Физика пәнін оқытудығы диалогтік оқытудың маңыздылығы
Қазіргі уақытта жас ұрпақ тәрбиесі, білім беру үрдісі - күрделі мәселелердің бірі. Оқушыларды заман талабына сай білім беруде озық әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Заман талабы әр оқушының сабақ кезніде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап, пікірталастар деңгейіне жетіп, даму үстінде болуын қалайды. Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушыларға жаңа пәнді толық игеруіне, пәнге деген қызығушылығын оятуда, білімін шыңдап, одан әрі дамытуды, шығармашылықпен ізденіске баулимыз.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым – қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған (МАН, 38 бет).
Сабақ берудің жаңа технологиясын енгізу мақсатында диалогтық оқыту жүйесі «Мұғалім – оқушы» мен «оқушы – оқушы» арасында ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттерді арттырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады, ал Л. Выготский пікірінше оқыту моделі арқылы оқушы диалогты өзара әрекет арқылы нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.
Теориялық білімімді практикада ұштастыру барысында мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып диалогтық оқыту арқылы сабақтарымды жоспарладым. Сабақты жоғары деңгейде жүргізу үшін мұғалімнің білімі мен дайындығы өте маңызды болып табылады. Негізгі ақпаратты мұғалім оқулықтан оқып беру арқылы емес, пікір алмасу немесе диалог түрінде жүргізсе, оқыту жеңіл болып, оқушының өзіндік пікірі мен идеясы қалыптасады.
Дәстүрлі оқыту кезеңінде оқушылар арасында диалог қалыптаспаған, тек жабық сұрақтар қоюмен шектелген. Диалогтық оқытуды сабақта тиімді қолдану үшін ең алдымен оқушылармен пікір алмасу арқылы яғни, әңгіме – дебат, топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме түрінде өткізуді жоспарладым. «Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы» тақырыбын қарастыруда оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында бейне роликтер және күн, ай, сегіз планетаның суреттерін беру арқылы топтастырулар жасаттым. Оқушылар бір – бірімен пікір алмасу арқылы топтастырулар жасау барысында керемет диалог көрініс табады.
І топ оқушылары күнді ортасына қойып, күн жүйесіндегі 8 планетаны рет – ретімен қоямыз деп бір шешімге келе отырып, 8 планетаның орналасуы мен қозғалуындағы ерекшеліктерін, табиғаты туралы мәліметтер іздестіріп, зерттеулер жүргізді. Мысалы, Бақдәулеттің «Ортасына күн ді қоямызда оны қоршаған өзге планеталарды орналастырамыз» деген шешімімен барлығы келісіп, Арай:
- Күннен кейін қай планета орналасқан? Ол жайлы не айтуға болады?
Бақдәулет:
- Меркурий, қазақша баламасы – Болпан, күнге ең жақын орналасқан планета болғандықтан зерттеу қиын, ол жерге қарағанда өте баяу айналады, айналу орбитасыда кіші, - осындай диалог қалыптастыра отырып сегіз планетаға зерттеулер жүргізеді. Оқушы өздігінен зерттеп ізденген соң ол тақырып оқушы есінде ұзақ сақталады.
Ал, екінші топ оқушылары суреттерді пайдалана отырып, күн тұтылуын себебін сипаттап көрсету арқылы, күннің жылдық қозғалысын бейнеледі. Мысалы, Мөлдір:
- Эклиптика дегеніміз не?
Гүлдана:
- Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы.
Дәулет:
Жазғы Күн тоқырауы мен қысқы күн тоқырауының ерекшелігі неде?
Мөлдір:
- Жазғы күн тоқырауы жаздың ең ұзақ күні, қысқы күн тоқырауы қыстың ең қысқа күні, - десе, Сымбат:
- Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашық орналасқан күн – жазғы, ал күн экватордан оңтүстікке қарай ең алыс қашықтыққа орналасуы – қысқы күн тоқырауы - деп оқушылар бір – біріне оқыта отырып, оқиды.
Топ арасындағы диалог үйлесім тапқанда, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, оқушылар бір – бірімен санасады, пікір алмасу арқылы өзіндік тақырып туралы түсінігі қалыптасады, өз ойын жеткізе алады, сұрақ қою арқылы сөздік қорын көбейтіп, білімін шыңдап, пікірін дәлелдеуге машықтанады.
Ал, топтық жұмыс барысында «Мұғалім - оқушы» диалогын қалыптастыру мақсатында «Түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау» тәрізді сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын колданамын. Мысалы:
- Планеталардың қазақша баламасын білеміз бе?
- Болпан, Шолпан, Жер, Аңырақай, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун;
- Планеталардың бір - бірінен ерекшелігі неде?
- Уран мен Шолпан планетасы өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы;
- Тағы қандай ерекшеліктерін білеміз, - деп қайта бағыттау сұрағын қойғанымда оқушылар:
- Күн жүйесінде орналасу реттілігінде;
- Табиғатында, күнді айналу жылдамдығында, көлемінде және массасында т.б. жауаптар беріледі.
Оқушылар зерттеулер жүргізу арқылы диалог қалыптастырғанда оқушылардың білім алуы, тыңдауы, сөздік қоры және дарындылығы мен көшбасшылығы анықталады, дамиды.
Диалогтік оқыту:
Ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды);
Өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір – бірін тыңдап, идеяларымен бөліседі және баламалы көзқарастары қалыптасады);
Қолдаушы (балалар қате жауап бергенінен қорықпай , өз идеяларын еркін жеткізіп, бір – біріне түсіністікке жетулеріне көмектеседі) (МАН, 52 бет).
Оқушылар тақырыпты дұрыс түсінуі, мазмұнының ашылуы үшін мұғалім төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қолданады. Сұрақ қою бұл маңызды дағды болып есептеледі, яғни сабақты тиімді жоспарлап, оқушының білім алуына қолдау көрсетіп, сол білімін одан әрі шыңдау нәтижесінде «Мұғалім – оқушы» диалогын қалыптастыру үшін сұрақ қоюдың бірнеше түрлерін қолданамын. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес саралап, оқушы жауабынан кейінде туындайтын сұрақтардың маңыздылығына назар аудару керек. Он сегізінші қазан күні өтілген «Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары» тақырыбының мазмұнын ашуда «Бастама – жауап – кейінгі әрекет» нысаны бойынша:
Бастама (мұғалім): Күн жүйесіне енетін неше планетаны білесіңдер?
Жауап (оқушы): 8 планета
Кейінгі әрекет: Дұрыс, ал диалогті одан әрі қалыптастыру мақсатында:
- Планеталарды қандай топтарға бөліп қарастырамыз?
Тоғжан:
- Алып және ергежейлі планеталар
Гүлсара:
- Төменгі және жоғарғы планеталар
Мұғалім:
- Оларды неліктен төменгі және жоғарғы планеталар деп қарастырамыз?
- Жер орбитасының ішкі жағына орналасқан планеталар – төменгі, ал орбиталары
жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар – жоғарғы деп аталады.
- Күн жүйесін зерттеудің адам өміріндегі маңызы қандай?
- Аспан әлемін зерттеушілердің қызығушылық танытуынан
- Өзге планеталарда тіршілік бар шығар және олармен қарым – қатынас жасау үшін
- Әрине, күн мен айдың тұтылу себебі білу үшін т.б
- Не себепті күн тұтылады?
- Күн тұтылуы бұл табиғат құбылысы
- Жерді айнала қозағалатын Ай Күн мен Жердің арасынан өткен кезде Күннің көзін көлегейлеп жауып қалады. Осы кезде Жер бетіне Айдың көлеңкесі түседі. Осы құбылысты айтамыз.
Жиырма үшінші қазан күні 7 – сыныпқа өтілген «Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орынауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар» тақырыбын қарастыруда оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында
- Балалар, денені қай жағдайда материялық нүкте деп қарастырамыз?, - деген сауалыма
Мөлдір:
- Аспандағы жұлдыздар бізге нүкте болып көрінеді,
Осы сұрақты қайта бағыттаған кезімде сабаққа араласа бермейтін Серікболсын есімді оқушы:
- Мұхит ортасында жүзіп жүрген кемені материялық нүкте деп атауға болады.
Серікболсынның сабаққа қызығушылығын оянғанын байқап, пікірін дәлелдеуге үйрету мақсатында:
- Ал, кемені қай кезеңде материялық нүкте деп қарастырмаймыз? Неліктен?
- Апай, кеме жағалауға келгенде ол жай материя болады. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның барлығын материя деп атаймыз.
Бүгінгі сабағымның жетістігі сабаққа қызығушылық таныта бермейтін, Серікболсынға сұрақтарды білім алу қабілетіне сәйкес қойып отыру арқылы үйлесімді диалог қалыптастырдым деп есептедім. Бұдан түйетін түйін дәстүрлі оқыту кезеңінде үнемі мәтінді жаттап айтатын оқушыма диалогтік оқыту әдісі арқылы пәнге деген қызығушылығын оятқаным теориялық білімімнің жүзеге аса бастағаны. Бұдан шығатын түйін:
Сұрақ қою арқылы:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын, идеясын нақты түсіне алады;
• Сыни көзқарастары қалыптасады;
• Іздену, қолдану мақсатында өзіндік идеясын салыстыра, өзгерте алады;
• Өз пікірін қалыптастырады;
• Білімін шыңдап, дамытады.
Диалог қалыптасқан жағдайда ғана сабақ тиімді, әрі сапалы өтеді. Диолагтық оқыту әдісін қолдана арқылы оқушылар арасында талқылау, жинақтау, дебат, ынтымақтастық, білім мен білік бірлесе құру арқылы түсінік пен дағдылары қалыптасып, өзіндік «Мені» қалыптасады.
Қазанның 25 – і күні өтілген «Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық» тақырыбын қарастыру барысында бұған дейінгі сабақтарымда сәтті шыққан технологиялар арқылы тақырыпты оқушылардың жас ерекшілігін ескеріп «Бір күні тасбақа, жаяу адам, қоян үшеуі жарысқа түсті. Мәре сызығынан ең бірінші болып кім өтеді? Неліктен?» деген сыни сұрағы қойылады.
Оқушылар қызығушылық таныта отырып,
- Әрине, қоян, апай – деп жауап берді. Сабақта көңілді отыратын, Әділбек:
- Апай, адам немесе тасбақа да өтуі мүмкін, жыл басына таласқан аңдар арасынан да тышқан күнді бірінші көріп, жыл басы болған ғой, - деп өз пікірін дәлелдеді.
- Біз оз болжамдарымызды талдап, дәлелдей алуымыз керек, енді Неліктен , қоян ?
- Қоян жылдам жүгіреді.
- Ол тасбақа мен адамға қарағанда шапшаң қимылдайды.
- Қоянның жылдамдығы тасбақа мен адамнан жоғары ғой , - деп жауап беру арқылы бүгінгі тақырыпты «Мұғалім – оқушы» диалогымен ашып алдық.
- Сабақ барысында оқушылар біртіндеп жаңа технологияларға бейімделген, бір – біріне түсіндіру, төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға дағдалынған. Топтар арасында керемет диалог қалыптасты. Өз пікірлерін дәлелдеп, өзгенің пікірін сыйлауға, бір – бірін бағалауға дағдыланды.
Мұғалім бала бойындағы түсінік пен дағдыларын жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылу қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стретегиясы мен тактикасын таңдай алуы қажет. Сабақ жоспарларын құруда диалогтық оқытуды толық енгіздім деп айта алмаймын. Бірақ алдағы уақытта сабақтарымда диалогтық оқытудың тиімділігін ескере отырып, кеңінен пайдалануға тырысамын.
Болашақта әлеуметтік- сындарлы оқыту курсында өз білімімді әлі де болса жетілдіріп, теориялық білімімді практикамен ұштастыру арқылы қазіргі заман талабына сай ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарасы жүйелі дамыған, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана алатын, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуіміз керек. Мұғалім әрдайым ізденіп, құзыреттілігін дамыту арқылы ғана сапалы білім беруге қол жеткізе алады. Сондықтан да әлі де болса ізденіп, өз білімімді шыңдауымыз керек.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Оқушымен жұмыс |
Көрсетілім: 3686 |
|
|
|
Физика сабағында диалогтік оқытудың маңыздылығы

Автор Меруерт Нұрғалиқызы
№229 мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |