Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бейнелеу терапиясы


Бейнелеу терапиясы

Бейнелеу терапиясы

    Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

 Сурет салу ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.

Өзімнің практикамда 5«ә» сыныбына сурет сабағынан уақыт сұрап

Оқушылармен «Мен және менің отбасым» бейнелеу терапиясын өткіздім.5-сыныптағы 15 оқушының 14-нікі қалыпты өз отбасыларына сай сурет салынса,бір оқушы Ж-ның суреті ақылға қонымсыз болды.Ол өз суретінде ата-анасының ортасында отырған «ұл» баланы қара қаламмен бастырып, суреттеп салып қойыпты.Оқушымен жеке сөйлестім.Он жасар бала жанының күйзелісі отбасында бес қыздың болуы,әкесінің  бір ұл баланы аңсауы,ата-ана арасындағ салқындық отбасының бұзылуына әкеліп тіреу  мүмкіндігі болып отыр.Бала жаны  отбасының бұзылмауын тілейді,әкесініңі арақ ішіп келіп анасын орынсыз кінәләмағанын қалайды.Баланың анасымен жеке сөйлестім,

қызының салған суретін көрсеттім.К-біраз қиналып қалды,оған шешімін табуға болатын үш жолды айтып өзімнің көмектескім келетінін айттым.

       Бақылау әдісі арқылы: 5 сынып оқушысы Б.Т сабақ үстінде үнемі сылбыр, сабақты автоматты түрде тыңдайтын. Ешқандай айналасында болып жатқан іс-әрекеттерге қызықпайтыны, сабақ беріп жүрген мені алаңдататын. Үзілісте балалармен ойнамайды, партаның үстіне кітаптарын құшақтап жата береді. Сынып жетекшісі Зайтунаға ескерттім. Баламен жеке сөйлесіп, сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде баланың отбасы сәтсіз отбасы екені алдын ала белгілі болғанымен, баланың ішкі-жан дүние күйзелісін жақындары аңғармаған . Баланың бұл ішкі күйзелістік жағдайын әкесімен қамқоршы әпкесіне жеткізілді. Бала анасына барғысы келетінін айтып,ортаға салдық. Атасы немересінің анасына баруына тиым салып, өзі тәрбиелейтінін айтты. Бала ауыр психологиялық күйзелісте болды, сабаққа келмеуді шығарды, басты проблемасы қалаға жаяу жету болды. Қамқоршы апасынан қолхат алынды. Сынып жетекшісімен бірлесіп қаладағы анасына баласының жағдайын жеткіздік. Бір айдан кейін бала анасымен табысты.

      Балабақшаға жаңадан барған   2 жастағы баладағы күйзелісті өз баламның  басынан өткердім .Балабақшаға алғаш барған бала міндетті түрде жылап анасынан айырлмай қояды.Эмоциональды күйзеліске ұшыраған  бала анасынан белгілі уақыттқа көз жазып қалады,бұл үнемі анасының қасында болуға үйренген балаға  өте ауыр соққы болады.Үйге келгеннен кейін сені жазғырып жақындамай үйдегі басқа үлкендерден қамқорлық,көмек күтеді.

2-жастағы баланы күйзелістен шығаруда балабақша психологымен тәрбиешінің ролі зор.Менің балам Бекнұр эмоциональды күйзелістен 3-аптадан соң ғана айықты.Сол аралықтағы қиындыққа төзбесек,балабақшада баланың адаптатциалануына  ,үйренуіне  мүмкіндік бермей шығарып алсақ алдағы уақытта  өзімізге де баламызға да қйын болар еді.Уақытша күйзеліске шыдай алмай, алдағы күндеріңді қиындатудың қажеті жоқ.

     Мектеп өмірінде бір тұрақты шеңбер қалыптасқан:Мұғалімнің жүйкесін жұқартатын-оқушы,оқушының  жүйкесін жұқартатын –мұғалім.

 М.Қ 3-сынып оқушысы  мектептен тыс уақытта еркін сөйлейді ,билейтінде де өнері бар.Ал сабақ айтуға келгенде,аузын біреу жауып қойғандай үні шықпайды.Апайы қанша ұрысса да ақыл айтса да нәтйже жоқ.Анасы қызының алғыр,пысық екенін алға тартады,қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатынын айтады.Оқушыны сөйлету мағанда оңай болған жоқ.

Оқушыға арнап сауалнамалар беріп, біртіндеп сеніміне кіре бастадым.Нәтижесінде бала өзін мұғалімнің әділетсіз жазалауын,көпшіліктің көзінше ұрса беретініне наразылығын білдірді.Анасыда үнемі мұғаліміңді тыңда деп ескерту беруден жалықпайды,бала өзін қорғау үшін үндемей қалуды жөн көрген.

      Мутизм- деп аталатын бұл ауру күнделікті мезі қылған ескерту,ұрсуға баланың ішкі қарсылығы ретінде пайда болады.

     Логофобия-адамның өзіне белгісіз себептен тілінің байланып қалуы(сөйлеуден қорқу).

Мектептегі тәжірибе көрсеткендей кейбір бала өзін әділетсіз жазалаған мұғалімнің алдында ешбір сұраққа жауап бермей ,сағаттап үнсіз тұра береді.Сөйтіп жүтіп іштей күйзеліске ұшырап ,бұйығылыққа,көңілсіздіктің тереңіне түсіп кетуі мүмкін.Мектеп психологы сырттай бақылауда өте қырағы болуы керек.Жаны жабырқаулы ,көңіліне сызат түскен балаға мейірімді тыңдаушы ,жағымды қарым –қатынас ,топпен жүргізілетін тренингтер ұйымдастыру керек,келеңсіз жағдайдың алдыналу керек.

     Аутизм-өзін-өзі  уайымға салып,қай-қайдағыны ойлап іштей көп күйзелетін  бала осы ауруға ұшырайды.

      Жасампаз бала(шизоидтық тип)-бұл балалардың барлық сабаққа  бірдей ықыласы бола бермейді.Өзін қызықтыратын сабақты ғана оқиды.Бірақ ол балалардың табиғатындане өнерге,не ғылымға қаблеті айрықша болады.

Дүнйеге ұлы жаңалық әкелетіндер осындай балалардан шығады.

      Әлеуметтік ортада ,қарым-қатынаста үлкен-кішінің,кіші-үлкеннің алдында ойланып сөйлеп ,көңілімізге қаяу түсірмеуге ұмтылайық ағайын.                                                       « Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады»,-деген қазақта сөз бекер айтылмаған болса керек.

 Көңіл дегеніміз не?

        Қазақ ғалымы Ғ.Есім-нің айтуынша:  «Көңіл – айналадағы    ортаға, жа-

 һанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысты, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп – қорытатын адам жанының сырлы әлемі.

     Көңіл деп аталатын қуат адамның жүрегінде. Содан көңіл деген ұғымды жүрек деген ұғым ретінде қолданатындар, көңіл жүрек, діл ұғымдары-мен ұштас дейтіндер де көп. Әйтеуір, адам денесіндегі барлық мүшелері осы көңілге бағынады. Біздің сезім мүшелеріміз арқылы алынған хабарлардың барлығы да көңілде, яғни, жүректе жиналып, адамға әсер етеді. Жалпы, адам ықыласының негізгі көрсеткіші – көңіл. Мұнан туатын қорытынды: көңіл – жүрек қалауы.

     Жүсіп Баласағұни айтады: «Кісі көңілі – түпсіз теңізбен тең», - деп. Иә, дүние қалай үнемі үздіксіз алмасып тұрса, адам көңілі де сондай сәттерге толы.

    Адам бадасы ең саналы тіршілік йесі,түсінісуде сөздік қоры дамыған индевид.

«Әркім өз бақытының ұстасы». Оның көңілінің тазалығы, көңіл-күйінің жақсы, жаман болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, оған әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайлар, сыртқы ортаның әсері көп. Тек, талас туғызбайтын ақиқат: адам көңілді жүрсе, көңіл-күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, көрші-көлеміне де, қоғамына да тигізетін пайдасы, шарапаты мол, қарым-қатынасы тәуір болса барлық қиындықты  жеңуге болатыны анық.

    Саяси сәуегейлер «алда экономикалық дағдарыстың тағы бір үлкен толқуы келе жатыр» дегенді айтады. Қоғамда суицид, педофилия сынды проблема өршіп тұрған кезде бұл күйзеліс үстіне күйзеліс жамары анық.

Жалпы дағдарыс адамға жат дүние емес. Өйткені адам өзі ғұмырында бірнеше дағдарысты басынан өткереді және сол арқылы дамып, жетіледі.

Дағдарыс 1 жастан басталады, одан әрі 7, 13 және сөйтіп кете береді. Күйзелмейтін, стрессті бастан кешірмейтін саналы тіршілік иесі жоқ. Оларды жеңе отырып, адам нығаяды, өмірлік жолын әрі қарай жалғастырады. Жалпы кез келген проблемадан шығатын жол бар. Адам тек өлім проблемасынан қашып құтыла алмайды (Қорқыт баба аңызын еске түсіріңіз). Тығырықтан шығатын жол болмаса, Жаратқан Иеміз адамды жаратпас еді. Жол көп және оны адамның өзі табуы тиіс.

   Күйзелістен арылып бақытты болғыңыз келсе ең алдымен жақсылық жасап үйреніңіз.Еңбек,мейірім,қанағат,білім,руханй тазалық - сізді дүнйедегі ең бақытты ететіндер осылар.Бақыт- аспаннан жаумайды,жерде өспейді,оған өз өмірінің әр сәтіне есеп бере отырып талпынған адам ғана қол жеткізе

Ортада ашылуға,өз ойын ашық айтуға,басқалардың пікірін білуге ,өз-өзіне сенімді болуға үйрету

 

 

 

 

Сауалнама нәтижесі

 

Топтық тренинг

 

Қоғамдық ортаның әсері

 

Пән мұғалімдері

 

Күйзеліске түскен оқушыға психологиалық әсер ету

 

Педагогтың беделі

 

Сырттай бақылау

 

Жеке қызығушылығын арттыру

 

Сынып беделі

 

Жеке әңгімелесу

 

Социометрия әдісі

 

Ата-ана пікірін б


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қиын балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру
Балалардың балабақшаға бейімделуі
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Баланың ашуын қалай жеңуге болады?
Тәртібінде олқылықтары бар оқушылармен жүргізетін психокоррекциялық жұмыстар
Күйзелістен айығу жолы
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
«Әке – алтын діңгек» (Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі)
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8148 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык