Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші


Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Қатысушылар: Жүргізуші,Жалқаубек, Тапқышбек.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар. Сіздермен тағы да қауышқанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі кешіміз ерекше күн. Біз балаларымызды мектепке шығарып салмақпыз. Олар да бүгін қобалжуда. Қане, оларды қарсы алайық!

1-бастаушы: Бексұлтан
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

2 -бастаушы: М.Нұрай
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!

Қоштасу вальсі
Қарсы алыңыздар 2014 жылдың балдырғандарын!
(балалар шармен кіріп жарты шеңберге тұрады)
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті,міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
(ән соңында шарларын жоғары ұшырады да орындарына отырады).
Балалар тақпақтар айтады:

Мәдина:
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Бексұлтан:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Нұрай:
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Қуаныш:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып,ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Асанали:
Сүйген өз қыз,өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім.
Апай болды анамдай.
Әрсен:
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қй.
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды ой!
Шырайлым:
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз,
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Нұрай:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Камилла:
Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнді саламыз
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Темерлан:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Еңлік:
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз,
Мектеп енді шақырады,
Қош бол бала бақшамыз.
Аяжан:
Үлкендердей тап –таза,
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Аружан:
Әліппем менің әліппем!
Сені қолға алып мен,
Есігін аштың мектептің.
Ертеңгі жарық құшақпен!
Диара:
Мен қайырымды баламын.
Тек жақсылық ойламын.
Кішілерге қамқормын,
Біріншіге дайынмын.
Дильназ:
Мектепке мен барамын.
Кілең бестік аламын.
Ата – анамды қуантам,
Үлкен азамат боламын.
Алина:
Өсті ақыл ойымыз,
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойымыз!
Шұғыла:
Бал татиды әніміз,
Мың бұралған биіміз,
Сіздерге бізден мың алғыс,
Сіздерден өнер алдық біз
Қасымхан:
Баулап, баптап өсірдіңіз,
Бұзықтық етсек кешірдіңіз,
Ұмытпаймыз сөзіңізді,
Ұмытпаймыз өзіңізді.
Инабат:
Әріптерді үйрендік,
Оқу,жазуды меңгердік.
Алғыс сізге ұстазым.
Бірінші сыныпқа жеттік.
Санжар:
Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз,
Дәрігер апайларға,
Айтамыз біз көп алғыс.
Ерасыл:
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық,көп білдік,
Ел мен Отан жайында

Ән: «Ақ тілек» (Орындайтын: Қанап Нұрай)
Би: «Шығыс биі» ( 0 «А» топ қыздары: Камилла,Алина, Шырайлым, Нұрай, Дильназ,Аяжан)

(Ортаға әуенмен Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: Мен сендердің көлеңкелеріңмін. Мен әрқашан да сендердің қастарыңнан табыламын. Мен сендерге көмек беруге әрқашан дайынмын. Кез келген істеріңді ертеңге қалдыруға көмектесемін.
(Ішінен бірдене айтып жастығын алып ұйықтап қалады.)

Жүргізуші: Балалар мынау кім екен? Келіп неге ұйықтап қалды? Мұндай баланы қандай бала деп атауға болады?
Балалар: Жалқау бала. Бұл – Жалқаубек.

Ән: «Жалқаубек» (Хор)
(Ортаға Жалқаубекті шығарады.)
Жүргізуші: Балалар бізге Жалқаубек керек пе?
Балалар: жоқ!
Залдан Жалқаубекті шығарып тастайды.
Жүргізуші: Балалар, сендер балабақшада көптеген нәрселерді үйрендіңдер. Көп нәрсені білесіңдер, көп нәрсеге қабілеттісіңдер .Бүгін біз мерекемізге ертегі кейіпкерін шақырдық! Ол сендердің білімдеріңді тексереді. Кейіпкеріміз келгенше өзіміздің туған жеріміз туралы әнімізді айтайық!
(Ортаға Тапқышбек келеді.)

Жүргізуші: Балалар, біздің қонақты таныдыңдар ма?
Тапқышбек: Мен оларға көмектесемін. Мен өте тапқыр,әрі ақылдымын.
Балалар: Тапқышбек
Тапқышбек: Дұрыс таптыңдар.Ал мен балалардың мектепке дайындықтарын тексеру үшін келдім. Математика ең қажетті ғылым. Ал, ол үшін цифрларды білу керек. Және олармен дос болу керек.

Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар ма?
Балалар: иә!
Тапқышбек: Тырнаның сабағына 5 сауысқан ұшып келді. Солардың ішінде тек үшеуі ғана сабақ қарады. Сабаққа неше сауысқан ұшып келді?
Балалар: бес

Тапқышбек: Жарайсыңдар дұрыс. Тиінге қонаққа көршісі келді. Бұтақта отырып бес- бес жаңғақтан жеді. Тиіндер неше жаңғақ жеді, қане, санап көрейік!
Балалар: тиіндер он жаңғақ жеді.
Тапқышбек: Жарайсыңдар, балалар! Сендермен өте қызықты. Тағы да бір тапсырманы шешіп көріңдер. Орындары ауысқан әріптерден сөздер құраңдар.

(Интерактивті тақтада шашылған әріптер көрсетіледі.)

Балалар «Әліппе» сөзін құрайды.
Тапқышбек: Балалар сендер бірінші сыныпта әліппе оқулығын оқисыңдар! Әліппеге айтатын тілектерің бар ма?

Жүргізуші: Бүгінгі түлектеріміздің әліппеге айтар тілегі бар екен!

Балалар:
Әліппенің бетін жарқ ет,
Ұл - қызды түгел білім ет!
Келесі оқу жылына
Аман- есен түгел жет.
«5» - болсын алар бағамыз
Біліммен бақыт табамыз
Өнер- білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Мектепте жақсы оқимыз,
Ойға білім тоқимыз.

Жүргізуші: Тапқышбек, барлығын тексеріп көрдіңіз бе, біздің балалар сабаққа баруға дайын ба екен?
Тапқышбек: Тағы тапсырмам бар. Ол әуендік жарыс деп аталады. Мен ән тыңдағым келіп тұр.

Ән : «Айгөлек». (0 «А » топ қыздары: Аяжан ,Мәдина, Нұрай, Дильназ)
Ән: «Ертегілер» ( Орындайтындар: Еңлік, Диара,Шұғыла, Камилла, Алина, Амина)
Ұлдар әні: «Тұлпарым»
Көрініс: «Шалқан» ертегісі
Ән: «Көктем келді» (Мәдина, Нұрай, Аяжан, Ерасыл, Асаналі,Аружан, Қуаныш, Темерлан )
Тапқышбек: Ах, қандай тамаша балалар. Би биледі, ән салды. Сендерді мұнда жақсылап үйретіпті. Ал,менің қоштасуым керек. Ауырмаңдар, мектепте жақсылап білім алыңдар. Барлығын да білуге асығыңдар.
Балабақшаға текке бармапсыңдар,
Пайдалы өнер білім жинапсыңдар.
Мектепте өте жақсы оқыңдар,
Ал,енді қош сау болыңдар!
(Тапқышбек кетеді)
Жүргізуші:
Балабақшамен қоштасатын
Уақытта келіп қалыпты.
Нұрланып атсын әрбір таңдар
Мектеп табалдырығын аттаңдар!
Алғыс хаттарды ұсыну.
Ән: «Туған жер» (хор)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош, балалар бақшасы!
«Қош бол балабақшам!»
Даярлығым,қош енді!
Қош бол балабақша!
«Ойыншықтарды қимаймыз- бөбектерге сыйлаймыз»
«Балалардың бал мекені»
«ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»
Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!
Біз мектепке барамыз
Қош бол, балабақша!

Автор Ақылбаева Меруерт Кәрімтайқызы

ШҚО Семей қаласы "№27 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ

Бөлім: Материалы / Сценарилер жинағы | Көрсетілім: 30046 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар