Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Диалогтық оқыту


Диалогтық оқыту

Диалогтық оқыту

Кіріспе
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. (МАН, 38-бет) 
        Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім – менің пәнім тарих болғандықтан баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын.
      Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін  сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды.  Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін  ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді. Курста оқып келген мұғалімдердің сабағына қатыстым. Олардың оқушыларға диалог құрған кезде қандай жұмыс жасап жатқанын көргім келді. Сол мақсатпен сабақтарына қатысқанымда менде кездесетін проблема оларда да кездесіп жатқандығы байқалды. Сабақтан кейін бәріміз бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы және баланы сабақта да, сабақтан тыс кезінде сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек деген ойға келіп тоқтадық.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. 
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне  мүмкіндік береді;
• Басқа адамдарда түрлі ойлардың  болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (МАН, 38,39-бет).
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. 
 
 
 
Негізгі бөлім
         Диалогтық оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи. Фриери , әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген.  Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен  оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі  мұғалімге бағыттамай, негізінен  оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе  бір қалыпта тұрақты  болмауға тиіс дейді; ол  үнемі өзгеріп, бұрын  болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің  қызметі   басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан.
       Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым.  Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс  жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық  оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі  толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.
       Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың  маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп  жүргізілген жұмыстың нәтижесі  балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға  болады. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей  етіп  құрылуы қажет.
        Қайта бағыттау дегеніміз сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. Мысалы «Көмектесе алатындар бар ма?» Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын  қарастыратын болсақ ,сұрақ қою арқылы  мұғалім:
- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі;
- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
- Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
- Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды;
           Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің тәжірибемде көзім жетті. Себебі, 6 «А» сынып оқушыларымның топтық, жеке, жұптық жұмыстарды атқару барысында және өзімнің ашық, жабық сұрақтарыма жауап беру нәтижесінде диалогтік  әрекет  сабақтың үстінде бірнеше рет іске асырылып отырды. Менің пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің барлық сабағында жүзеге асырылып жатады. Яғни, ашығын айтсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда  жұпқа берілген  тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы  сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас  жасады. Барлық  сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық , aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi , иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм . Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды . 
      Сабақтарымда жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, топтастырып, формативті бағалау түрлерін қолданып, ашық сұрақтар қоюға дағдыландырып оқушылардың қызығушылығын ояттым.
 
6 «А» сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарының өсу көрсеткіштері
Дәстүрлі сабақта Топтық жұмыста
   
Дәстүрлі сабақтағы диалогтік қарым-қатынас Топтық жұмыстағы диалогтік қарым-қатынас
«Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Сұрақтарды ұстап ал» әдістерін, оқушылардың бір біріне ашық сұрақтар қоюы арқылы сабақтарымда барынша ашық сұрақтар пайдалануға тырысамын. Нәтижесінде:
6 «А» сынып оқушыларының  ашық сұрақтар қою динамикасы
 
      Зерттеу алдында оқушылар ашық сұрақтарды бір-біріне қою деңгейі төмен , ал сабақтардан кейін алдеқайда нәтиже болды . Келесі графиктен «А» , «В» , «С» деңгейдегі оқушылардың зерттеушілік дағдыларын өсуі көрініп тұр . Сонда, егер мұғалім сабақты дұрыс және тиімді тәсілдерімен үйымдастырса, онда әртүрлі деңгейдегі оқушылардың көп деген дағдылары арта түсетінін мәлім .
                                     Зерттеушілік әңгіме дағдыларының өсуінің графигі
 
        Топтық жұмыс оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді , өзін - өзі ортада ұстай білуге , сөйлеу қабілеті дағдыларын қалыптастырады . Бірін – бірі тыңдауға ,  сыни ойлауға , өзінің пікірін айтуға құқығының бар екендігін сезінеді , пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінуге  үйренеді . Өздерінің идеяларымен шағын топтарда  өзінің құрдастарымен бөлісе алады . 
Диалогтық оқыту арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы сұрақтардың маңызы .
 
         Оқушылар көбірек білетін адамдармен, сыныптастарымен, мұғалімдермен диалог жүргізген жағдайда білім алуы табыстырақ болады. Диалогтық оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлері оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтауға, сыни тұрғыдан ойлауға, әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек берді.  Сыныптағы диалог мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың қандай деңгейде екендігін білуге көмектессе, оқушылардың тілдік қорын, бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартты, білімдерін кеңейтті.
       Мaғaн oсы iс-әрeкeттeгі  зеттeyдe нe cәтciз бoлды.
      Бiрiншiден, менің ІІ деңгей бітіріп келген жалғыз өзімнің болуым. Іс-әрекеттегі зерттеуіме әріптестерімді тарта алмауым.
      Eкiншiдeн, тақырып таңдағанда дұрыс бағдар ала алмауым.   
Үшіншіден,  бағалау әдісінің өз деңгейінде болмауы.
Төртіншіден, зерттеу басталысымен оқушылардан нәтиже талап етуім.
      Бесіншіден, І тоқсанның, яғни уақыттың аздығы және жоспарлаған сабағым уақытынан   асып кетуі .
       Мен үшін не сәтті болды?
        Біріншіден, оқушылардың  пікір  алмасу  кезінде   ашық сұрақтар  кеңінен  қолданылып,  оқушыны  зерттеу  кезінде    оқушының  білім  алуына,  сөйлеуіне, тыңдауына көп көмек жасадым.
      Екіншіден,   балалар әңгімеге  тартылды,   өз  ойларын  жетік  жеткізе  білді, өз  идеяларын  айтты,  дәлелдей   алды. 
      Үшіншіден,  топта  талқылаудың  балалардың  өзге  идеялармен  өз  идеяларын  салыстыра  отырып, ортақ  дұрыс  шешімге  келуіне  мүмкіндік  алды.
        Менің болашақта осындай іс-әрекеттегі зерттеу жоспарым қандай болмақ?             деген сұраққа жауап іздейтін болсам:
       Біріншіден, әріптестеріме өз жұмысымның нәтижесін көрсетіп, сындарлы оқытудың ерекшелігіне көздерін жеткізу.
       Еіншіден, өз тәлім алушымды іс-әрекеттегі зерттеуге тарту.
       Үшіншіден, сабағымда  диалог  рөлін  арттыра түсу үшін   оқушыларыма  берілетін  ашық сұрақтарымның  жүйелі  болуына назар аударумен бірге, білімім мен біліктілігімді тереңдете түсуім керек деп ойлаймын.
     Төртіншіден, сабағымда  диалог  рөлін  арттыра түсу үшін   оқушыларыма  берілетін  ашық сұрақтарымның  жүйелі  болуына назар аударамын.                                                                                         
     Бесіншіден, ашық сұрақ қойған кезінде  оқушының жауабына көбірек көңіл бөлемін.                                                                                                                             оқушы дұрыс айтпаған күнде де оған жауабының қате екендігін бірден айтпай, келесі оқушының жауабын тыңдату арқылы оқушыны  үміттендіретін, сенімділік қалыптастыратын сұрақтар қойып, нақты жауап айтуға қозғау саламын. 
       Алтыншыдан,  әріптестеріме диалогтік оқытудың ерекшеліктерін коучинг арқылы жеткізу.
       Жетіншіден, сындарлы оқытуға байланысты ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысып, өз білімімді толықтырып, шыңдау.                                                                                                                                                                                                                                                  Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігің анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көзім жетті. Сабақтарыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмeн мeңгeрyiн түciнyi мeн бaғaлaй aлyы бoлып тaбылaды. Мұндaй тәciл бұл үдeрicкe oқyшының өзiнiң дe қaтыcyын тaлaп eтeдi. Ocылaйшa oқyшы дa өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлaды. Oқyшы мұндaй жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын oртaдa ceзiнiп қaбылдaйды. Mұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқayлықты бacшылыққa aлa oтырып, aлдaғы yaқытта өз iс -тәжiрибeмe Бaғдaрлaмaның жeтi мoдyлiн әр caбaғымa кiрiктiре oтырып шыңдaй түceмiн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 жыл
2. Дәріс материалдары
3. «Қазақстан мұғалімі» республикалық журнал, 2012жыл  №3
5. «Қазақстан тарихы» республикалық әдістемелік журналы, 2013 жыл №3
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңа ізденіс – жаңа бағытқа жетудің кепілі
Информатика сабағында жеті модуль идеяларын қолданудың тиімділігі
Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс
Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары
Оқушы белсінділігін арттыруда диалогтік оқытудың тиімділігі
Информатика сабағында жеті модуль идеяларын қолданудың тиімділігі
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛЬІ БОЙЫНША ДИОЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП
Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасында қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
Физика сабағында диалогтік оқытудың маңыздылығы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 39095 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык