Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 7806 |
|
|
|
Ер есімі – ел есінде
Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, оқушылардың елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалім: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те Гитлер әскері тұтқиылдан шабуыл жасады. елінен «соғыспау» туралы жазылған шартын опасыздықпен бұзды. Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен Отанды қорғау соғысы басталды., халық қолына қару алып майданға аттанды. «Біздің ісіміз - әділ, жау талқандалды, біз жеңіп шығамыз» деген үндеу жолданды. Ақыры біз жеңіп шықтық! Қазақстандықтар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды.
Берлинге дейін барды Қазақстанда жасақталған бес дивизия гвардиялық деген құрметті атақты иеленді.
Естідім-ау, жеңіс үшін,
Дүрілдейді көк пен жер,
Қуанышпен қағып күлім,
Ойнақтайды қуанған ел.
Шықты ойнақтап жас ұландар,
Мәз мейрам боп күліп сақ-сақ,
Қуанышты барлық жандар,
Жеңіс атты жетті алтын шақ.
Бекзат: Гитлершілер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 93700-дей танкты, 50 мыңдай қару-жарақ пен минометті шабуылға шығарды.
Мұғалім: Балалар, осынау сұрапыл соғысқа Кеңес одағының басқа да республикаларымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн. 870 мың қазақстандық болған. Біздің халқымыз Ә.Молдағұлова мен М.Маметованың жау «жолбарысына» кірпік қақпай қарсы шапқанын мақтанышпен айтады.
Рамазан: Даламыздың даңқысын
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін
Жанып түскен шоқ жұлдыз.
Ринат: Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан
Сенің балғын бейнеңді,
Жасап қойдым мәрмәрдан.
Арайлым: Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметы «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жалын.
Мұғалім: Халқымыз Москваны қайсарлықпен қорғаған 28-панфиловшы батырларды әрқашан құрметпен есте сақтайды.
Асар: Отанымның жүрегі –
Москва – ұлы шаhарым,
Жау жақындап келгенде,
Қауіп үске төнгенде,
Бұрынғыдан мың есе
Арта түссін қаhарың.
Стас: Кетпес олар естен мәңгі
Кектері тұр кеудемізде
Ерлік даңқы – жеңіс таңы,
Жарқыратып келді бізге.
Мұғалім: Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
Джамиля: Ұлы жеңісті жақындата түсу үшін жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан жасақтарында 3000-нан астам жерлестеріміз шайқасқан еді.
Насихат: «Ата жаумен шайқастық» (Ж.Жабаев).
Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме,
Шапты фашист дегенде,
Ашуменен аралас,
Жыр да келді көмейге,
Қаhар келді денемде,
Көз жібердім мен де елге.
Хор: «Ақ көгершін»
Арайлым: Қаhарлы күндер өтті арпалыста,
Құныққан қан құмарлар қанша қысса.
Мызғымай болат құрған армиямыз,
Бір адым бастырмады алты ай қыста.
Хор «Ақ көгершін»
Рамазан: Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.
Асар: Оқ борады күні-түні,
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақ Тоқтаров.
Стас: Отанға жақаптады,
Опасыз жаулар топталды.
Қасиетті жер үшін
Әлия, Мәншүк, Төлеген
Жаулардың көзін жойды олар.
Бекзат: «Көк түтінге көмемін деп, көгімді,
Ес жидырмай еземін» деп, елімді
Келді фашист, жеңе алмады бірақ та,
Бақыт үшін қаншама қан төгілді
Мұғалім: Ер есімі – ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер азаматтар ешқашан естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германия жеңіліп тынды.
Ринат:Жеңіс келді адамға
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Джамиля: Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып көк бойлап.
Мәре-сәре, мәз мейрам,
Десеңдер бұл қай күн? 9 Мамыр күні!
Көрініс: «Соғыс»
(Бомбылар жарылып жатты. Ағасы Әлияны алып кетуге келді).
- Сапура, Әлия жиналыңдар, жол жүреміз, эвакуацияға барамыз.
- Мен ещқайда бармаймын. Ол менің де туған қалам. Біз осында келгенде, Ленинград бізді кең құшағын жая қарсы алды. Осында тұрып, көп нәрселерге үйрендік! Ал енді қаламыз осындай қиын жағдайға душар болғанда біз қалай кетеміз? Жоқ, мен қай кезде де Отанымды қорғауға дайынмын, қолыма қару ұстап, керек болса жаудың алдынан да шығамын.
Сапура: Әлия! Барайықшы бірге, Ленинградты бомбылап жатыр, айналамызда адамдар қайтып жатыр.
Әлия: Міне сондықтан, ленинградтық балалардың қайтып жатқанын көргесін, достарымның қанын көргесін мен ешқайда бармаймын. Өз қаламды қорғауға шығамын.
Мұғалім: Иә. бұл жеңіс оңайлықпен желген жоқ. Ұлы отан соғысына қатысқандар: Ә.Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті. (1 мин. еске алу)
Насихат: Жеңіс күні!Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг үстінде Р.Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді.
Бекзат: 8 мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
Хор: «.......................................»
Мұғалім: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұланы.
Хормен: БОЛМАСЫН, СОҒЫС БОЛМАСЫН!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |