Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану


Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану

Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану

Орыс ғалымы Л.В. Зенков Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы –деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Мектептегі оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды

В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:

1. Оқушылық (ученический)

2. Алгоритмдік (алгоритмический)

 3. Эвристикалық (эвристический)

 4. Шығармашылық (творческий).

Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Оқушының өзін өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -өзі бақылайды. Жыл соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады. Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.

Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн.

Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс мектептеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.

Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.

Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі.
Жаңа технологиялар элементтерін пайдалану арқылы буын және буын түрлерін меңгерту
Экономикалық білім беруде жаңа технологияның тиімділігі
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Жаңа технология түрін қолдану
Жұмыс объектілеріне технологиялық карталар, сызбалар, құжаттар дайындау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ЖАҢА АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2915 | Қосты: Мусаева Меймангуль Зайнидиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык