тең әрекетті күші неге тең?

6. Серпімділік күші қандай жағдайда пайда болады?

«В» тобына сұрақ:

1. Күш бірлігі ретінде не алынған?

2. Деформация дегеніміз не? Деформацияның неше түрі бар?

3. Қандай   жағдайларда серпімді деформация пластикалық деформацияға айналады?

4. Гук заңы қандай деформация кезінде орындалады?

5. Қандай   күшті тең әрекетті күш деп атаймыз?

6. Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз?

ІІ гейм «Сен білесің бе?»

  1. Масса дегеніміз - ____________________________________________
  1.  Массалардың төменде берілген мәндерін кг арқылы өрнекте:

0,00000003 г = ______________ кг

5,6 т = _____________________ кг

4890 г = ____________________кг

34 ц = _____________________ кг

  1. Заттың тығыздығы дегеніміз –__________
  1. Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады:   ρ=__________
  2.  Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=________

  1.  Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:

1 г/см3 = ______________ кг/м3

1000 т/м3=_____________ кг/м3

0,09 кг/мм3= ____________кг/м3

34 ц/дм3=_______________кг/м3

  1.  Күш дегеніміз – _______________
  1.  Күштің өлшем бірлігі қандай?
  1.  Суреттегі шардың қозғалу себебі неде?
  1.  Суретте деформацияның қай түрі көрсетілген?
  1.  Деформация дегеніміз –______
  2.  Гук заңы былай  тұжырымдалады: ____
  1.  Серпінділік күші мына формуламен анықталады:
  1.  Cуреттегі тақтай деформацияның қай түріне ұшыраған?
  1.  Солқылдақ тақтайдың ұшында секіруге ыңғайланған адам тұр. Қандай денелердің өзара әсері тақтайдың пішінін өзертті?
  1.  Суретте динамометрдің қай түрі кескінделген?

Ол не үшін және қайда пайдаланылады?

ІІІ гейм «Көсемдікке ұмтылу»

Физикалық атауы

 

Белгіленуі

 

Өлшем бірлігі

 

Формуласы

Масса

 

 

 

Жол

 

 

 

Күш

 

 

 

Тығыздық

 

 

 

Жылдамдық

 

 

 

Уақыт

 

 

 

Орташа жылдамдық

 

 

 

ІV гейм «Бас қатырғыштар».

1. Төменде берілген массасы m білеуге әсер ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша тең әрекетті күшін анықтаңдар. Ол күш қай жаққа қарай бағытталған?

10Н                 10Н                    3Н                   8Н

20Н                 50Н                      5Н                 15Н

2. Резеңке таспаның қатаңдығы 6*104 Н/м. Егер таспаға 12 кН күш әсер ететін болса, онда ол қандай шамаға созылады?

3. Серіппе 8 Н күш әрекетінен 16 мм – ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

4. Модульдері тең, қарама қарсыбағытталған екі күштің тең әрекетті күші  0-ге тең екенін дәлелдеңдер


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Динамометр. Гук заңы. Деформация.
Күш, деформация, динамометр, Гук заңы
Күш. Деформация
Қатты денелердің деформациясы. Деформация түрлері
Масса және күш тарауын қайталау
Гук заңы. Динамометр
Сын есімнен өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Молекулалық физика негіздері
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2784 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык