Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!


Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!

Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!

Мақсаты  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.                                                                                                                                                                               
 
Әдісі:  Ертеңгілік.
 
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
         -  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық  топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.  
 
                  Өтті  қызық көп күндер,
                  Алты жасқа жеттіңдер.
        Барасыңдар  мектепке,
                  Бір белестен өттіңдер.
 Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
 Тәрбиеші:
                  Өсті міне  бойларың
                  Өсті ақыл-ойларың
                  Қуанышқа  ортақпын,
                  Құтты  болсын тойларың!
       ҚР Гимні айтылады
     Айналайын, балалар,
     Алда мектеп- ана бар.
     Өздеріңнен өседі,
      Өнерпаздар, даналар
                        О.Нұрасыл:   
                Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
 
 
                           
                 Мадина: 
                  Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге  сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Өзіңізді  қимаймыз.
                     Балымай:  
                 Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап
                 Алаңдауды білмедім.
                
        Б.Нұрасыл:
       Енді мен үлкен боламын,
      Анамның тілін аламын.
      Ұстаздың барлық айтқанын,
       Миыма құйып аламын.
 
    (Есік қағылып ,  «5»-тік  баға  кіреді.)
- Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге «Білім ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.   Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін. Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремім.
 І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру.
ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан
ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан.
ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.
 
І тапсырма
  - Біз қай елде тұрамыз?  Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?
  «Біздің Қазақстан»,   «Отан» . 
 - Сенің ауылың кімнің атымен аталады?
-  Мектебің  кімнің атымен аталады?
- ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді?
«Елтаңбасы елімнің»      , «Қазақстанның байрағы»   
          -    Неше  жыл мезгілі бар?
-   Табиғат нешеге бөлінеді?
-    Тірі табиғатқа нелер жатады?
Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !
 
          ІІ тапсырма
- Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз    дыбыстарды ше?
- Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айан, Айша, Айбар, Айдана)
- Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та,   қа-ла,   да-ла)
- Тақтаға өз атын кім жазып береді?
- Жаңылтпаштар кім айтады?   
 
          (Әдептілік-әдемілік)    
- Тура және кері санап бер.
- Кім есеп құрастырып береді?
 
          ІҮ  тапсырма
       (Өнерлеріңді тамашалайық)
             
            Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
 
        ХОР: «СӘЛЕМ МЕКТЕП!»
                   Аружан:
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
 
            Қ.Ерасыл:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.
                    Марғұлан:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
 
 
 
       ӘН:  «Біз өмірдің-гүліміз!»   орындайтын ұлдар тобы.
        
        Тәрбиеші:
        Ретімен тізбелі,
       Әрбір санды даралап.
       Қайсың барсың бізге енді ,
       Айтып берер санамақ.
     (Санамақтар айтқызу)  
1 саны-Балымай
2 саны-Аружан
3саны-Аида
4саны-Сабина
5саны-О.Нұрасыл     6саны- Қ.Ерасыл
7саны-Едіге        8саны-Алмаз       9саны-Марғұлан
 
         БИ   « Чунга-ганга»    орындайтын қыздар тобы
               М.Ерасыл:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
                   Диас:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
 
 
 
 ӘН: « Балдырғандар»  орындайтын  ұлдар тобы.
          
Аяжан:    
        5 болсын алар бағамыз,
        Білімнен бақыт табамыз.
        Өнер-білім көп тоқып,
        Өсе берсін санамыз.
 
 
        Абзал:
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.
Едіге:
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
      
  БИ: орындайтын  - ҚЫЗДАР ТОБЫ
 
           КӨРІНІС  «Портфель»
             Автор: О. Нұрасыл  
              Бала: Б.Нұрасыл
             Әліппе: Аяжан
             Дәптер: Балымай
             Қалам: Сабина
             Түрлі- түсті қарындаш : М.Ерасыл, Едіге , Ералы
             Сурет дәптер:  Мадина, Алихан
         Күнделік: Абзал
                  Жарқын:
        Биыл күзде мектепке,
        Біріншіге барамын.
       Мақтанбаймын мен текке,
       Дайын дәптер, қаламым.
             
   ӘН : «Біз мектепке барамыз»  орындайтын хор.
            Аружан:
Шықтық  бүгін алға енді,
Даярлық топ қош енді.
Қадам бастық есейіп,
Қызық өмір алда енді.
                      
                        Алмаз:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен,
Өзіңізді  сыйлаймыз.
 
ӘН  «Оыншықтар»    орындайтындар қыздар тобы
                      
                     Сабина:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Даярлық топпен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
 
БИ: Вальс.
 
ХОР «Сәлем саған, мектебім!»
 
    ( Хормен барлық бала айтады.)
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне, 
Қанат қағып ұшамыз.
 
Балаларға  алғыс хат тапсыру.
    
      Сүйікті балғын бала шақ.
      Сендердікі болашақ.
      Озат болып оқыңдар,
      Ойға білім тоқыңдар
( Балаларға  алғыс хаттар тапсыру.)
 
Қорытынды  
-  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
    Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
 
Аяжан  біздің   ізденгіш
Талпынады       биікке 
 
Комьпютерді  меңгерген
Нұрасылға кім   тең  келген?
 
Ерасыл біздің  жан-жақты
Білімді  жыйды  салмақты!
 
Спортта  үздік  үнемі
Тобымыздың  бұл  бір  жүрегі
Қ.Ерасылды  кім біліпті?
 
Мынау  біздің  Мадина
Тұрған  бойы  наз-иба!
 
Ибалы, инабатты
Сабина біздің  сыйға  батты.
        
        Балымайға
Бойына  шаң  жуытпайды,
Сабағында   ұмытпайды.
 
          Жарқынға
Кіршіксіз   пәк  жүрегі
Көңілді  әр  кез  жүреді.
  
           Едігеге
Сегіз  қырлы,  бір  сырлы
Өнері  бар  сан  түрлі.
           
            Алиханға
Табиғатты   сүйеді
Білімге  бас  иеді.
               Аружанға
Берген   өлең,тақпақты
Лезде   жаттап   алады
Тек жұлдызша    алады.
                   Абзал
   Математика   десе  
«ішкен асты жерге қояды» 
    Тек   есепті     тереді.
 
             Алмазға
Сабағын    жақсы меңгерген 
Жақсылықты  көп  түйген.
      
        Ералы
Топтағы    әр  баланы  
Бауырындай   көріп  жүреді.
              
                    Диас
Жетелеп  жүріп  түрлі  арман
Білімімен    шыңдалған!
          
           О.Нұрасыл
Білімге   құштарлықпен   бас  ұрады,
Білгенін шыдамайды ақтарады.
 
     Әр саладан білікті 
     Марғұланды     кім біліпті?
Каждый клиент онлайн казино Пин Ап рано или поздно надеется сорвать солидный куш. Для этого некоторые юзеры разрабатывают собственные схемы и стратегии, а другие пользуются уже существующими. Но прежде всего геймер должен понимать, что универсального «рецепта» победы не существует. В абсолютном большинстве случаев все зависит от удачи игрока в тот или иной игровой момент. Со своей стороны, администрация казино Pin Up в России настоятельно рекомендует всем участникам ознакомиться с правилами пользования автоматами и опробовать их в бесплатном (демонстрационном) режиме.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош, балалар бақшасы!
«Қош бол балабақшам!»
Даярлығым,қош енді!
«Қош бол,даярлық топ!»
«Ойыншықтарды қимаймыз- бөбектерге сыйлаймыз»
«Қош бол ,даярлық сыныбым»
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 32854 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык