Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары


Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы

№2 шағын орталықты орта мектебінің

Информатика пәні мұғалімі

Тарбақов Бауыржан Айдарұлы

Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары

Түйіндеме

Табысты оқыту- білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі өте маңызды.

Оқушылардың жай – күйі, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қажеттіліктерінен туындайтын тапсырмаларды қамтамасыз ету – сапалы білім берудің бірден – бір жолы.

Резюме

Процесс качественного образования – зависит от образования, от уровня компетентности обучения. Возможность обеспечения учащихся заданиями разных уровней,учитывая степень развития ученика

Resume                                                                               

Quality teaching –is one of the most important  way of education .Especially the meaning of teaching levels are the most important. Psychologicalconditions of students  and capability of giving tasks are one of the way  giving quality knowledge.

 Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі -  оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

 Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы ( конструктивті) теорияға негізделген тәсіл кең тараған. Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

      Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

      Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде «диалогтік оқыту» маңызды рөл атқарады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Диалогтік оқытуда оқушылар бір – бірімен қарым – қатынас жасай отырып, жүргізілген жұмыс балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер етеді.

    1934 жылдың өзінде – ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.

      Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Оқушыларға сыныпта әртүрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогтарға қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.

       Диалогтік оқыту – қарым – қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш- жігерін жұмсайтын, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестіктер болып табылады. Пікір алмасу – оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Зерттеуші- Мерсер сыныпта талқылау кезінде дәйектеудің үш түрін анықтады:

- Әңгіме – дебат, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;

   - Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;

- Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жалғасады.

 Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және

сөйлеуі арасындағы байланыс анықталады. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырылады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге  ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда  «солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Осындай сценарий бойынша оқушылар бір – бірін тыңдап, өз жауаптарынталдайды.Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады.

Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада - оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой – пайымдары да айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Соған қарамастан, бұндай әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан- жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдауы үшін мұғалімдергеоларды бағыттап отыру керек болады.

Сұрақ қою - маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі: сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екеуі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.  Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге , өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай- ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «көмектесеалатындар бар ма?»

Оқытудың диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына көмектеседі;

Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне , басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс- әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

Оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.

Диалогтік оқыту әдісін күнделікті сабақта қолданамын. Оның себебі: өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертуде «диалогтік оқыту» әдісінің тигізер әсері мол, әрі тиімді. 

Сабақтажұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін қолданамын. Өзге ұлт өкілдері күнделікті сабақта мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді аз уақыт ішінде диалог арқылы меңгертуге болады. Ол үшін мәтін топ санына қарай бөліктерге бөлінеді. Әр топ өз бөлігін меңгеріп, топтың бір мүшесі келесі топқа барып өз түсінігін айтады. Осылай бір – біріне ауысуы арқылы мәтінді түгел меңгереді.

Сұрақ – жауап әдісі – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді. Сұрақ құрастыру, оған жауап іздеу – оқушы ойының дамуына, ізденіске түсуіне түрткі болады.

        Тақырып бойынша диалог құрастыру, яғни екі адамның сөйлесуі – барлық оқушыларды қамтуға, қазақ тілінде сөйлесуге мәжбүрлейді. Бұл әдіс арқылы мұғалімдер оқушылардың қандай деңгейде қазақ тілін білетіндігін байқауға мүмкіндік туады.

Постермен жұмыс – тақырыпты ашудың тиімді тәсілі. Постермен жұмыс барысында оқушылар түрлі идея тастап, оны дәлелдеу үшін еңбек етеді. Оқушының ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді меңгеру үшін өте тиімді. Постерді қорғау – шешендік өнерді қажет етеді.

Диалогтік оқытуды қолдану арқылы   оқушыларда ынта пайда болды. Өз ойларын айтуға бейімделе бастады.Топтық жұмыста бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдылана бастады. Оқушылар бір- бірінен үйреніп, білмегендеріне көмек көрсету барысында өз білімдерін жетілдіріп отырады. Өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды бірлесіп орындау арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Диалогтік оқыту әдісін қолдану нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түсті.

 Диалогтік оқыту  немесе сұрақ беріп, жауап алу барысында оқушылар бір нәтижеге жету үшін бар білімін салып, бірлесіп, жұптасып, топтасып ой бөлісіп,пікір алмасады. Диалогтік сөйлесуде оқушылар терең ойлап, күрделі тапсырмаларды шешуге , берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге, сөз жарыстыра жүргізуге (дебат), достарымен, бауырларымен және туған-туыстарымен тіл табысуға үйренеді.  Диалог жүргізу кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жұмыстарын  жүргізуге қабілетті бола түседі. Диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа деген  қызығушылығын арттырумен қатар білім сапасының көтерілінуіне көптеп көмегін тигізеді.

     Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін  анықтау үшін жақсы қарым – қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Диалогтік сұхбаттасу-  мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бұзаубақова, Қ.Ж. (2003). Жаңа педагогикалық технология.   Тараз

2. Қадашева,Қ. (2001). Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді     дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы

3.Выготский, Л.С.(1991). Проблема культурного развития ребенка.Москва

4.Мирсеитова, С(1998). Сыни  тұрғыдан ойлау технологиясы.

5.Мырзабаева, А.(2005). Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы.

6.Рақышова, Г.А., Игибаева, А.К.(2006). Жаңаша оқыту- жетістік көзі.

7.Тұрғынбаева, Б.(2005). Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі, 4

8. Давыдов, В.В.(2005)Деятельностная теория мышления. М. : Научный мир.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңа ізденіс – жаңа бағытқа жетудің кепілі
Информатика сабағында жеті модуль идеяларын қолданудың тиімділігі
Диалогтік оқыту-оқушыларды оқу үрдісіне ынталандырудың және танымдық қабілетін дамытудың негізі
Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс
Оқушы белсінділігін арттыруда диалогтік оқытудың тиімділігі
Қазақ тілі сабақтарында «Диалогтік оқыту» әдісін кеңінен қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
Мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа тәсілдері
Диалогтық оқыту
жауап алудың тиімді дағдыларын дамыту
Физика сабағында диалогтік оқытудың маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 5619 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз