Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ү дыбысы мен әрпі


Ү дыбысы мен әрпі

Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;

Дамытушылық: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, сауаттылығын арттыру;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, білімге ұмтылуға баулу, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, іздену, ойландыру, шығармашылық тапсырмалар

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, құстардың, олардың мекендерінің суреттері, кеспе әріптер, Үү әріптерінің жазба түрі

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.1 Кіріспе сөз: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз еркше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық (5-слайд) Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! 2.1. Психологиялық дайындық Сыныбымыз тап - таза Борда дайын тақтада Денемізді жинақтап Отырайық партаға

ІІ Тірек білімдерін белсендіру: - Біз өткен сабақта қандай әріппен және дыбыспен таныстық? - Ө қандай дыбыс? - Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі? «Бөпешім» өлеңін жатқа сұрау.

«Адасқан буындар» ойыны.

Екі бағандағы буындарды бір-бірімен сәйкестендіріп, сызықпен қосу. Бұ лын Ө зау Көр быз Қо нер Құ пе ІІІ Жаңа сабақ:

3.1. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

3.2. Ойын: “Құстарға қамқорлық” Құстардың суреттері ілулі тұрады. Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар оқып, құстарды өз мекеніне орналастырады.

Мысалы, үйректі аулаға, үкіні талдың бұтағына, қарлығашты сарайдың шатырына тб.

- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

- Күзде кейбір құстар не істейді?

- Ал қыстап қалатын құстарды білесіңдер ме?

- Оларға қалай қамқорлық жасауға болады?

- Күз келіп, салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Себебі қыста жемдері азаяды, тоңады. Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет. Өйткені құстар - біздің досымыз

3.3. Ү әрпі мен дыбысын меңгерту. - Ал, балалар, мен мына құстардың ішінен мына екі құсты (үйрек, үкі) бөліп аламын. Неліктен олай еттім деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл құстардың аты ү әрпінен басталады

- Қане бәріміз ү дыбысын айтайық. Ү қандай дыбыс екен?

Оны қалай білдіңдер?

3.4. «Үкі, үйрек» сөздеріне талдау жасау. Текшелерді бояу. 3.5. Оқулықпен жұмыс: 1)бағандағы сөздерді оқушыларға тізбектей оқытып, мағынасын түсіндіру. Ү кі кү ріш түл кі жү рек Үй рек кү міс күл кі кү рек Үй шік кү шік түй ме жү зік

2) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. (Қарлығаш) Сергіту сәті: - Бір, екі, үш, Қарлығаш боп ұш. Төрт, бес, алты, Қыран болып шалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Орныңа қон.

3.6. Үү әрпінің жазба түрімен таныстыру:

• Әріптің элементтерін көрсету;

• Тақтаға жазып көрсету;

• - Қай әріпке ұқсайды? Айырмашылығы неде? Ал оларды ү мен ұ дыбыстарының қандай айырмашылығы бар?

• Ауада жазу;

• Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті: «Қол шапалақ» ойыны. Оқушылар ү дыбысы бар сөздер айтқанда қол шапалақтайды, ал ү дыбысы жоқ сөздер айтылғанда шапалақтамайды.

ІҮ Қорытындылау кезеңі:

Ойын: «Жасырынған сурет» Үйректің суретін төртке бөліп, сыртына сұрақтар жазып қоямын. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, суретті ашады.

Сұрақтар:

1. Дыбыс пен әріп деген не?

2. Әріптерден не құралады? Буыннан не құралады?

3. Сөздерден не құралады?

4. ү қандай дыбыс? Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Ү Мақтау, мадақтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Ұ дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3524 | Қосты: Айбасова Күміс Маралқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык